Фото-есеп
Қорытынды
Қорыта айтқанда кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам.. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады.
Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады.Ал біз өндірістік тәжірбені “Thomis Pastry” өндіріс орнында өттік.
Өндірістік тәжірибені өту, оқу бағдарламасының негізгі элементтерінің бірі болып есептелінеді. Әсіресе, тәжірибе арқылы көзбен көріп жасағанда көбірек нәтиже береді. Біз тәжірибе барысында кондитерлік ұнды өнімдерінің ассортиментері және жасалыну технологиясымен толықтай таныстық.Өндіріс орнының жұмысшыларының бақылауымен, кезектесе барлық өнімдерді өзіміз де дайындап, пісу процессін бақыладық.Әр дайын өнімге көзмөлшерлік сапа бойынша баға бердік. Оқу тәжірибені өту арқылы мен жаңа мәліметтер алып және де өзіме болашаққа қажетті тәжірибе жинадым.Осы тәжірибем алдағы уақытта өз жемісін береді деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Мулдабекова Б.Ж. М 78 Кондитер өндірісінде қолданылатын шикізаттарғасипаттама: Оқулық. – Алматы: 2016 ж. – 325 бет.
2.Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы: ЖОО арн. оқу құралы/ Т.Баяхметов, С.Т. Жиенбаева, Б. Ж. Мулдабекова және т.б.- Алматы, 2015.- 53 бет
3. Күрделі нан - тоқаш, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді дайындау және дайындау үрдісін ұйымдастыру: оқулығы орта кәсіби білім мекемелерінің студенттеріне арналған/ Ю.Бурчакова, С. В. Ермилова – М.: «Академия», баспа орталығы, 2015 – 384 б.
4. Нан-тоқаш өнімдерін, ұн мен кондитерлік өнімдерді дайындау [Электронный ресурс] : оқу құралы / С. В. Ермилова. - PDF. - М : Академия, 2016. - 336 б.
5. 1. Кузьмина,Н.В. Кондитер цехы жабдықтары : Оқу құралы / Н. В. Кузьмина, Е. С. Жексенова. - Астана : Фолиант, 2010. – 88б
7. Кондитер өндірісінің технологиясы:Оқулық /Дайрашева С.Т., Байысбаева М.П., Изембаева А.К., Рустемова А.Ж.\ Алматы: АТУ баспасы, 2018 жыл 458 бет.
8.Нан-тоқаш өнімдерін, ұн мен кондитерлік өнімдерді дайындау: оқу құралы / С. В. Ермилова. - PDF. - М : Академия, 2016. - 336 б.
9. Приготовление хлебобулочных, мучных и кондитерских изделий : учебник для студ. учреждений сред. проф. образования / С. В. Ермилова. — М. : Издательский центр «Академия» 2014. — 336 с
10. Кондитер өндірісінде қолданылатын шикізаттарға сипаттама. Оқулық / Б. Ж. Мулдабекова. - Алматы : Роза, 2016. - 325 б
Достарыңызбен бөлісу: |