Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Ресей Бас штабының полковнигі



бет5/7
Дата09.04.2024
өлшемі36.68 Kb.
#498065
1   2   3   4   5   6   7
Документ (2)

Ресей Бас штабының полковнигі - Қиыр Шығыстың, Кавказдың, Қазақстан мен Орта Азияның белгілі зерттеушісі, Ресейдің жекелеген аудандары мен Азия, Африка, Латын Америкасы елдері бойынша көптеген тарихи-географиялық және этнографиялық еңбектердің авторы, Орыс географиялық қоғамының ғылыми хатшысы М.И. Венюков (1832-1901) болды. Оның, негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей әскери баспасөзінде жарық көрген қүнды мақалалары: "Орта Азиядағы далалық жорықтар туралы естеліктер", "Азиядағы орыс шекараларының Әскери шолуына арналған материалдар. Жонғария" және т.б. мен іргелі монографиялары: "Азиядағы орыс шекараларының әскери шолуына арналған тәжірибе", "Ресей мен Индия аралығында жатқан елдердің саяси этнографиясының очерктері" Қазақстан тарихының тақырыптарына арналған. М.И.Венюков 1860 ж. Қазақстан жерлерінде топографиялық түсірулер үшін астрономиялық жөне геодезиялық тірек пункттерінің орнын таңдап алу мақсатында белгілі бір жер бедерін алдын ала байқау және зерттеу жүмыстарын жүргізді. 1860 ж. ол бұл өңірдің қүрылысын планға, картаға түсіретін топографтар тобын басқарып келді. Оның көлемді Қазақстанға арнаған жүмыстарында Ұлы жүз қазақтарына, оньң ішінде, шекарада көшіп жүрген казақтарға арнаған мәліметтер баршылық еді.
М.И.Венюков шолудың әдебиеттер көрсеткішінде оның зерттеулеріне негіз болған Қазақстан мен Орта Азия туралы жазған 60-тан аса авторларды атады. Олар Иакинф, К.Риттер, Ш.Уәлиханов, А.И.Левшин, А.Вамбери, Г.Н.Потанин және басқа да зерттеушілер. Ғылыми-зерттеу экспедицияларының есеп берулері де пайдаланылды.
Қазіргі кездегі Қазақстан зерттеушілері үшін автордың жергілікті жерлердегі тікелей топографиялық ізденістері, жеке бақылаулары, жергілікті халықпен үнемі қарым-қатынаста болуы, оларға сұрақтар қойып, алған жауаптары құнды дерек болып табылады.
Әр учаскені шолудың едәуір бөлігі халықка арналған, әрі бұл бөлімдерде Қазақстанның көп бөлігінің этнографиялық картасы ғана жасалып коймай, жергілікті халыктың тұрмысы, үлттық дәстүрлері, кәсібі суреттеліп, оның әртүрлі топтарының өлеуметтік-экономикалык сипаты беріледі.
М.И.Венюков барлык учаскелер бойынша әр халықтьң санын көрсете отырып, үлттық құрамы бойынша таблицалар келтіреді. Жоңғар учаскесі бойынша таблица мынадай көрсеткішті берді: қырғыздар - 580000, қалмақтар - 320000, маңғол-чахарлар - 89000, таранчылар — 3900, татар мен сарттар - 4700, дүнгендер - 5500, қытайлықтар - 3500, орыстар - 35000 .
Бөкей (Ішкі) ордасының жағрафиялық және шаруашылық-статистикалық анықтамасын П.Лидведский жасады. 1865 ж. "Ресейдің географиясы мен статистикасы үшін Бас штаб офицерлерінің жинақтаған материалдарының" он сегізінші томында Л.Мейер Орынбор ведомствосының Қырғыз даласының әскери-статистикалық шолуын жариялады, ал 1891 ж. Ф.И.Лобысевичтің "Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы",- деген еңбегі жарық көрді.
Сырдарьяның сағасы мен Сырдарья облысының Шымкент уезі мен Арал теңізі жағалауының өсімдіктерінің суреттемесін белгілі географ А.Маюдеев пен ботаниктер Д.Литвинов, З.А.Минквиц жасады .
Қорыта айтқанда, революцияға дейінгі орыс тарихнамасы Қазақ жерінің жағрафиялық зерттеуінде көптеген жетістіктерге жетті. Әрине бүл зерттеулердің Ресейде Қазақстан туралы мәліметтердің жиналуына маңызы зор, бірақта, негізінен, бұл ізденістер Қазақстанды отар ретінде пайдалану үшін жасалған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет