Қайталау[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қайталау – қандай да бір материал ды есте сақтау немесе жаттап алу мақсатымен бірнеше рет пысықтау. Есте сақтауға арналған тәсілдердің жетекші орындағысы ретінде пайдаланылады.
Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға әзірше белгісіз жәйтті іздестіруден туындайды. Проблемалық ситуация (жағдай) – адам ойлауының түрткі қызығы. Белгісіз, ойланып-толғануды қажет ететін құбылыстың бәрі проблемалық жағдай болып есептеледі. Мәселен, құйғытып келе жатқан машина кенеттен тұрып қалды дейік. Мұндайда шофер машинасының әр тетігін басып көріп, осы жәйттің неден болғанына ой жүгіртеді де, көп ұзамай өзіне бұрыннан белгілі нәрсенің енді жарамсыз екендігіне көзі жетіп, жаңа мүмкіндіктерді іздестіре бастайды. Сұрақ қою, оны дәл тұжырымдай білу, мәселені «ойда ұстай білу», оны дұрыс талдап, жинақтай алу, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу, жорамал жасай білу – осылардың бәрі мәселені шешуге аса қажетті шарттар болып табылады. «Ойлау», «ой», «ойлану» ұғымдары - әрқайсымыз жиі айтатын «ақыл» деген сөздің синонимі. Ойлану үшін білім керек. Бірақ, білімі бардың бәрі бірдей ақылды бола бермейді. Ақылдылық білімде тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білумен байланысты. Құрғақ жаттау, үстіртін оқу ойды өсірмейді.
Қортынды; Халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйреніп, көп оқып, оны ойға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл – егіз, ақылдылық – қымбат қасиет, оны ерекше қадір тұтқан абзал. Сөйлеу мәдениетіне жетілмейінше, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндеп айта алмайынша ақылдымын деу қиын. Алда тұрған қыруар міндеттерді шешуде адамға ақылдың сан алуан сапалары: сыншылдық, тапқырлық, ұшқырлық, дербестік, орамдылық, алғырлық, тереңдік қажет болады. Ақылдың жеке сапалары жеке-дара кездеспейді және бұлар әр адамда әр түрлі деңгейде дамиды.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Гиппенрейтер Ю. Введение в общую психологию. –М., 1987
Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999
Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. — А., 2005
Қ. Жарықбаев. Жантану негіздері. – А. 2000
Веннер Л.Н. Психические процессы. В 3-х томах. Т. 1 ЛГУ 1974
Гамезо М.В.,Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998
Достарыңызбен бөлісу: |