-
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
-
Сіреспе этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
-
Түйнеме этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін, алдын алу шараларын
Ақпараттық-дидактикалық блок
Түйнеме – жалпы уыттану белгілерімен, терінің серозды-геморрагиялық және некрозды зақымдануымен, лимфа түйідерінің және жайылмалы түрде ішкі ағзаларды зкақымдайтын, жедел бактериалды зоонозды инфекция.
Этиологиясы. Түйнеме қоздырғышы – Bacillaceae туысына, Bacillus тұқымдастығына жататын, ірі спора түзетін, грам оң таяқша. Олар капсулалы және асоматикалық антигендерден тұрады, экзотоксин бөлуге қабілетті, белокты жиынтықтан тұратын және ісікті шақыратын протективті және леталды компоненттерден тұрады. Түйнеме қоздырғышының вегетативті формалары қайнатқанда және дезерітінділерге сезімтал. Көбінесе споралары шыдамды болып келеді. Олар топырақта бірнеше жылдар бойына сақталына алады. Спорацидті әсер ететін активті ерітінділерге мыналар жатады: хлорамин, ыстық формальдегид және сутегі тотығы.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі болып ауырған үй жануарлары: ірі қара мал, жылқы, есек, ешкі, қой, бұғы, түйе, шошқа. Бұл жануарларда ауру жайылған түрде өтеді. Көбінесе жиі жұғу жолы болып жанасу арқылы (ауру жануарлардың бөліндісі, терісін өңдегенде, топырақ), сирек жұғу жолы алиментарлы (ет өнімдері, су), ауа-шаң және трансмиссивті. Сібір күйдіргісінің үш түрлі ошағын анықтайды: 1) профессионалды-ауыршылық; 2) профессионалды-индустриалды; 3) тұрмыстық.
Патогенезі. Қоздырғыштың ену қақпасы болып жарақат алған тері саналады. Сирек жағдайда тыныс жолдарының кілегей қабаты және асқазан ішек жолдары арқылы енуі мүмкін. Қоздырғыштың теріге енген жерінде сібір күйдіргісінің карбункулы пайда болады (сирек эдематозды, буллезды және эризепелоидты түрлері кездеседі). Ошақты серозды геморрагиялық қабыну некрозбен, ісік (ұлпаға жабысып тұрады) және регионарлы лимфаденитпен сипатталады.Лимфадениттің дамуы қоздырғыштың макрофагтар арқылы жақын орналасқан регионарлық лимфа түйіндеріне енуі.
Жергілікті патологиялық процесс қоздырғыштың экзотоксиннің әсеріне байланысты. Ал септикалық түрінің туындауы қоздырғыштың қанға өтуімен түсіндіріледі, аурудың кез-келген түрі жайылмалы түрге өтіп, септицемияға әкелуі мүмкін. Аурудан кейін тұрақты иммунитет түзіледі, бірақ 10-20 жылдан кейін ауру қайта жұғуы мүмкін.
Клиникасы. Жасырын кезеңі 2-14 күн, орта есеппен 2-3 күн. Клиникалық көрінісі екі түрде көрінеді – жергілікті (терілік) және жайылмалы-септикалық (өкпелік, ішектік).
Терілік түрі. Сібір күйдіргісінің бұл түрі 98-99% жағдайда кездеседі. Көбінесе карбункулезді түрі жиі кездеседі, ал эдематозды, буллезды және эризепелоидты түрлері сирек кездеседі. Орналасуы дененің ашық жерлерінде. Кабункул – баста, мойында, мұрын және ауыздың шырышты қабатында орналасқан түрлері ауыр ағымда өтеді. Карбункул дара, кейбір кезде оның саны 10-20 және одан да көп кездесуі мүмкін. Инфекцияның енген жерінде: дақ, папула, везикула, жара болып рет-ретімен дамиды. Дақтың көлемі 1-3 мм қызыл-көк түсті, ауырмайды, қараған кезде жәндіктің шаққан ізіне ұқсайды. Бірнеше сағаттан кейін дақ папулаға айналып, сарғыш-қызыл түсті болады. Бұл жерде жергілікті қышыну және күйдіру сезімі артады.
Күтім ерекшеліктері. Түйнеме ауырған науқастарды міндетті түрде оқшауландырамыз. Олардың әр қайсысына бөлек ыдыс, киім және күтім заттары беріледі. Ішектік, өкпелік және септикалық түрлермен ауыратын аурулар күтімі, арнаулы киімдегі қызметкерлерге жүктеледі. Аурулар бөлмесінде ағымды, ылғалды дезинфекция жүргізіледі (сулема ертіндісі 1:500 + 3% фенол ертіндісі). Ауру қолданған ыдысты ұзақ уақыт қайнатады. Таңып байлау заттары өртелінеді. Аурулардың қақырық, нәжіс және несебі сол жерде 5% карбол қышқылы ертіндісіне немесе 10% хлор етіндісіне 2-3 сағатқа салынады. Осы ауруларға қатысты барлық іс-әрекет резиналы қолғаппен орындалады, ал аурудың өкпелік түрінде қосымша көзілдірік және дәкелі бет пердесі пайдаланады Түйнеме терілік түрімен ауырған аурулар қабыршақтың алынуымен тырықтың пайда болуынан кейін ғана ауруханадан шығарылады. Ішектік, өкпелік және септикалық түрлерімен ауырған ауруларды тек толық клиникалық жазылуымен және аралығы 5 күн, екі рет өткізілген бактериологиялық зерттеудің теріс нәтижесімен ғана ауруханадан шығарылады. Ауру түріне байланысты реконвалесценттердің қанын, қақырығын, нәжісін және несебін Түйнеме таяқшасының барына зерттейді. Аурулармен қарым-қатынаста болған адамдар 8 күн медициналық бақылауда болады.
Емі. Науқас міндетті түрде стационарға жатқызылады. Түйнеме этиотропты емі антибиотиктермен және сібір күйдіргісіне қарсы иммуноглобулинмен қосып жүргізіледі. Пенициллин б.е 6-24 млн. ХБ, сібір күйдіргісіндегі менингитте гидрокортизонды 300 мг. қосып беріледі. Және де мұнымен қатар мынадай антибактериалды препараттарды беруге болады: тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепотомицин. Дезинтоксикация мақсатында – тұзды ерітінділер, гемодез, полиглюкин тағайындалады. Жүрек қан-тамыр жүйесінің дәрілерін, В,С тобындағы витаминдер, оттегімен емдеу (оксигенотерапия). Карбункулды ашуға болмайды.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)
32 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Тілме
2. Сағат саны: 1 сағ. 100 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: тілме этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
-
Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.
-
Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.
-
Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.
Қосымша (Қ)
-
Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.
-
Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.
-
ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.
-
Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.
7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5 мин. -
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
-
Сібір күйдіргісі этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін, алдын алу шараларын
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
-
Тілме этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін, алдын алу шараларын
Ақпараттық-дидактикалық блок
Соңғы жылдары балаларда тілме, стрептококкты инфекцияның бір түрі ретінде, жиі кездеседі. Тілме-бета-гемолитикалық А топтың стрептококктарымен қоздырылатын жұқпалы ауру. Жедел және созылмалы түрде өтеді; терінің ошақтық сероздық немесе серозды геморрагиялық қабынуымен, қызбамен және басқа жалпы токсикалық көріністермен сипатталады. Тілме сыртқы тері жабындылар инфекциясына жатады. Инфекция көзіне қандайда болмасын стрептококкты ауруы бар адамдар (тонзилит, жәншау, фурункулез т.б.), сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар жатады.
Тілмеге таңдамалы қабылдағыштық пен бейімделгіштік тән: кейбір балалар тілмемен көп рет ауырады. Тілмеден кейін антибактериалды иммунитет қалады, қысқа уақытқа.
Стрептококк теріге экзогенді және созылмалы стрептококкты ошақтардан эндогенді жолмен енеді. Экзогенді жол терінің стрептококкпен ластануы (микротравма) нәтижесінде, жанасу механизмімен жүзеге асырылады. Одан басқа ауа-тамшылы жолмен залалдануға болады, әрі қарай стрептококк теріге қолмен апарылады.
Эңдогенді жол созылмалы стрептококкты ошақтардан стрептококк теріге лимфогенді және гематогенді жолменен жеткізілінеді. Тілмесі бар науқастар аз контигиозды, бірақ кейде басқа стрептококкты аурулардың көзі болып табылады. Икемдеуші факторларға терінің саңырауқұлақ және басқа үйлескен аурулары, лимфа айналымының тұрақты бұзылыстары, веналық жетіспеушілік жатады. Тілмеге жаз-күздік маусымдық тән. Тілме жаз-күз мерзімінде жиі кездеседі.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)
33 сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Құтырма
2. Сағат саны: 1 сағ. 100 мин. (100%)
3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: құтыру этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету
тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу
дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ
б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
-
Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.
-
Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.
-
Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.
Қосымша (Қ)
-
Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.
-
Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.
-
ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.
-
Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.
7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5 мин. -
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)
-
Тілме этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін, алдын алу шараларын
9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)
-
Құтыру этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, емін, алдын алу шараларын
Ақпараттық-дидактикалық блок
Құтыру – адам өліміне әкелетін орталық жүйе жүйкесінің зақымдалуымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың жедел зоонозды, вирусты жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы – Rabdoviridae тұқымдастығына, Lyssavirus әулетіне жататын нейротропты вирус. Ол оқ тәрізді формаға ие. Өлшемі 80-180 нм, нуклеокапсиді бір жіпшелі РНҚ-нан тұрады. Вирустың 2 нұсқасы бар: көшелік (немесе «жабайы») – табиғи жағдайда жануарлар арасында өрбуші; фиксирленген – антирабиалық егулерді дайындау үшін қолданылады;сонымен қатар, табиғи биоварлар.
Құтыру вирусының нейрондарында көбеюі Бабеш–Негри денешіктерінің қатысуымен жүреді, қышқыл бояумен рубинді түске боялады. Қоршаған ортада тұрақсыз. Қайнатқанда 2 мин., 2-3 % лизол және хлорамин, 0,1% сулема ерітінділерінде тез өледі. Төмен температураға тұрақты.
Эпидемиологиясы. Құтыру – зоонозды ауру. Инфекция көзі – түлкілер, қасқырлар, шакалдар, мангустар, сондай-ақ үй жануарлары: ит, мысық және т.б. Олар вирусты сілекеймен жасырын кезеңнің соңғы 7-10 күнінде және бүкіл ауру ағымында бөледі.
Жануарлар мен адамдардың жұқтыруы тістегенде немесе зақымданған терінің, сирек кілегей қабаттардың сілекейленуі арқылы іске асады. Вирус адамнан берілмейді.
Патогенезі. Қоздырғыштың ену қақпасы – зақымданған тері және кілегей қабаты арқылы жүреді. Енген жерден вирус периневриалды кеңістік және жүйке талшықтары бойымен таралып, ОЖЖ-не жетеді, ол жерде сопақша ми, гиппокамп нейрондарында, ми негізінің түйінінде және жұлын миының бел аймағында репликацияланады. Салдануға әкелетін рефлекторлы қозудың жоғарлауын тудырады. Гипоталамустың, қыртыс асты аймағының, сопақша мидың вегетативті орталықтарының зақымдануы осы ауруға тән тыныс алудың және жұтыну бұлшық еттерінің спастикалық жиырылуын, гиперсаливацияны, жоғары тершеңдікті, жүрек қан-тамыр және тыныс алу жүйелерінің бұзылыстарын шақырады.
Клиникасы. Клиникалық көрінісінде келесі кезеңдерді ажыратады: жасырын, бастапқы немесе продромалды (депрессия), өршу (қозу) және терминалды (салдану). Жасырын кезеңі 10 күннен 90 күнге дейін созылады, сирек 1 жыл және одан да ұзақ болуы мүмкін. Айқындылық ұзақтығы түрлі факторлармен байланысты: тістелген жердің орналасуымен (қысқаруы – басты, қол басын; ұзаруы – табанды, аяқты тістегенде), тістелгеннің жасымен (балаларда ересектерге қарағанда қысқа), тістеген жануардың түрімен, макроорганизм төзімділігімен, жарақат өлшемі және тереңдігімен, жарақатқа түскен қоздырғыштың дозасымен.
2-3 күннен кейін өршу кезеңінде апатия мен депрессия мазаланумен ауысады, ол кезде пульс пен тыныс алу жиілейді. Тыныс алу мен жұтыну бұзылыстары пайда болады – гидрофобия пароксизмдері. Су көргенде, оның шырылдау дауысынан немесе оны ішуге талпынғанда гидрофобия сезімі пайда болады (жұтқыншақ пен көмейдің ауырсынуы, спазмы мен қорқыныш сезімі). Пароксизмдер ауа қозғалысымен (аэрофобия), ашық жарықпен (фотофобия), қатты дыбыспен (акустофобия) шақырылуы мүмкін. Ұстама мазалануымен, қорқыныштан басталады. Тынысы шулы, үзілісті болады. Кеудедегі қысылу, ауа жетіспеу сезімі, жұтынған кезде ауырсыну пайда болады. Инспираторлы ентігу дамиды. Ұстама бірнеше сек-қа созылады. Содан кейін бұлшық ет спазмы түседі. Бұл кезеңде аурудың жоғарғы даму шегінде науқастарда психомоторлы қозу ұстамасы пайда болады: олар агрессивті, өзін және айналасындағыларды тырнап, тістейді, түкірініп, жиһаздарды қиратып, адамға тән емес күшті көрсетеді. Ұстама аяқталған соң салыстырмалы түрде тыныштық жағдайына, есіне келеді, өзінің қорлықтары туралы айтады.
Күтім ерекшеліктері. Құтыру аурулары тыныштықты және сыртқы тітіркендіруден (шу, жарық және ауаның жылдам қозғалуы) қорғануды қажет етеді. Науқастарды тыныш, қараңғыланған, жылы бөлмелерге орналастырып, арнайы пост тағайындайды. Орталық жүйке жүйесінің қозуын төмендету үшін тырысуға, ауруға және ұйқысыздыққа қарсы дәрілерді қолданады (морфин, хлоралгидрат, аминазин,фенобарбитал). Салдану кезеңінде тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрілерді тағайындайды. Көрсеткіштерге қарай өкпені жасанды желдендіру өткізеді.
Емі. Арнайы емі жоқ. Симптоматикалық ем: науқастың қорлануын азайту үшін жүргізіледі. Науқасты жеке палатаға орналастырып, түрлі тітіргендіргіштерден қорғайды. ОЖЖ-нің жоғары қозғыштығын төмендету үшін, ауырсынуды басатын (морфин, нейроплегиялық, хлоралгидрад, аминазин, трифтазин, галоперидол,дроперидол,тиопентал натрий, гексенал, ГОМК, финлепсин, дифенин, родедром) препараттар қолданылады. Дезинтоксикация мақсатында тұзды ерітінділерді, плазма, глюкоза және витаминдерді тағайындаймыз.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)
Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру
11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)
12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)
Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау
13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)
Достарыңызбен бөлісу: |