Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі (



бет7/7
Дата09.04.2024
өлшемі36.68 Kb.
#498065
1   2   3   4   5   6   7
Документ (2)

Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі (1902 жылы 13 сәуірде ашылған)
Далалы өлкені ғылымның сан-саласынан зерттеудің негізін қалаған ең алғашқы Семейдегі қоғамдық мекеме Облыстық санақ комитеті 1878 жылы құрылды. Ғылыми хатшысы Е.П. Михаэлис басшылығымен зиялы қауым шоғырланған бұл мекемеге өлке туралы ресми мәліметтермен қатар «міндетті емес жұмыстар», өлкені тарихи, геграфиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жасау жүктелді.
Санақ комитеті Шығыс Қазақстан, Семей өлкесінде жүргізген зерттеулерінің нәтижесін «Памятная книжка Семипалатинской области», «Обзор Семипалатинской области» басылымдарына жариялап отырды. Онда Ф.К. Зобниннің «К Вопросу о невольниках – рабах и тюленгутах в Киргизской степи» мақаласы, Ә .Бөкейханның, В.Д. Коцовскидің, В. К. Фон Гереннің т.б мақалалары жарияланған. В.П.Никитиннің «Исторической очерк Семипалатинской области», В.И. Маевскийдің «Ботовская ярмарка» мақалаларын кітапхананың сирек қорындағы «Памятная книжкалардан» оқуға болады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай өлкенің қоғамдық өмірінің тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста болып, Санақ Комитетіне 1886ж.4 мамырында мүше болып тіркелген туралы Семей қаласы Абай атындағы кітапхананың сирек қорында сақтаулы «Памятная книжкалардың» 1897, 1900 жылғы басылымдарнда бағалы мәлімет бар (Семейдің Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы және өлкетану мұражайы 1883 жылдың қыркүйегінде ірге көтеруіне саяси жер аударылған демократтарға қарыздар).
1902 жылдың сәуірінде құрылған Орыс Императорлық Географиялық қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің Санақ Комитеті негізін қалаған өлкені Е.П.Михаэлис,Н.Я.Коншин, Б.Г.Герасимов,ағайынды Белослюдовтар ж.б.ғылыми еңбектерінде зерттеген. Академиктер С.Ф.Шокальский, А.П.Карпинский, В.А.Обручев құрметті мүшелері болған. Семей Географиялық бөлімшесінің жұмысына орыстың атақты жиһангер ғалымдары Семенов Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, В.В.Сапожников, А.Н.Седельников үлес қосқан.
Ш.Уәлихановтың досы, қазақ халқының мәдениеті мен ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, саяхатшы, фольклоршы Г.Н.Потанинің қазақ өлкесін зерттеуге қосқан үлесі зор. Ш.Уәлихановтың кеңесімен Орта жүз, Ұлы жүз қазақтарының және жоңғарлардыңРесеймен қарым-қатынасы жайлы тарихи деректермен, мұрағат құжаттарымен танысқан. 1875 жылы Г. Н. Потанин профессор К. А. Иностранцевтің Қырымға жасаған саяхатына қатысып, 1876 жылы ұзаққа созылған өз отаны Сібір өлкесі мен оған шекаралас Азия елдерін зерттеуге кіріседі. Ол Семей облысы Зайсан уезіне, тарбағатайға, Солтүстік Батыс Моңғолияға, Ішкі Қытай, Шығыс Тибетке өзінің әйгілі бірнеше ғылыми саяхатын жасайды. Бұл саяхаттар Г.Н. Потанин есімін Азияның әйгілі зерттеушілері қатарына жеткізді. География ғылымы Г.Н.Потаниндей бір ғылым саласы шеңберінде шектеліп қалмаған ірі ғалым-зерттеушіге ие болды.
Ә.Бөкейхан Г.Н.Потанинге арнап1913жылы «Қазақ газетінің 15-ші санына жариялаған мақаласында: «Осы келер жаз Потанин Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын өзені бойына барады. Июнь басында «Қоянды» жәрмеңкесінде болады. Тоқырауында жаздай жатып, қазақты аралап көрмекші, қазақтың ертегі, жұмбақ, мақал, ескі жақсыларының сөзін жимақшы»,-деп жазды. Бүкіл саналы ғұмырын Шығыс Қазақстан өлкесінде өткізіп,қазақ өркениетінің дамуында айшықты із қалдырған Евгений Петрович Михаэлисті замандастары егер ол таза ғылым жолын қуса, екінші Менделеев болары сөзсіз еді деген.
Е.П.Михаэлис С-Петербург университетінің жаратылыстану факультетінде оқып жүріп студенттік толқуларға қатысқаны үшінПетропавл қамалына, кейіннен Тобыл губерниясының Тара қаласына айдалады. Тек 1869 жылы Семейге еркін қоныс аударуға рұқсат алып, облыстық басқармаға қызметке тұрған ол қазақ халқының әдет-ғұрпы,салт-санасымен танысып, Ертіс жағасын, Алтайды,Тарбағатайды,Зайсан табиғатын зерттеуді басты мақсат еткен. Ол Санақ Комитетінде қызмет ете жүріп, қаладағы алғашқы мәдениет ошақтары қоғамдық кітапхана мен өлкетану мұражайының ашылуына ұйтқы болып, музейдің археологиялық бөлімінің негізін қалаған.
Михаэлис Абайға ең алғашқы іздену, шығармашылық қалыптасу кезеңінде жол нұсқаушы, Ресей мәдениетінің хабаршысы есепті болды. Сондықтан Ұлағатты ұстазы болған оны Абай өмірінің кейінгі шағында: «Дүниеге көзімді ашқан кісі - Михаэлис»,- деп ризашылықпен еске алып, жол нұсқап, басшылық жасағаны үшін алғысын білдіріп отырған. Михаэлис өзі де көшпелілер әлемінен зор ынтамен көп нәрсе үйреніп, білді. Абай арқылы Шығыс мәдениетімен сусындап, далалықтар дипломатиясы сырына қаныққан.
Е.П.Михаэлис Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөліміне 1880 жылдан мүшелікке қабылданып, кейіннен Семей бөлімшесіне мүше қызметкер ретінде тіркелген. Қазақ елінде өткізген жарты ғасырдан артық ғұмырын ол қызықты зерттеулер жасап, халық игілігі үшін жұмсады.
1857 ж 27 ақпанда П.П.Семеновтың ұсынуымен 22 жасар Ш.Уәлиханов Императорлық Орыс Географиялық қоғамына мүшелікке сайланды. 1858-1859 жж. Ш.Уәлиханов Еуропа ғалымдары үшін есігі жабық Қашқарияға барып, бүкіл Алтышаһардың жағдайы туралы ғылыми құнды мәліметтер жинады.Ержүрек саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы, географ, тарихшы, этнограф, фольклорист, патриот, қазақ халқының ардақты ұлы Ш.Уәлихановтың ғылымдағы орны ерекше.
Әдебиеттер тізімі:
1. Бартольд В.В. Орта Азия түркі халықтарының тарихы бойынша он екі лекция. Жетысу тарихының очерктері. - М., 1968. –Т.2.
2. Чулошников А.П. Басқа түркі тайпаларымен жалпы тарих тағдырына байланысты қазақ-қырғыз халықтарының тарихы бойынша очерктер.- 1 бөлім. -Орынбор, 1924.
3. Плано Карпини және Гильома де Рубруктың шығыс елдеріне саяхаты /Саяхат, жаңа жерлерді ашу, оқиғалар сериясы. – Алматы: Ғылым, 1993.
4. Сүлейменов О. Көшпелілер және мәдениеті // Парасат.-1966.-№5.-2-5 б.
5. Жүнісбекұлы Б. Құзырыңа құлдық мәдениет// Ақиқат.-1993.-№7.- 66 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет