Жол жүрісі туралы


Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын алу үшін жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды



бет4/4
Дата28.06.2016
өлшемі1.41 Mb.
#163685
1   2   3   4

1. Механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесі халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын алу үшін жергілікті атқарушы органға өтініш береді және оған мынадай құжаттарды:

1) халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті;

2) жеке тұлғалардың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылға көлік құралы салығын төлегенін немесе оны төлеуден босатылу құқығын растайтын құжаттарды;

3) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының көшірмесін қоса береді.


2. Жергілікті атқарушы орган құжаттары қоса беріліп отырған өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралы мен оның тіркемелерінің иесіне халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын береді.

3. Осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралы мен оның


тіркемелерінің иесіне бас тарту себептерін көрсете отырып, халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатын беруден дәлелді бас тартуды жазбаша түрде жібереді.

4. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.

5. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты жоғалған немесе бүлінген кезде көлік құралы иесінің халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын алуға құқығы бар.

Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын алу үшін көлік құралы иесі жергілікті атқарушы органға өтініш береді және халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсынады.

Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының жоғалған немесе бүлінген бланкісі жергілікті атқарушы органға оның жоғалғаны немесе бүлінгені туралы өтініш берілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.

6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазбасы бар халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын береді.

7. Көлік құралы иесі халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беру үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті ұсынбай өтініш берген жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзімде халықаралық техникалық қарап тексеру сертификатының телнұсқасын беруден жазбаша нысанда бас тартады.

8. Халықаралық техникалық қарап тексеру сертификаты техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көрсетілген мерзімге сәйкес келетін мерзімге беріледі.


91-бап. Техникалық қарап тексеру операторларының құқықтары

мен міндеттері

1. Техникалық қарап тексеру операторлары:

1) техникалық қарап тексеру орталықтарының өндірістік үй-жайы мен аумағының мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

2) біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін қызметкерлерге міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуге рұқсат беруге;

3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;

5) қарап тексерілген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтерді электрондық түрде есепке алуды жүзеге асыруға;

6) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттарды (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстыру, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілгендерге сәйкес келмейтін белгілері бар көлік құралдарын техникалық қарап тексеруге ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлауға;

7) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер беруге;

8) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органды техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы күнтізбелік бес күн ішінде хабардар етуге;

9) жергілікті атқарушы органдардың келісуімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін жасауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.

2. Техникалық қарап тексеру операторларына:

1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін, уәкілетті органмен келісілмей ауыстырылған нөмірлік агрегаттары (шасси, шанақ) бар, сондай-ақ белгіленген талаптар бұзыла отырып, қайта жабдықталған, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері жоқ көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге;

2) міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тартуға;

3) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу шарттарын өзгертуге;

4) көлік құралының иесінен міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.

92-бап. Міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және

өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау


1. Техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін сақтауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


14-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
93-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын

бұзғаны үшін жауаптылық


Жол жүрісі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
94-бап. Айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін, жол

жүрісі саласындағы қызметтен келтірілген зиян үшін жауаптылық

1. Жеке және заңды тұлғалардың жол жүрісі саласындағы қызметі айналасындағыларға жоғары қауіптілік төндіретін қызметке (жол жүрісі саласында тәуекелдері бар ұйымдар, көлік құралдарының иелері және тағы басқалар), ал көлік құралдары мен жолдар жоғары қауіптілік көзіне жатқызылады.

2. Қызметі жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар жоғары қауіптілік көзінен келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.


95-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24,
338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23,
142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24,
148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23,
114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1,
4-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 17 сәуір

№ 194-V ҚРЗ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет