Жоспар бет Кіріспе 3



бет2/12
Дата30.05.2024
өлшемі4.07 Mb.
#502132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отчет Ая. docx111

1.Кәсіпорын сипаттамасы

  • Даму тарихы

  • Табиғи жағдайлары, орналасуы.

  • Қауіпсіздік ережелері

ТОО “Thomi's Pastry” өндіріс орны Алматы қаласы, Алмалы районы, Төле би көшесі 136 мекен жайында орналасқан. Меншік нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.

Сурет 1. Thomis Pastry логотипі

Thomi's Pastry 1999 жылдың басында құрылған. Швейцариядан арнайы шақырылған кондитер кондитерлік өнімдерді дайындаудың батыс технологиясын енгізді. Батыстық технология бойынша кондитерлік өнімдерді дайындаудың ерекшелігі - бұл талғампаз дәмді сақтай отырып, төмен калориялы ингредиенттерді пайдаланып, өнім ұсыну. Торттарды жасау үшін жаңа піскен жемістер мен жидектер қолданылады. “Thomi's Pastry” кондитерлік фабрикасы кондитерлік өнімдерді дайындауда ең заманауи технологиялық әзірлемелерді пайдалануға мүмкіндік беретін ең жаңа жабдықтармен жабдықталған.


Жұмыс тәртібі 7:00-ден 19:00-ге дейін. Ұсынылған қызмет түрлері: кондитерлік және ұннан жасалған өнімдерді өндіру және сату.


Сурет 2.Кондитерлік цех

Кондитерлік цех ҚНжЕ II талаптарына сәйкес орналасқан.


Кондитерлік цехтың схемасы кондитерлік өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің дәйектілігіне сәйкес және шикізат пен дайын өнімдердің қиылысу ағынының ықтималдылығы өте төмен орналасқан.
Кондитерлердің жұмыс орындары орындалатын өндірістік операцияға және дайындалатын өнім түріне сәйкес нақты ұйымдастырылған.
2.Қауіпсіздік ережелері

Сурет 3.Қауіпсіздік ережесі

Өндіріс орнына кірер алдында әр жұмысшының бас киімі, жеңі ұзын халаты немесе арнайы киімі болуы міндетті.Бұл жайлы ескерту цехке кірер есікте көрсетілген.


Сонымен қатар өндіріс орнында жұмыс жасағанда ең алдымен әр-бір адам өз қауіпсіздігіне аса көңіл бөлуі қажет.Егерде қандай да бір жарақат алса (дене мүшесін кесіп алса немесе күйік шалса), немесе өзін жайсыз сезінсде өндірістегі медициналық орталыққа барып жүгіне алады.


Сурет 4.Инвентарь

Барлық жабдық таза ұсталады, жұмыстан кейін ыстық сумен және тазалағыш сұйықтықпен мұқият жуылады. Инвентарь кем дегенде 65 градус ыстық сумен шаю арқылы дезинфекцияланады.



Сурет 5.Өндіріс орны (дайын өнімді безендіру аймағы)

Өндірістік үстелдер тегіс, берік, тот баспайтындай етіп жасалған. Әрбір өндірістік операциядан кейін олар ыстық сумен, ал жұмыс күнінің соңында - тазалағыш сұйықтықпен қосылған сумен жуылып, шайылады.




Сурет 6.Ыдыс жуу орны

Қолданғаннан кейін електер, сүзгіш дәке, кілегейге арналған кондитерлік пакеттер жуғыш заттар қосылған ыстық сумен мұқият жуылады. Содан кейін оларды шайып, 15 минут қайнатып, кептіруге жібереді. Кондитерлік қаптарды қайнату және сақтау үшін арнайы таза таңбаланған ыдыстар пайдаланыланылады. Инвентарлар мен ыдыстарды жууға арналған щеткалар мен жуғыштар күн сайын жуғыш заттармен мұқият жуылып, 10-15 минут қайнатылып, кептіріліп, арнайы бөлінген жерде сақталады.


Тауарлар мен ыдыстарды жуу мен ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін бұзу дайын өнімнің микробтық ластануына, соның салдарынан тағамнан улану мен ішек инфекцияларының пайда болуына себеп.

Өндіріс орнындағы дайын кілегей, кремдерді сақтауға арналған бірқатар ережелерді атап өтсек:



  • кілегей өнімдерін микробтық ластанудан қорғау - оларды дайындау және өңдеу үшін тоңазытқыштармен жабдықталған бөлек бөлмелерді тағайындау;

  • 17 градустан аспайтын температурада кремдерді дайындау және торттар мен кондитерлік өнімдерді әрлеу процесін жүргізу;


Сурет 7.Өндірістік тоңазытқыштар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет