Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды


жылы Қазақстан Республикасының аумағында болған өндірістік және тұрмыстық өрттер



бет3/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
работа

2018 жылы Қазақстан Республикасының аумағында болған өндірістік және тұрмыстық өрттер

Жедел деректер бойынша 2018 жылы 14477 өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1011 адам зардап шекті, оның ішінде 401 адам қаза болды. Материалдық залал 3107,3 млн. теңгені құрады.


2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өрттердің саны 6,3% -ға өсті, зардап шеккендер саны 2,2%-ға кеміді, қаза болғандар 11,9%-ға кеміді, материалдық залал 36,4%-ға қысқарды.



Есепті кезеңде өрт санының кемуі Оңтүстік Қазақстан облысында 89 оқиғаға, Алматы облысында 37 оқиғаға байқалады.


Өрт кезінде адамдардың қаза болуы мына облыстарда: Шығыс Қазақстан 18 адамға, Алматы 10 адамға, Қарағанды 9 адамға, Қостанай 8 адамға, Оңтүстік Қазақстан 7 адамға, Батыс Қазақстан 5 адамға, Ақтөбе және Атырау 4 адамға және Астана қаласында 5 адамға қысқарды.
Өрт санының өсуі мына облыстарда: Павлодар 326 оқиғаға, Ақмола 152 оқиғаға, Шығыс Қазақстан 145 оқиғаға, Қостанай 125 оқиғаға, Батыс Қазақстан 118 оқиғаға, Жамбыл 113 оқиғаға, Ақтөбе 109 оқиғаға, Солтүстік Қазақстан 64 оқиғаға, Қызылорда 44 оқиғаға және Астана қаласында 74 оқиғаға, Алматы қаласында 30 оқиғаға ұлғайғаны байқалады.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуы мына облыстарда: Ақмола және Жамбыл 8 адамға және Алматы қаласында 5 адамға өсуі тіркелді.
Өрт кезінде адамдардың қаза болуының негізгі себебі олардың мас күйде болу болып табылады - есепті кезеңде 165 адам (40,8%).
Өрттер туындайтын негізгі объект тұрғын үй секторы болып отыр, бұл барлық өрттердің 67%-ын құрайды, 14,8%-ы көлік құралдарында, 3,8%-ы ормандарда, 3,1%-ы сауда кәсіпорындары, 3%-ы басқа ашық аумақтарда (алаңқайлар, жол жиектері, көшелер және т.б.), 2,5%-ы өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда болады.
2019 жылмен салыстырғанда емдеу-профилактикалық мекемелерде өрттің пайда болуы 37%-ға, салынып жатырған объектілер және құрылыс аландары мен әкімшілік-қоғамдық ғимараттарда 11%-ға, спорттық мекемелерде 10%-ға, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарда 5%-ға, сауда кәсіпорындарында 1,5%-ға төмендеді.
Сонымен қатар өрт санының шалғынды далаларда, шалғындықтарда, жайылымдарда 2,2 есеге, ормандарда 2,1 есеге, балалар мекемелерінде 44%-ға, білім беру мекемелерде 32%-ға, мәдени-көріністік мекемелер мен қойма ғимараттарында 28%-ға, монша-кір жуатын кешендерде 18%-ға, басқа ашық аумақтарда 13%-ға, тұрғын үй секторында 9%-ға, ауыл шаруашылық объектілерде 2%-ға өскені байқалады.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттің пайда болуының негізгі себебі: шамамен 37%-ы отты абайсыз пайдалану, 22,8%-ы электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану қағидасын бұзу, 12,9%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, 11,9%-ы қасақана өртеу болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында төтенше жағдайлар саны өсуінің алдын алу мақсатында өртке қарсы тақырыптар бойынша 42672, оның ішінде 2299 телевизия арналары, 7696 баспа басылымдары және 32677 радио арқылы сөз сөйлеу болды.
Өрт қауіпсіздігі саласында шаруашылық жүргізуші объектілер мен тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді, бұл ретте 17452 объектінің, оның ішінде 556 өнеркәсіптік объекті мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және 16896 әлеуметтік-мәдени объектілерінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді. 74934 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 14380 тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 13690 лауазымды тұлғаларға 280 млн. 229 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет