Жоспар: Кіріспе


Тәрбиенің тұжырымдамалық негізі



бет9/13
Дата12.06.2023
өлшемі73.75 Kb.
#474972
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
курсовая 1 (Автосохраненный)

2.4. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізі
Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.
Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады. 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді. 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері адамгершілігі жоғары, білімді, өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларына, қағидаттары мен міндеттеріне сүйенеді. Дәл осы аспектіде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруды, оқыту мен тәрбиені, оқыту мен тәрбие кеңістігін неғұрлым сапалы, әрі тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін технологияның, тәрбиелеу әдістемелерінің жаңа білім беру қағидаттары жетілдірілді. Тәрбие, оқу, білім беру және ақпараттық қызметтік құзыреттілікті қалыптастыруда шектелген пәндік өнімдік қызметпен сәйкес келуі керек.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда практикалықжетекшілікке алуға болатын, шетелдік және отандық тәрбие тұжырымдамалары бар.
Тәрбиенің гуманистік жүйесіқатаң талаптағы бағдарламалар, бірқатар реттілік, әкімшілік талаптарға немесе ұжымның моральдық абыройына бағынатын баланың тұлғасы қайшы келеді.
Тәрбие процесін жүйелі құру тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың басты идеясы: адамның барлық шынайы күшін анықтау және жетілдіру (адам өзін-өзі дамытушы және өзіне қатысты барлық жағдайды жасаушы). Тәрбие берудің негізін адамда жағымды қасиеттер, жоғары танымдық қажеттіліктер мен қылықтар тудыратын жалпы адами құндылықтар (Адам, Отбасы, Еңбек, Мәдениет, Отан, Жер, Бейбітшілік) құрайды.
Бала тұлғасын қалыптастырудың жүйелік-рөлдік теориясының тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: жеке тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік құндылықтардың мұрагерлік және көбейтудің әлеуметтік механизмінің арқасында жүзеге асады. Әлеуметтік құндылықтар-бұл алдыңғы ұрпақтың тәжірибесінен алынған өмірдің ақиқаты. Олардың мұрагерлері адамның белгілі бір әлеуметтік рөлде өз белсенділігін көрсетпестен және осы үдерістің табысты өтуін педагогикалық қамтамасыз етпестен мүмкін емес
Тәрбие тұжырымдамасы баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие адамның дамуы үшін жағдай жасау бойынша мақсатты іс-қимылды көздейтін әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті болып табылады. Мұндай жағдайларды жасау баланы оқудағы, қарым-қатынастардағы, ойындардағы, практикалық әрекеттердегі әлеуметтік қатынастардың түрлі түрлеріне қосу арқылы жүзеге асырылады.
Баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компонент ретіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: тәрбие берудің өзі адамның дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетті болжайтын әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті болып табылады. Аталған жағдайларды жасау баланы оқуда, қарым-қатынас жасауда, ойында, практикалық әрекеттерде әлеуметтік қатынастардың әртүріне қатыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Лайықты адамға сай өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасы. «Лайықты адамға сай өмір салты» – бұл әлемге, өзінің әулетінің қасиеттеріне, шындыққа, адалдық пен сұлулыққа ұмтылу қатынасын басшылыққа алатын адамның тұрмысы. Тұжырымдаманың негізгі ұстанымдары: тәрбие берудің өзі баланың өмір сүруге және өз өмірін лайықты Адамға сай саналы түрде құру қабілетін дамытуда қазіргі заманғы мәдениеткебетбұрысын кәсіби-педагог ұйымдастырған мақсатқа бағытталуы мүмкін.
Баланы мәдениетті тұлға ретінде тәрбиелеу тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: мәдени-тәрбиелі тұлғаны тәрбиелеу. Құрылған тұжырымдаманың негізі мәдениетті адамға сай келетін – мектептің қамқорлығы мен тәрбие мақсатынегіз болатын жалғыз пәнретінде ХХІ ғасыр бейнесініңбағдары алынды. Аталған бейне ұлтаралық, конфессияаралық қақтығыстардыңбейбітпроцесі ретінде көрініс тапты.
Баланың және оның даму процесіне педагогикалық қолдау көрсету тұжырымдамасы. Басты идеясы: мектептер және олардың педагогикалық ұжымдары әлеуметтендіру қызметінғана атқарады, олар баланың жекешеленуін тым нашар қамтамасыз етеді. Бұндай процесс ретінде педагогикалық қолдау көрсетілуі керек. Бұл ретте педагогикалық қолдау көрсетілу – баланың дене бітімі мен психологиялық денсаулығына, әлеуметтік және экономикалық жағдайына, оқудағы жетістіктеріне, мектеп ережелерін қабылдауға; іскерлік және тұлғааралық тиімді коммуникацияларға; өмірлік, кәсіби, этикалық (өз тағдырын өзі шешу) таңдауымен байланысты жеке мәселелерін шешуде алдын ала және жылдам көмек көрсету болып табылады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: адам тұлғасын қалыптастырудағы басты рөл өзін-өзі дамыту процестеріне беріледі. Оқушыға ықпал ететін негізгі сыртқыәсерлердің (сонымен қатар тәрбиелік) негізгі бағыттары және оның дамуыәрбір жас кезеңінде қолдау көрсету және ынталандыру, сондай-ақ өздігінен дамуға қажетті құралдармен қамтамасыз ету бала тұлғасын өзін-өзі дамыту сатысына жеткізу үшін қажетті процесс болып табылады.
Адамның қажеттіліктері негізіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі идеясы: адамның өздігінен өзгеруінің ішкі тетіктеріне сүйену. Тәрбие беру бұл оқушының базалық қажеттілігін қамти отыра:
1) шығармашылық қызметте болуы;
2) денсаулығының жақсы болуы;
3) қорғалған, қауіпсіз болуы;
4) құрметпен, мойындау, әлеуметтік статусқа қажетті болуы;
5) өмірі мәнді болуы;
6) өзін-өзі жетілдіре білуі (өз бетінше өмір сүруде);
7) рақаттана, әсер алатын педагогтің психологиялық педагогикалық жағдай негізіне бағытталған қызметі болып табылады.
Оқушы жастардың ұлттық сана-сезімін дамыту тұжырымдамасы.
Тұжырымдаманың негізгі идеясы: Қазақстан жастарыныңұлттық өзін-өзі тануды дамыту, ұлттың зияткерлік пен бәскеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған көп ұлтты мемлекет ретінде этникалық тұрғыдан (этникалық, этномәдени тәрбие), азаматтық тұрғыдан (көпмәдениетті, азаматтық тәрбие) және жалпы ұлттық сәйкестендіруді (зияткерлік тәрбие) жүзеге асырылуы керек.
Қазақстан Республикасының Білім мазмұны тұжырымдамасында және Білім туралы Заңында: осы негізде әр халықтың тарихы, ұлттық дәстүрлері бүкіл адамзат мәдениеті дамуымен диалектикалық бірлікте қарастырылып, ол мектептегі білім, тәрбие мазмұнын жаңартудың қайнар көзі бола алады,- деп көрсетілген. Бұл құжаттарда айтылғандай, білім, тәрбие мазмұнын жаңартпайынша, қоғамды жаңарту мүмкін емес. Себебі, қоғамның алға басуы жас ұрпақты білім, тәрбие арқылы дамытуға, жаңаша ойлауға, іскерлікке үйретуге байланысты делінген. Құжаттардағы аталған пікірлерге орай, қоғамды дамытатын жас азаматтың жеке тұлғасы жан- жақты жетілген, іскер, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін, ана тілін игерген, жаңа жағдайда, білімді өздігінен түсініп, бағалай, талдай алатын болуы керек. Сонымен бірге өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтазар, өмірдің әрқилы кезеңдеріне дербес еңбек етуге даяр ұрпақты қалыптастырудың бір жағы білім мазмұны арқылы іске асса, екінші жағы тәлім-тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. Сондықтан «Білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында» білім мазмұнын қазіргі ғылымның құрылымына сәйкестендіру, оқу тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылық ойлауы мен өздігінен еңбек етуіне, білуге үйрету, дүниені дұрыс тануға, жалпы азаматтық мәдениетті бойына дарыту көзделіп отыр.
Сонымен, оқыту ісін жастардың белсенді ақыл- ой еңбегі саналы іс- әрекеті негізінде ұйымдастырса, тәрбие процесін ғылыми- тәжірибелік бағытта, ұлттық психология, сана-сезім, мінез-құлықты қалыптасыру негізінде ұйымдастырған абзал.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамтыу, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.

  • Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге (қағидаттарға) сүйенеді:

  • Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және жүзеге асыруда жүйелі қолдану.

  • Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту.Тұлғалық-бағдарлы көзқарас білім алушының оқу процесінде өзінің өмірлік іс-әрекеттерін және тұлғалық болмысын жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуына бағытталған.

  • Қызметтік қөзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі ұстанымына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді. Сол немесе өзгеде қызметтің тиімділігі тұлғаның дербестік дәрежесіне, шығармашылық белсенділігіне, қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне және өзін-өзі өзгертуге әзірлігіне тәуелді.

  • Жүйелілік-тұтастық көзқарас. Жүйелілік және тұтастық «тұлға өзін басқаларға тұтас феномен ретінде көрсетеді және әр жеке мінез-құлық жағдайында әлемге (қоғамға, басқа адамдарға, өзіне) қатысты өзінің тұлғалық көзқарас жүйесін құрастырады. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретіндегі тұлғаның тұтастығы жалпы педагогикалық процесте және оның барлық субъектілерінің (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағыныштылығын көрсетеді.

  • Аксиологиялық тәсіл. Аксиологиялық (құндылықты) тәсіл тұлға адамзаттың ең жоғары құндылығы болатын, барлық гуманистік тұжырымдамалардың негізі болып табылады. Аксиологиялық тәсіл – тәрбие рухани-адамгершілік дәстүрлерге, сонымен қатар ұлттық және әлемдік мәдениетке негізделуі тиіс деп бекітеді.

  • Этнопедагогикалық тәсіл тәрбиені ұлттық этникалық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толықтыруды, барлық азаматтардың ана тілін үйренуге және ана тілінде сөйлеулеріне, өз ұлтының салт-дәстүрлерін зерделеуге жағдай жасауды көздейді.

  • Этномәдени тәсіл ұлттық білім алушы тұлғасының тәрбиесі ретінде (өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін зерделеу және меңгеруді этникалық әлеуметтену қажетті шарт ретінде)қарастыруды көздейді. Ол басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін білуге қызығушылық тудырумен; жалпыазаматтық құндылықтарды меңгерумен, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау білігін және дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланыста болуы тиіс.

  • Көпэтникалық, көпмәдениеттілік тәсіл. Аталған тәсілдің мақсаты –үйлесімді тәрбиелеу, шынайы-позитивті, рухани-адамгершілік (этносқа қарамастан) қатынастар, әлемдік мәдени мұра мен шетел тілдерін меңгеру, көпмәдениетті білім беруді және этносаралық толеранттылықты дамыту; -көпұлтты және көпмәдениетті ортада әртүрлі ұлт, нәсіл, діни наным-сенімді ұстанатын адамдармен бейбіт әрі келісіммен өмір сүре алатын, жоғары түсінікке ие және басқа мәдениеттерді құрметтей алатын, белсенді және жақсы өмір сүруге қабілетті тұлға тәрбиелеу; -олардың көзқарасына, мінез-құлқына, әдетіне, өзара құрметке ұмтылуда байқалатын әртүрлі қызығушылықтар мен ешбір қысым көрсетпей, түсіндіру мен құрмет көрсету әдісін қолдана отырып көзқарасты түсіну мен келісуде этникалық, ұлттық немесе мәдени қатынасына қарамастан басқа адамдарға шыдамдылықтанытумен сипатталатын этносаралық толеранттылықты (тұлғаның моральдық қасиеті) дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет