Жоспары; Ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер



бет4/7
Дата18.02.2023
өлшемі36.39 Kb.
#469748
1   2   3   4   5   6   7
Ойлау биологиялық үрдіс Толымбекова П.С

Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мысалы, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, “жеміс” деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. 
Ойлау ой операциялармен қоса ой формаларын да тұдырады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылыадам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғымдар дара және жалпыболып бөлінеді. Мысалы, “Шымкент қаласы” дара ұғым болса, “кітап”, “адам” жалпы ұғым болады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес.
Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары бейнеленіп отырады.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі.
Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды щықпайды. Мысалы, “Барлық дельфиндер – жануар”, “Барлық металдар электр өткізеді” деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, аналогиялық.
Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мысалы, тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.
Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Мысалы, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ, оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап оттегі жоқ ауада “барлық тірі организмдер тіршілік ете алмайды” деген қорытындыға келеміз. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактілерден қорытындылар жасалады. Мысалы, Д.И. Менделеев химия элементтерінің периодтық заңын индукция тәсілімен ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет