Жоо-да оқитын студенттердің білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың дидактикалық шарттары


Мектепке дейін білім беру жүйесінің бағдарламалары



бет16/16
Дата24.08.2022
өлшемі6.07 Mb.
#460023
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Балажанова ЖБ портфолио

Мектепке дейін білім беру жүйесінің бағдарламалары
Кешенді бағдарламалар, олар баланы дамытудың барлық бағыттарын қамтиды (дене, әлеуметтік-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, эмоционалдық-еріктік және т.б.). Парциалды бағдарламалар, олар баланы дамытудың бір немесе бірнеше бағыттарын қамтиды (көркемдік-эстетикалық, экологиялық, экономикалық және т.б.). Кешенді бағдарламалардың мысалы ретінде М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын» алуға болады; Л. А. Парамонованың, А. И. Давидчуктің «Бастаулар»; Т. Н. Доронованың «Кемпірқосақ»; В. И. Логинованың, Т. И. Бабаеваның және т.б. «Балалық шақ»; М. Сәтімбекованың «Балбөбек» және т.б. алуға болады.Парциалды бағдарламалардың мысалы ретінде Р. С. Бурованың «Дружные ребята»; Н. А. Рыжованың, Р. Б.Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Наш дом - природа»; Т. С. Комарованың «Красота. Радость. Творчество»; Р. Б. Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Основы безопасности детей дошкольного возраста»; С. А. Козлованың «Я - человек» және т.с.с.
Мектепке дейінгі мекемеде тұтас педагогикалық процесс бір кешенді бағдарламамен немесе бірнеше парциалды бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.
Әр технологияның зерттеуші авторы болады дегендей, дамыта оқыту технологиясының авторлары:
В. Давыдов, В. Занков, В. Эльконин, П. Эрдниев. Бұл технологияның басты мақсаты: баланың жалпы жан дүниесіне, оның сезіміне әсер етіп, логикалық ойлауын дамыту және сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті — оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесе отырып жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді шешу, түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет 3 бөліктен тұрады:
Оқу мақсаттарының қойылуы
Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру
Шешудің дұрыстығын дәлелдеу
Бұл үшеуді Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Көп жылдар бойы өз тәжірибемде дамыта оқыту технологиясының төмендегі әдіс-тәсілдерін қолданып келемін:
«Ой қозғау» әдісі — (немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу.
Ассоциация» әдісі — бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы: жалпы сөз «Отбасы»: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, т.б. 
Ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – «Салыстыру» әдісі. Бұл тәсілдің басты мақсаты: объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялы, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артады.
Дамыта оқытудың мектеп жасына дейінгі балалар үшін тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі — «Раунд – Робин» әдісі. Бұл әдіс өткен тақырыпты немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін өте қолайлы. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не білетінін бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай, түгел айтып шығуы тиіс. Мысалы: «Гүлдер» тақырыбында Гүл — өсімдік, гүл — әдемі, гүлді жұлуға болмайды, гүл — хош иісті, т.с.с 
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет