Жоғарыда айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы мен өзектілігін айқындайды



бет6/15
Дата30.11.2022
өлшемі2.16 Mb.
#466083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
работа

1.2. Қонақ үй кешенінде өрт тәуекелін төмендету бойынша инженерлік-техникалық және ұйымдастыру кешеніне және өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеу әдістемесіне негізгі ықпалдар

Өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеулерді жүргізу реті туралы “Өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеулерді жүргізу ережесі” бекітілген[2].


Көрсетілген ережеге сәйкес өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеулер өрт тәуекелінің есептік мәнін өрт тәуекелінің нормативті мәнімен салыстыру жолымен жүргізіледі. Өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі [28,29]. Бүгінгі таңда өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау әдістемесі бекітілген:

  1. «Функционалды өрт қауіпті ғимараттар жабдықтары және құрылыстарының түрлі сыныбында өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау әдістемесі»

  2. «Өндірістік нысандарда өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау әдістемесі» Қоғамдық, әкімшіліктік және тұрғын үйлер үшін өрт тәуекелін есептеу «Функционалды өрт қауіпті ғимараттар жабдықтары және құрылыстарының түрлі сыныбында өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау әдістемесіне» сәйкес жүргізіледі. Кез-келген қорғау нысанының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмін 3-ші суретте келтірілген схема түрінде құрастыруға болады.

3-ші суреттен келіп шығатыны, қорғау нысанының өрт қаупін талдай отырып, біріншіден берілген нысанға тән барлық өрт тәуекелін анықтау және талдау керек, одан кейін олардың ағымдағы мәнін бағалау, барлық өрт тәуекелі үшін рұқсат етілетін мәнін анықтау керек. Осыдан кейін әрбір тәуекелді басқару технологиясы мен әдісін жасау немесе таңдау керек, оларды қолданып, қорғау нысанының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бұл жалпы схема әрбір өзінің кезеңінде толықтырылуы мүмкін. Әкімшіліктік ғимаратта өрт тәуекелін бағалау:
а) ғимараттың өрт қаупін талдау;
б) өрт қауіпті жағдайдың іске асу жиілігін талдау;
в) оның дамуының түрлі сценарийі үшін өрттің қауіпті факторының өрісін тұрғызу;
г) оның дамуының түрлі сценарийі үшін адамға өрттің қауіпті факторының әсерінің салдарын бағалау;
д) ғимараттың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің болуы негізінде жүзеге асырылады.
Өрт тәуекелінің есептік шамасын анықтау ғимараттың қызметкері және келушілері үшін жеке өрт тәуекелін есептеуден тұрады. Жеке өрт тәуекелінің сандық өрнектелуі адамға өрттің қауіпті факторының (ары қарай ӨҚФ) әсер ету жиілігі болып табылады. ӨҚФ тізімі техникалық регламентте көрсетілген. ӨҚФ әсер ету жиілігі өрт қауіпті жағдай үшін анықталады, ол ғимаратта болатын адам өмірі мен денсаулығы үшін ең үлкен қауіппен сипатталады. Ғимараттағы, жабдықтағы және құрылыстағы жеке өрт тәуекел ғимараттың, жабдықтың және құрылыстың шығу жерінен ең алшақ нүктесінде жеке адамның орналасуы кезінде жылына мәнінен аспауы тиіс.

Сурет 3 - Нысанның өрт қауіптілігін талдау


Әлеуметтік өрт тәуекелін бағалау бойынша есептеуді жүргізген кезде 10 және одан астам адамның өліміне әкелетін өрттің қауіпті факторының әсері нәтижесінде адам тобы үшін қауіптілік дәрежесі есепке алынады. Нысан маңындағы селитебті аймақта болатын адам үшін өндірістік нысандағы қауіпті өрт факторының әсерінің әлеуметтік өрт тәуекелі мәні жылына аспауы тиіс. Кәсіпорындар мен мекемелердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізіне біріншіден ұйымдастыру шаралары жатады. Ол одан кейін қорғау нысанның өртке қарсы қорғау нақты жасалынған жоспары бойынша техникалық іске асады (кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігі шарасы туралы техникалық тапсырма, бұйрық және нұсқаулықпен сәйкес). Ұйымдастыру шаралары кәсіпорында өрт қауіпсіздігі шарасын жасаудан тұрады (бұйрық, нұсқаулық, ереже, т.б.) Ғимараттар мен жабдықтың өртке қарсы қорғаудың кешенді жүйесі 4-ші суретте келтірілген.


Өртті болдырмау жүйесі келесілерден тұрады:
- жанғыш ортада тұтану көзінің түзілуін болдырмау;
- тотықтырғыштың енуін шектеу немесе болдырмау;
- газ ортасын бақылаудың жүйе тармағы;
- ғимарат пен жабдықтың найзағайлдан қорғау жүйе тармағы.


Сурет 4 - Ғимараттар мен жабдықтың өртке қарсы қорғаудың кешенді жүйесі


Өртке қарсы пассивті қорғау жүйесі келесілерден тұрады:


- бас жоспары бойынша өртке қарсы техникалық шешім;
- отқа тұрақтылық- көлемдік- жоспарлау шешімі;
- өртке қарсы кедергі бойынша техникалық шешім;
- жарылысқа қарсы қорғау бойынша өртке қарсы техникалық шешім;
- түтінге қарсы кешенді қорғау;
- оттан қорғау бойынша өртке қарсы техникалық шешім;
- эвакуациялық жолдар мен шығыс бөлігінің конструкциялық және жоспарлау шешімі;
- өрт сөндіру мақсаты үшін сыртқы сумен қамту бойынша техникалық шешім;
- энергиямен қамту бойынша өртке қарсы техникалық шешім.
Белсенді өртке қарсы қорғау жүйесі келесілерден тұрады:
- өрт туралы автоматты анықтау және хабарлау жүйе тармағы;
- телевизиялық бақылау жүйе тармағы;- эвакуацияны басқару және хабарлау жүйе тармағы;
- апаттық- құтқару қызметінің телефондық және радиобайланыс жүйе тармағы;
- кешенді өртке қарсы қорғауды басқару жүйе тармағы;
- сумен өрт сөндіру жүйе тармағы;
- көбікті өрт сөндіру жүйе тармағы;
- техникалық бөлмені автоматты газды өрт сөндіру жүйе тармағы;
- автоматты ұнтақты өрт сөндіру жүйе тармағы;
- аэрозольды өрт сөндіру жүйе тармағы;
- өрт сөндірудің роботты қондырғысы.
Ұйымдастыру – техникалық шаралар жүйесі келесілерден тұрады:

  • Жұмыс өндірісімен құрылысты ұйымдастыру жобасының бөлім тармағы;

  • Белсенді өртке қарсы қорғау жүйе тармағын автоматтандыруды бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • Белсенді өртке қарсы қорғау жүйе тармағын пайдалану бойынша нұсқаулық;

  • Белсенді өртке қарсы қорғау жүйе тармағын тестілеу мен сервистік қызмет көрсету регламенті;

  • Үстемелі желдетуді;

  • Тартпа желдетуді;

  • Өртті жою, оқшаулау, дамуына әсер ететін тіршілікпен қамтудың инженерлік жүйесі;

  • Қызметкердің іс – әрекеті және өрт қауіпсіздік шарасы туралы нұсқаулық;

  • Ерікті ұйым мен өрт – техникалық комиссия құру;

  • Өрт қауіпсіздігі туралы өкімдік құжаттар.

Шұғыл бөлімшелермен өртті және ТЖ жою жүйесі келесілерді құрайды:

  • Өрт сөндірудің шұғыл жоспары;

  • Адамдарды құтқару жоспары;

  • Адамдарды құтқарудың қамтамасыз етудің техникалық шешімі мен құралдары;

  • Табысты сөндіруді қамтамасыз ету үшін техникалық шешім мен құралдары;

  • Өртке қарсы қызметтің шұғыл бөлімшелерінің басқа апаттық және шұғыл қызметпен өрт сөндірудің шұғыл жоспарына сәйкес өзара әрекеті [45]. Мүліктік мүдделер сақтандыру механизмін қолданумен қорғалуы тиіс, бұл дамыған шетелдердегі сияқты осы немесе басқа конструкция мен материалды қолдану бойынша өртке қарсы талаптар біріншіден адамды қорғауға бағытталған тек мемлекеттік нормативті құжаттармен реттелмейді, сонымен қатар қызметі материалдық құндылықты сақтау мен ғимараттың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сақтандыру компанияларымен реттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет