Жоспар: Кіріспе



бет7/13
Дата12.06.2023
өлшемі73.75 Kb.
#474972
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
курсовая 1 (Автосохраненный)

Бірінші, ата-ана отбасы тәрбиесіндегі алға қоятын мақсатын анықтап алғаны жөн. Бұны баланың болашақ кәсібімен ғана байланыстыру жаңсақ.
Жақсылықтың үлгі-өнегесін көрсету ата-ананың жағымды ықпал етуінің екінші педагогикалық шарты.
Бұны болашақтан үміті бар әр ата-ана өзінен бастауы керек. Айталық, отбасылық тәртіпті жүзеге асырудан бұрын, тәртіптің не екенін және тәртіпті адам қандай болатынын мың ауыз “мылжың” сөзден гөрі ісінен көрсетсе ғана, балалардан және басқалардан тәртіпті талап ету қажет.
Үшінші, арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата-аналар аздап болса да, осы ілімнен хабардар болуға ұмтылғаны абзал. Бұл отбасы тәрбиесінде баланың мінез-құлық ерекшеліктері, ішкі жан дүниесі, қалауы мен сұрау талаптарын тура таңдап алуға көмектеседі. Бұл ретте педагог ғалымдар, баланың сұрау талаптарын қанағаттандырудың мөлшерден аспауын талап етеді, әйтпегенде, шегінен шығып кетсе, пайдадан зияны көп болатыны психология-педагогикалық әдебиеттерде айтылып келеді.

Төртінші, ата-ана беделін орынды пайдалану.
Бесінші, отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт-дәстүрі.
Жалпы отбасы мүшелерінің қарым-қатынас сипаты. Ол сый-құрметке, не айқай, ұрыс-керіс пен балағат сөзге құрылған ба? Міне, осының өзі-ақ отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін көрсетеді. Егер, отбасының ересек мүшелері, ата-ана ұлттыќ салт-дәстүрге құрылған тәрбие сипатын ұстанса қалт кетпейді. Мұнда береке-бірлік, сый-құрмет әр мүшеге тиісті болып, жағымды эмоциялық тыныс орнайды. Мұндай ата-аналардың болашағы нұрлы, балалары бақытты деуге болады.
Алтыншы шарт отбасы мүшелерінің бақытты болуына тура жол көрсетеді. Ол-қуаныш сезімі. А.С.Макаренко «Хотите, чтобы были хорошие дети – будьте счастливы» деген. Ал, енді, оның бақытты болу дегенін, қалай ұғыну керек? Негізгі бақыт дегенді біреу – байлық, біреу – мансап десе, көпшілік адам өзіне не жетпесе соған мол қолы жетсе, бақытты болар едім дейді. Ғалым-педагог А.С.Макаренко, өмірдің өзі бақыт дейді. Ал, бақытты болудың басы қанағатшыл болу. Барына риза болып, денсаулық пен адал еңбектің өзі бақыт емес пе?! Сондықтан, барына қуанып, отбасына да қуаныш орнату – ата-ананың үлкен бір маңызды міндеті.
Қорыта келгенде, отбасындағы бала тәрбиесінде мынадай проблемалар кездеседі: шектен тыс қамқорлық жасау, отбасының материалдық жағдайының төмендігі, ата-ана мен баланың арасындағы түсінбеушілік, қарым-қатынастың жетіспеушілігі осылардың бәрі баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Міне, осыларды жеңу үшін ата-аналар баламен тығыз байланыста болып, жастайынан тәрбиелеу керек. Олардың араласатын құрбы-құрдастарын біліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлуі тиіс. Осы айтқандарды ата-ана ұстанатын болса, онда отбасындағы проблемалар азая түсер еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет