18.10.2022 жыл 08:30-14:30 Тамырішілік тамшылатып құю жүйесін жинау және қолдану.
I. Көк тамырлық инъекция жасаудың реті.
Жабдықталуы: шприцке арналған залалсыздандырылған шағын леген, инесінің ұзындығы 10 см бір реттік шприц, ішінде 70% спирті бар тығынмен жабылған ыдыс, залалсыздандырылған домалақ мақталар, ұсталынған материялдарды салуға арналған шағын леген, залалсыздандырылған қолғаптар, тонометр, фонендоскоп, шокқа қарсы заттар.
1. Инъекцияның қашан және қайда жасалатыны туралы науқасқа айту.2. Препаратқа жеке сезімталдығын анықтау.3. Қолды ағынды жылы сумен сабындап мұқият жуу.4. Маска кию.5. Қолды спиртпен өңдеу.6. Дәрілік заты бар шприцті дайындау.7. Қолғапты кию.8. Науқасты отырғызу немесе шалғасынан жатқызу.9. Науқастың қолын шынтақ буынында толығымен жазу.10.Шынтақ бүгісінің астына клеенкалы жастық немесе орамал төсеу.11.Шынтақ бүгісінен 10 см жоғары жерге матаның үстінен (жалаңаш
денеге емес) жеткілікті қысылған жгут салу.12,Кәрі жілік артериясындағы пульс жақсы анықталатынына көз жеткізу.ІЗ.Көк тамырдың толуын жақсарту үшін науқасқа бірнеше рет жудырығын жұмып ашуын сұрау.14.Шынтақ бүгісінін терісін 70% спиртке батырылған залалсыздандырылған мақтамен өңдеу, 2-3 рет бір бағытта жоғарыдан төмен қарай (инъекция аймағы - 4x8 см; алдымен кеңірек, содан кейін тура ине салатын жерді).15.Тесу үшін неғұрлым толған жэне колайлылау көк тамырды таңдау.16.Сол қолдың саусактарыньщ ұшымен сол көк тамырдың үстіндегі теріні білекке қарай біраз тартып, көк тамырды бекіту.17.Салуға апнап дайындшіған инені немесе шприцті оң колга алу.
18.Көк тамырдың үстіндегі теріні және көк тамырдың қабырғасын бірден тесу немесе тесуді екі кезеңмен жүргізу-алдымен теріні, содан кейін көк тамырдың кабырғасына жакындатып, оны тесу.19.Ине көк тамырда екендігіне көз жеткізу, бу_л үшін шприцтің поршенін өзіне қарай сәл тарту - сонда шприцке қан түсуі керек.2О.Мейірбике науқасқа жүдырыгын ашуды өтінеді де жгутты шешеді. 21. Дэріні жайлап енгізу. Дәріні соңына дейін енгізбей, ауа көпіршіктерін шприцте қалдыру керек.22.Тескен жерге спиртке батырылған домалақ мактаны сол қолмен басу.23.Оң қолмен инені көк тамырдан шығару.24.Науқастың қолын қан ағуы тоқтғанша бірнешс минутка шынтақ буынында бүгу.
Көк тамырға құю әртүрлі ерітінділерді көп мөлшерде (3 - 5 л жэне одан да кеп) енгізу үшін қолданылады; ол инфузиялық емнің негізгі әдісі болып табылады. Көк тамырлық құю айналымдағы қан көлемін толтыру, су-электролиттік балансты және ағзаның қышқыл-негіздік жағдайын қалыптастыру, ауыр аурулар, уланулар кезіндегі интоксикацияны жою қажет болғанда қолданылады. Егер дәрілік затты тез енгізу қажет болса (шок, коллапс, ауыр қан кету), онда көк тамырға ағынмен құю қолданылады, Егер дәрілік зат қан тамырына акырын енуі қажет болса, онда тамшылатып енгізу қолданылады. Ерітіндінің көп мөлшерін ұзақ (бірнеше тәулік бойы) енгізу кажеттігі туғанда көк тамырды катетрлеу (көбінесе бұғана асты) немесе венесекция қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |