Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық



бет15/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 14 мин (15%)

  • Бөртпе сүзегі, Брилл ауруы этиологияларын, инфекция көздерін

  • Берілу механизмдерін, патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Безгек этиологиясын, эпидемиологиясын

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Безгек – қайталамалы ағымға бейім, бауыр, көкбауырдың ұлғаюымен және ұстамалы қызба кезеңімен сипатталатын, масалармен берілетін, маляриялы плазмодилермен шақырылатын паразитарлы ауру.



Этиологиясы. Малярия қоздырғышы плазмоди туыстығына жататын қарапайымдылар болып табылады. Қәзіргі кезде плазмодилердің 60 түрі белгілі, соның ішінде 4 түрі безгекті шақырады:

  1. Plasmodium vivax – үш күндік безгектің қоздырғышы

  2. Plasmodium ovale – овалемалярияның қоздырғышы

  3. Plasmodium malariae – төрт күндік безгектің қоздырғышы

  4. Plasmodium falciparum – тропикалық безгектің қоздырғышы

Малярия плазмодияларының өмірлік циклі маса және адам ағзасында өтеді. Маса ағзасында спорогония – жыныстық циклі. Маса адамды шаққанда адамға беріліп, адам ағзасында – жыныссыз цикл өтеді, жыныссыз циклдің өзі екі стадиядан өтеді – ткандік немесе эритроциттерден тыс және эритрацитарлы. Залалданған маса шақаннан кейін, адам ағзасына спорозоидтар қанға түсіп, буырға жетіп, осында олардың бөлінуінің нәтижесінде ткандік шизонттардың көптеген саны түзіледі. Тканді шизогония кезеңнің ұзақтығы 6-15 тәулік. Спорозоидтардан көптеп бөліну, мерозоиттардың қалыптасуына, бұл қанға түсіп келесі – эритроцитарлы шизогония сатысының дамуына әкеледі. Паразиттер эритроциттерге еніп, осында көбейіп жыныстық және жыныссыз түрлерін түзеді. Осындай цикл түзу нәтижесінде эритроциттердің бұзылуы жүреді. Жыныссыз түрлерінің эритроцитарлы шизогония циклі көпреттік қайталануына байланысты безгектік ұстамалардың қайталануын осылайша түсіндіруге болады.

Эпидемиологиясы. Жұғу жолдары – трансмиссивті және ауру анадан құрсақтағы балаға жұғуы мүмкін, себебі плазмодиямен плацентаның зақымдалған жағжайлар кездескен, бірақ жиі босану кезінде жұғады. Донордың қанын құйғанда немесе стерильді емес инелерді қолданғанда да жұғады. «Егілген» безгекте плазмодияныңтіндік экзоэритроцитарлық сатысы түзілмейді. Ошақтарда тасымалдаушылар көп, әсіресе балалар арасында. Көбінесе солардан жұғады.

Қоздырғыштардың адам ағзасында өмір сүру ұзақтығы әртүрлі. Плазмодия фальцифарум – 1-1,5 жыл, плазмодия вивакс – 2-3 жыл, плазмодия малярия – 10 жыл немесе бүкіл өмір бойы сақталынуы мүмкін.



Патогенезі. Безгектің даму механизмі адам ағзасында жүретін плазмодиялардың жыныссыз фазасының дамуымен жүзеге асады. Плазмодиялардың түріне қарамай тіндік шизогония жасырын кезеңге сәйкес келеді және ешқандай клиникалық белгілері болмайды. Плазмодиялар қанға түскеннен кейін ғана эритрацитарлы шизогония сатысы басталып, клинкалық көріністер байқалады. Науқастарда қызба ұстамасы эритроцитарлы шизогонияның біт циклі біткен кезде байқалып,бұл эриттроциттердің бұзылуын, қанға плазмодиялардың қалдық заттарының түсуімен түсіндіріледі. Эритроцитарлы шизогонияның ұзақтығы: Pl. malariae – 72 сағат, басқалардың – 48 сағат, бұл науқасқа туындаған қызба ұстамасының циклін және кезеңін анықтауға мүмкіншілік береді. Аурудың даму барысында эритроциттердің қарқынды түрде бұзылуы анемияға, микроциркуляцияның бұзылуына, геморрагиялық синдромның дамуына, орталық жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйректің зақымдалуына алып келеді. Иммунитет түзілуіне байланысты қызбалық ұстаманың қысқаруы, бірақ антипаразитарлы антиденелердің төмендеуі кейіннен аурудың қайталануына алып келуі мүмкін.

Клиникасы. Тропикалық безгекте инкубациялық кезң – 6 күннен кем болмайды, жиі 8-14 күн, кейде 20 күнге дейін болуы мүмкін. Эндемиялық ошақта тұратын халықтарда және жартылай егілген адамдарда безгек ауруы ешқандай симптосыз тасымалдаушылық немесе айқын емес мынадай клиникамен өтуі мүмкін: шаршағыштық, субфебрилитет, ішектік дисфункция, анемия, лейкопения, гипопротеинемия, шамалы гепотолиеналды синдром. Ал егерде интеркурентті аурулар қосылса, стресс болса, үлкен қара күш қажет ететін жүктеме алса, ағзаның иммунитеті төмендеп кететін болса, онда бұл адамдарда безгекке тән белгілер дамиды.

Плазмодия Вивакс пен плазмодия Овале тудыратын үш күндік безгек кездеседі. Безгектің бұл түрінде – дене қызуы 1 күннен соң көтеріліп отырады. Төрт күндік безгекте - 2 күннен соң көтеріліп отырады. Тропикалық безгекте – дене қызуы 3 күндік безгектегідей бір күннен кейін көтеріледі, бірақ апирексия кезеңдері өте қысқа, сондықтан жиі температуралық қисық «тәртіпсіз» түрде болады.

Безгектік ұстамаға мына кезеңдер тән: қалтырау фазасы, ысу фазасы, терлеу фазасы. Безгектің алғашқы ұстамалары безгекте тән ұстамаға ұқсас болмайды, 5-6 ұстамадан бастап клиникалық көрінісі айқындала бастайды, бұл бірақ вивакс, овале плазмодияларына сәйкес емес, тропикалыққа қатысы жоқ.

Пл. Малярия – мен шақырылатын 4 күндік безгектің клиникасы: шаршағыштық, шамалы қалтырау, бас ауруы. Безгектік ұстамалар қалтыраудан басталады, терісі салқындайды, тері беті кедір-бұдыр «үйрек терісі» сияқты, аяқ-қолдары салқындайды, құсуы мүмкін, бас ауру қатты болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы 1-2 сағатқа созылады, сосын ысу кезеңі басталады, дене қызуы өте тез 40-41 градусқа дейін көтеріледі, беті қызарады, шөлдейді,мазасыз, құсады, сандырақтауы мүмкін, кейде құрысулар болады.

Егер тропикалық безгектің эндемиялық ошақтарындағы тұрғындарда пл.Фальципарум симптомсыз тасымалдаушылар кездесетін болса, ол осы аймаққа алғаш келгендерге жұқса онда ол айқын, күрделі де ауыр өтеді. Айқын продромальді кезең жоқ, токсикалық синдром басым болады, дене қызуының айқын кезеңдік фазалары жоқ. Қалтырау және терлеу фазалары айқын болмауы мүмкін, дене қызуы 14-16 сағаттан 24-26 сағатқа созылуы мүмкін. Дене қызбасы тәртіпсіз, өте жоғары, бас айналумен, бас аурумен, лоқсу, құсу, жалпы гипотониямен, миалгиямен, артралгиямен қатар жүреді. Кейде ішауруы, іш өтуі мүмкін, бірақ нәжіс құрамында патологиялық қоспалар болмайды.

Күтім ерекшеліктері. Безгекпен ауырған науқастың күтімі, аурудың ауырлығына және ағым ерекшелігіне байланысты. Арудың асқынбаған ағымында көмек көрсету және бақылау, тек безгектік пароксизм кезінде жүргізіледі. Пароксизм дамыған жағдайда науқас төсектік режимде болуы керек, ал көмек көрсету көлемі пароксизмнің фазасымен анықталады (терлегіштік, қызба, ысу). Тропикалық безгектің ағымы аса қауіпті болғандықтан, мұндай науқастарға арнайы көңіл бөлу қажет. Психомоторлы қозу, ұйқышылдық және тежегіштік безгектік команың басталуын дәлелдейді. Гемоглобинуриялық қызба дамыған кезде науқаста мынадай белгілер байқалады: бел аймағында ауырсыну, құсу, олиганурия, несептің қара немесе қоңыр қара түске боялуы және тамшылап бөлінуі, кейіннен сарғаюдың үдеуі, геморрагиялық синдромның пайда болуы. Егер науқас хинидин препаратын қолданып жатса, медбике мұны тамыр ішіне енгізгенде қан-қысымының төмендуінеалып келетінін ескеріп, ЭКГ-ның нәтижелерін бақылап отыруы қажет.

Бөлімшеде безгекпен жатқан науқастардан масалар залалданбау үшін, терезелерге тор тағу қажет.



Емі. Безгекті емдеуде гі дәрілерді 2 топқа бөлуге болады: гематошизотропты – жыныссыз түрлеріне әсер ететін, гистошизотропты – тіндік түрлеріне әсер ететін.

  1. гематошизотроптылар – хлорхинин, делагил, бигумаль, хлоридин, лариам, фанцимеф, фансидар, аралеф,камокин, нивакин, 4- аминохинолин туындылары.

  2. Гистошизотроптылар – примахин, хинопид, хлоридин, бигумаль, 8- аминохинолин туындылары.

Безгекке қарсы дәрілердің әсерін антибиотиктердің тетрациклинмен және ұзақ әсер ететін сульфаниламидттермен күшейтеді – сульфален, сульфадоксин,. Безгектің тропикалық түрінен басқасын емдеуде делагил, хлоохинді пероральді қолданудың өзі үлкен нәтиже береді. Тропикалық безгектің ауыр түрінде делагил бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіледі.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 2 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 2 мин (2%)

22 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Оба. Анықтамасы, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы

2. Сағат саны: 1 сағ. 100 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оба анықтамасын, этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет