Жоспар: Кіріспе



бет4/13
Дата12.06.2023
өлшемі73.75 Kb.
#474972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
курсовая 1 (Автосохраненный)

Жалпы тұрғыда:

  • бойға дарыту;

  • машықтандыру жолдары;

  • ойға қондыру;

  • жаттығу әдістері.

Ұлттық тұрғыда:

Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы- әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Жалпы алғанда руханилық – тек адамдарға тән маңызды қасиет, бірақ руханилық білімділікпен шектелмейді. Адам өзін және басқаны тану барысында руханилық қасиеттерді дамытады және өз күшіне сеніп, өз ақылына жүгінгенде ғана өзіндік үйлесімділікте өмір сүре алады. Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің мақсатының бірі де адамдарды осы өзіндік үйлесімдендірілуі болып табылады.
Әрбір халықтың, адамзаттың тарихи даму процесі, олардың тіршілігіндегі, өміріндегі педагогикалық тәжірибелері, болашақ ұрпақ, бала тәрбиесіне көзқарасы, сонымен қатар халық мәдениеті, рухани мәдениеті, сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің этнопедагогика ғылымында алатын орны бар.
Көне наным-сенімдердің, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың шығу тегі, идеялық мәні аса күрделі. Олардың тамырын тарихи-этникалық тұрғыдан қарастырғанда танып-білуге болады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының негізінде қалыптасқан имандылық ұғымын адам бойындағы құндылық дүниесінің негізі деп қарастыруға болады.
Оқу орындарының оқу тәрбие жүйесінде халықтық педагогика материалддары және ерте кездегі жазба мұралары, орта ғасырлық ғұламалардың және Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды ағартушылардың мұралары арқылы адамзаттың жан дүниесін байыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрге, ғұрыпқа сүйіспеншілікпен қарауға баулу, жеке адамның имандылығын, иманжүзділігін қалыптастыруға болады. Жоғары мектеп оқытушысының алдында тұрған мақсат, жалпы адам қоғамы жинақтаған имандылық, адамгершілік, мораль нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін, тәрбиелілікті (қарапайымдылық, өзара түсінушілік, кеңпейілділік, келешекке сенушілік, төзімділік, т.б.) студенттердің бойына сіңіру.
Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер баланы жауапкершілікке, білімділікпен қатар рухани-дүниетанымдық, адами-құндылық қасиеттерінің жоғары деңгейде тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал, қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болумен қатар, сол баланың ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ.
Олай болса, этнопедагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесімізді қосу, ары қарай өз деңгейінде дамыту баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпауымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет