Негізгі ұғымдар: ойлау, сөйлеу, ойлаудың физиологиясы, сөйлеудің физиологиясы, аналогия, индукция, дедукция, ой, пікір, ой қорытындысы, сигнификативтік қызмет, коммуникативтік қызмет, ауызша сөйлеу, жазбаша сөйлеу, монологтық сөйлеу, диалогтық сөйлеу
№3 тапсырма. Ойлау ақпараттарды қайта жаңғырту.
Жоспары;
Қайта жаңғырту – өткен тәжірибені, бұрын алған білімді, тәжірибелі сезімдерді жаңартудан тұратын еске алу процесі.
1Еріксіз қайта жаңғырту
2Елестету
3Елестетудің маңызы
Еріксіз қайта жаңғырту[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғырту – мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән-күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болады. Оған адам өзінің ерік-күшін жұмсайды, арнайы әдіс-тәсілдер қолданып, бұрынғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау үрдісіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестеулерді сөзбен айтып та, пікірлер мен ой қорытындылары арқылы да тудыруға болады.
Елестету[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Елестету ес үрдісі. Біз бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаң-ғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елес деп аталады. Елестетулер жалқы және жалпы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету – жалқы, ал жалпы елестету – тектес, ұқсас нәрселерді жеке- жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер. Жалпы елестетулердің тұрақтылығы, анықтығы жалқы елестетулерге қарағанда, солғын, көмескі болады.
Елестетудің маңызы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір – елес деуге болады. Өйткені, елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың сан алуан қасиет- белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет ерекшеліктерін ғана жалпылап тануға бейімдеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |