Жоспар: Кіріспе


Отбасының педагогикалық мәдениеті және оның тәрбиелік потенциалы



бет6/13
Дата12.06.2023
өлшемі73.75 Kb.
#474972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
курсовая 1 (Автосохраненный)

2.2. Отбасының педагогикалық мәдениеті және оның тәрбиелік потенциалы
Қоғамдық жаңғыру кезінде Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті-бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатады. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын көрсетуде.
Отбасында ата-ана өзінің баласын қандай адам етіп тәрбиелеуді өздері алдын-ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда баланың аз да болса өзіндік өмір тәжірбиесі, әдет дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескерілетіні бар. Көптеген ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде қоғамдық мекемелердегі тәрбие қаншалықты ғылыми негізде болса да баланың дамып қалыптасуына отбасы тәрбисінің ықпалының аса пәрменді болатынын көрсеткен. Бұлай болуының басты себебі – отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатында екені тағы белгілі. Алайда кеңес одағы кезіндегі идеологияға байланысты отбасы тәрбиесі адам өміріндегі басты кезең емес, керісінше, оның құны төмендеп, қоғамдық тәрбиеге ерекше мән берілгені белгілі. Сол себепті кеңес одағындағы азаматтардың өмірі туған күннен бастап алдын-ала жоспарланатын, балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік орта оқу орындары, жоғары мектеп, т.б. баланы отбасында емес, мектепте тәрбиелеу, оқыту арқылы ұйымдастыру бағдарламалары жасалып жұмыс жүргізіле бастады.
«Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деді. Сонымен қатар, Абай өзінің «Оныншы сөзінде» қазақтың үй ішіндегі тәлім тәрбиесін сынға алды. «Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға салып, жөнсіз, жағымсыз мінездерге баулиды, әуелі балаңды алдайсың әне оны берем, мұны берем» дегендерін сөгеді.
Баланы жасынан ғылымға, оқуға үйір қылып тәрбиелеуді дұрыс дейді. Абай ескі феодалдық санада тәрбиеленіп, жастарды бұзып жатқан теріс тәрбиеге қарсы шығып, жас нәрестені таза сақтауы, халықтың бала тәрбиесі жөніндегі бай тәжірбиесінің үлгі-өнегесіне сүйенуді дұрыс деп санады.
«Ата-анаға көз қуаныш ...» атты өлеңінде бала тәрбиесі, ата-ананың өз ұрпағына сүйіспеншілігі, оған артар міндеті, күтер үміті туралы сөз етеді.
Абай өлеңінде әрбір ата-ананың баласын мәпелеп, еркелетіп өсіретінін, олардың тәлім-тәрбиесіне айрықша мән беретінін баяндай келіп, егер бала жасынан отбасы, ошақ қасынан аса алмай, үйкүшік, жасық болып өссе, онда әке-шеше еңбегінің зая кететінін, үміт-арманының орындалмайтынын айтады.
Сондықтан ақын жас ұрпақты жаңалық атаулыға үйір, талантты, жігерлі болуға, қатарынан қалмауға, масыл болмауға шақырады, елін, жерін сүйер, ата-анасын, туған-туысқанын сыйлар жақсы азамат қылып тәрбиелеуді басты шарт деп санады.
Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке – отбасын асыраушы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы.
Егер ата-ана тарапынан тәрбие дұрыс берілсе, оны балалар дұрыс қабылдайтын болса, онда мұндай тәрбие баланың жақсы адам болып шығуына жағдай жасайды. Отбасында ананың рөліне үлкен мән берілетіні белгілі. Ананың балаға деген шексіз махаббатын мынадай өлең жолдарынан байқауға болады:
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын,
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін,
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін, - дей отырып, баланың ең жақын ақылшы адамы «ана» екенін көрсеткен.
Отбасы тәрбиесінің жас ұрпаққа ететін ықпалы өте зор, оны өмірде басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазақ халқының бала тәрбиесі туралы тәжірибесін жинау, оны дұрыс пайдалана білу бүгінгі күннің несібесі. Қазіргі заманда халықтық салт-дәстүрді пайдалана отырып, баланы кішкентайынан дербес әрекет жасай білуге, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуден бастау керек.
Бала жастайынан үлкенді сыйлап, өзінен кішіге жәрдем етіп, үй жануарларына қамқорлық жасап, оларды күтіп бағуға араласуы, ілтипатты адам болып өсуіне ықпал жасайды. Ата-аналар, ұстаздар балаға үнемі ұлағатты сөздер айтып, өзін ұстап, ізеттілік көрсету керектігін түсіндіріп отырғандары жөн. Балаға үнемі үлгі-өнеге көрсету арқылы олардың бойында жақсы дағдылар қалыптастырып, сәлемдесу, сөзін бөлмей тыңдау, қонақты қарсы алу, т.б. мәселелерді тек жай сөз арқылы емес, іс арқылы орындауын көрсетіп жатса қуанарлық жағдай.
Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде, отбасы – адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйспеншілік сыйлайтын негізгі орта. Сондықтан, бүгінгі күні отбасының мәні, отбасының тәрбиелік рөлі арта түсуде. Әр уақытта «отбасы», «туған үй» адам үшін ең басты ұғымдардың бірі болып келген.
Баланың тағдырына ықпал ететін отбасысының тәрбиелік потенциалы мол болған сайын, басқа тәрбие институттары оған тең келмес.
Ресей елінің ғалымы Л.Д.Столяренко отбасы тәрбиесіне төмендегідей анықтамалар берген:
«Отбасы – өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік, педагогикалық адамдар тобы.»
Ал, педагогикалық энциклопедия сөздігінде былай делінген:
«Отбасы – бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдына моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар кішігірім әлеуметтік адамдар тобы.»
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесі теориясына қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөнінде «Ата-аналар кітабы» және «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» балаларды отбасында тәбиелеу жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. Бұл еңбектер ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық үгіт жұмысынан бастап, оны өрістетуге және бүкіл тәрбие жұмысының құлаш жаюында ерекше рөл атқарады. «Отбасы – өте үлкен және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді» -деді А.С.Макаренко.
А.С.Макаренконың пікірінше, отбасы тәрбиесіне керекті басты жағдайлар: отбасындағы еңбектің дұрыс ұйымдастырылуы, дұрыс құрылған тәртіп, ата-аналарды отбасындағы басқа мүшелерінің арасындағы сүйіспеншілік және сыйлау, ата-аналармен ересек отбасы мүшелерінің шын беделінің болуы. Ал шын беделге негіз болатын жағдайлар: отбасындағы ересектердің өздерінің азаматтық міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарауы, балаларға дұрыс, ретімен сүйіспеншілік білдіруі және талап қоя алуы. Сөйтіп, Макаренконың көрсетуінше, отбасындағы тәрбие жұмысының шын мәні балалармен сөз, үгіт жүзінде қатынас жасауды емес, отбасы мен балалар өмірін дұрыс ұйымдастыруда.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана беделінің маңызын дұрыс түсінбеу және оны қолдану тәсілдерін психология-педагогикалық тұрғыдан зерделей алмауы салдарынан отбасы тәрбиесінде жаңсақтықтар кетіп жататыны бар.
Халқымыз: «Беделдің келуі қиын, кетуі оңай», ал жалған бедел жақсы атақ әпермейді,-дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бедел-қадір, құрмет, абырой, атақ-даңқ деп осыған орай, мұнда беделі сақталады, бедел салды, қадірін, абыройын бетке ұстады, беделі артты, атақ-абыройы жоғарылады, беделін көтерді, абыройы артты, құрметке бөленді, даңқы шықты немесе беделін төкті, беделін түсірді, беделді, сыйлы, құрметті деп келтірілген. Қарап отырсақ, осы сөздердің барлығының педагогикалық астары бар.
Отбасы тәрбиесіне қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, ата-аналар арасында жүргізілген нақты практикалық материалдарды зерделей келе, «педагогикалық шарт – баланы жақсы ой, жайдары мінез, пайдалы істерге жетелеп, еліктететін жағымды педагогикалық жағдай» - деп ұйғардық. Демек, отбасы тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз, балаға тәрбиелік ықпал ету үшін ата-ана және басқа да отбасы мүшелері тарапынан жасалған жағымды жағдайлар. Ол отбасының материалдық, рухани ахуалын қамтиды деп анықтама беріп, оларды төмендегідей сипаттамаға келтіруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет