Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) құрылуы (1845-1926)



бет4/7
Дата09.04.2024
өлшемі36.68 Kb.
#498065
1   2   3   4   5   6   7
Документ (2)

Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) құрылуы (1845-1926)
Орыс географиялық қоғамы 1845 жылы Петербургте құрылды. Оны құрушы бастамашылар арасында Ф.П.Литке, Ф.П.Врангель, К.И.Арсеньев, академик К.М.Берг, В.И.Даль, В.Я.Струве, барлығы 17 ұйымдастырушы кемеңгер ғалымдар, теңізшілер мен саяхатшылар болды. 4 бөлімі жұмыс істеді: Жалпы география, Ресей географиясы, Ресей статистикасы және этнографиясы. География қоғамының құрамына негізгі бөлімдерден басқа ерекше комитеттер мен комиссиялар болды.
1859-1861 жж. саяси-экономика және шаруашылық-статистикасы мәселелері бойынша саяси-экономикалық комитет, 1870 жылы метрологиялық комитет, ал этнография бөлімінде «ертек комиссиясы» т.б. құрылды. 1851 жылдары Сібір филиалдары, Омбыда - Шығыс-Сібір, Тифлисте-Кавказдық, 1897 жылы Орта Азиялық (алғашқыда Түркістандық), 1872 ж. ашылған Киевтегі Оңтүстік-Батыс филиалын көп ұзамай өкімет жауып тастады.
Өкімет географиялық Қоғамға бақылауды қамтамасыз ету үшін олардың төрағалары етіп тек патша тегінен сайлады. Алғашқы төраға ұлы князь Константин Николаевич, соңғысы ұлы князь Николай Михайлович (1890-1917). Шын мәнінде қоғамның ғылыми жетекшісі сайламалы төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшы болды (Ф.П.Литке -1845-1850, Муравьев М.И.-1857-1873, Семенов Тянь-Шанский -1850-1857, Шокальский Н.М.- 1873-1914).
Я.В.Ханыковтың бастамасымен жалпы география бөлімшесі Қазақ даласының "алфавиттік түсінік берілген" жаңа картасын жасауды шешіп, оған қажетгі материалдарды жинастыруға кірісті.
Дарынды орыс географы және картографы Я.В.Ханыков (1818-1862) он бес жыл бойы дерлік Қазак даласын, Жетісу мен Орта Азиялык Қос өзен бассейнінде жатқан елдерді зерттеумен айналысты. 1839 жылы ол "Орынбор өлкесінін жағрафиялық шолуы",- деп аталатын алғашкы ғылыми еңбегін жазды, онда автор қазактар туралы статистикалык және картографиялық мәліметтерді пайдаланды.
Бұдан кейінгі жылдары Ханыков көбінесе картографиялык және баспа жұмыстарымен айналысгы. Ол "Кіші және Ішкі орда қырғыздарының жерлерінің картасын" (1845)мен "Хиуа хандығы мен Арал теңізінің картасын" (1851) жасады. Екінші аталған картаға ол өте ерте кездегі хабарламалардан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейінгі орыс адамдарының Арал теңізін зерттеу тарихының мәліметтері бойынша күрделі "Түсініктеме жазуларын жазды .
Я.Ханыков, М.Тевкелевтің, В.Гладышевтің, И.Муравиннің, М.Поспеловтың еңбектерін, сонымен қатар К.Миллердің картасын баспаға дайындап, алғысөз жазды. 1848ж. "Ресей империясының әскери-статистикалық шолуының" 14-ші томының бірінші және екінші бөлігінде әскери тарихшылар Г.Ф.Генс, В.М.Васильев және И.Ф.Баламбергтің редакциясымен Орынбор губерниясының шолуы жарияланды.
1848-1849 жж. Арал тенізін қағазға түсірген А.И.Бутаковтың (1816-1869) экспедициясы кызғылықты мәліметтер жинады. Бұл экспедицияны әскери мекеме үйымдастырғаны шындык, бірақ оның ғылыми нәтижелерін Орыс географиялық қоғамы жариялады.
А.И.Бутаковтың ғылыми қызметі айтарлықтай маңызды. Ол Арал теңізін суреттеп, дәл картасын жасады, Арал маңын табиғи-географиялық түрғыда зерттеді, Аралда пароход шаруашлығын негіздеді (1852), Сырдария мен Әмударияның навигациялық-гидрографиялық (1853-1863) суреттемесін жасады. Ғылым жолында Отанға шексіз беріліп қызмет етудің жарқын көрінісін көрсете отырып, ғалым-саяхатшы өз өмірінің он бес жылын Қазақ даласында өткізді.
XIXғ. 60 жж. Жетісуға Ресей офицерлері А.Ф.Голубев, М.И.Венюков, А.П.Проценко(1863), М.Путинцев(1865), В.А.Полторацкий (1867) саяхат жасады.XIX ғ. 60-жж. Қазақстанның Ресейге толық қосылуы аяқталып, Қазак жері Ресей империясының ішкі отарына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет