Жоспары; Ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер


Балалар ойының ақылдылығы деген не?



бет2/7
Дата18.02.2023
өлшемі36.39 Kb.
#469748
1   2   3   4   5   6   7
Ойлау биологиялық үрдіс Толымбекова П.С

Балалар ойының ақылдылығы деген не?
Бұл сұрақтың мәні біздің сөз етіп отырған мәселеміздің негізгі мазмұнын ашып беруге тиіс деп санаймын.
Балалар психологиясының кез келген мәселесі әр тарапты, әрі күрделі, сан-салалы. Осы жайтты ескеріп, мен тек бір ғана мәселені бөліп алып, соған баса назар аударған тиімді олар деймін. Бұл мәселе баланың ойлауы мен сөйлеуі және ақыл-парасатқа қатысты мәселелердің бәрі, өздеріңіз байқап отырғандай ойлау мен сөйлеуге келіп тіреледі. Вюрцбург мектебінің бірсыпыра өкілдері ойлауды зерттегенде сөз, сөйлеу мағынаның сыртқы көрінісі немесе сыртқы жамылғысы, олйды сенімді түрде жеткізу құралы ретінде қызмет атқарғанымен, ойлаудың құрылысы мен қызмстінде ешқандай маңызы жоқ деген-ді.
Ал керісінше, бихевиористік мектептің өкілдері: ойлау дегеніміз бұл сөз, өйткені ойлаудан дағдыдан өзге сипаттарды үркітіп жіберіп, сөйлеудің өзі тұтас алғанда ойлау, ол әрекет.Сондыктан да ойлаудың белгілі жағын ғана құрап қоймай, оны толық қамтып отырады дейді.
Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы исихологиялық фактілердегі негізгі мәселе болғандықтан, біз бұл мәселеге баса азар аударайық. Өйткені біз бала сөйлеуінің дамуын мысалдармен іздестіріп көретін болсақ, біраз мәселенің сырын ашамыз. Бала сөзінің дамуы жеке сөздерді меңгеруден. одан әрі сөз іркестері мен жай сөйлем құраудан түрады да, ал сол сөздер мен сөйлемдердің мағынасын түсінулері кері жолмен дамиды.
Бала сөздерді дыбыстап айтып, сөйлем құрайды, оның сөйлемі екі сөзден, одан кейін сөйлемдері үш-төрт сөздерден құралатын болады. Сөйтіп біртіндеп баланың дыбыстан сөйлеуі өсіп, ол бірнеше жыл араға салып, құрмаалас сөйлемдер құрап, оның басыңқы, бағынынқы бөліктерін де игеріп, сөйлеуге әңгімс айтуга төселеді. Сонымен, бала сөйлеуінің дамуы ассоциация психологиясынын қағидасына орай, бала сөйлеуінің даму жолы бөліктен бүтінге қарай өрбіп отыратындығын көреміз.
Балалар психологиясында сөйлеудің мағыналық жағы оның сыртқы бедері делінген догмалық көзқарастың үстем болуы ол психологтар тарапынан жіберілген қате пікір екендігі енді анықталды. Соған орай психология оқулықтарында жіберілген баланың сыртқы болмыс жайындағы елес-түсініктерінің даму оның сөйлеуінің. даму жолымен өрістейді деген бұрынғы психологиялық қағиданың шындыққа сай еместігін көрсетеді. Баланың сөйлеуі жеке сөздерді, зат есімдерді атаудан басталып олар нақты заттарды бідіретіні сияқты, болмысты қабылдау да жеке заттарды қабылдаудан басталады деген-ді. Бұл пікірі қолдаушьшардың бірі болған В.Штерн еді. Қабылдаудағы мұнда ерекшеліктер ол және баска авторлар бұл әйгілі субстанци (заттық) немесе даму процесіндегі заттық саты деп анықталған болатын-ды. Сондай-ак бұл пікірмен қатар бала сөйлеуініңі дамып жетілуіндегі сөйлемнің екі мүшесі болып, ол өз сөзінде баяндауышты қолданады, оңда етістікті меңгереді, одан кейін сапа, қатынас пайда болады деген-ді. Бұл ерекшелікті с авторлар баланың қоршаған ортасы жайындағы түсінігімен бірге сөздін сыртқы бедерін де меңгеретін дәрежеге жетуі деп санады. Штерннің айтуынша баланың кабылдауы мен сөздерді меңгеруінде бұрыннан берілген параллелизмнің бол-атындығы туралы пікірі шындыққа жатпайтынын баса көрсетуіміз керек.
Штерн және басқа авторлардын баланың сөйлеуінде оның логикалық құрылысы мен сөздердің сыртқы жағын меңгеруінде тұрақты айырмашылық болады деген пікірін Ж.Пиаж сөйлеу мен ойлаудың ерекшеліктерін ашып көрсетуге пайдаланады. Пиаженің пікірінше сөйлеу ойдың әлеуметтенуі. Бұл Пиаже үшін негзгі шешуші фактор. Осы фактор арқылы біздің ойымызға логикалық заңдар еніп, олар баланың өзгелермен қарым-қатынасын өрістетеді. Керісінше баланың ойы қисынсыз болып, шындыққа сай келмесе, онда оның ойы сөзсіз жалаң, әрі мағынасыз болғаны.
Сонымен бұл орайда ойлаудың мағыналылыры мен ақыл дылық қасиеті бұл теорияның өзекті мәселесі ретінде қарастырылып, ойлау мен сөйлеудің арақатынасы практикалық маңызды мәселе болып саналады. Бұл мәселенің қандай деңгейде екендігі көптеген зерттеулерде, соның ішінде, орыс тілінде жарияланған еңбектерде де жеткілікті түрде қамтылған.
Мен енді өз зейінімді ойлаудың машнасы мен оның ақылдылық қасиетін қамтып, сөйлеумен байланысты болатын жақтарына аударғым келеді. Бұл мәселені Пиаже балалардың ойлауындағы логикалық ойы мен жүйесіз ойының арасы нәзік қылдай нәрсемен ажырап тұрады деп санаған Бұл мәселе балалар мен ересек адамдар психологаясың тәжірибе арқылы зерттеуде қазіргі кезде көрнекті орын алып отыр. Осыған орай бұл мәселенің мәнін жинақтап баяндау дұрыс болар деп есептеймін. „
Мәселенің басты нәтижесі – сөз арқылы ойлаудың аса күрделі және біртекті құбылыс емес екендігінде. Сөйлеудің атқаратын қызметіне қарай екі жағы бар. Бұл тәжірибе жүзінде дәйектелген. Оның бірі – қазіргі зерттеулерде сөйлеудің физикалық жағы, бұл сөйлеудегі дыбыс шығару немесе дауыстап сөйлеу. Бұл сөйлеудің сыртқы көрінісі. Екінші жағы – сөйлеудің семантикалық немесе мағыналық қасиеті. Бұл ерекшелік сөйлеуде сөздер нендей мағынаны білдіреді, нені көріп білеміз, естіп білетініміз не, оқығаннан не білдік деген сұрақтардың мағыналық жағын құрайды.
Бірсыпыра зерттеулерде сөйлеудің мұндай ерекшеліктері бірден қатарынан пайда болмаған қсиеттер, тағы да бұл қасиеттер бірін-бірі әрлей алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет