19.10.2022 жыл 08:30-14:30 Асқазанды жуу
Асқазанды жуу
Мақсаты:емдік және диагностикалық (уларды, бактериялар мен токсиндерді асқазаннан алып тастау, шайынды сулардың диагностикасы).
Көрсеткіштер: жіті улану,дәрі-дәрмектің үлкен мөлшері;сапасыз өнімдермен,алкоголь,саңырауқұлақтар,химиялық заттар және т. б •
Жабдықталуы: асқазанды жууға арналған стерильді жүйе, Ол мыналардан тұрады: шыны түтікпен қосылған екі жуан стерильді асқазан зонды; сыйымдылығы 0,5-1 л стерильді воронка; сүлгі; салфеткалар; жуу суларын диагностикалауға арналған қақпағы бар стерильді сыйымдылық; бөлме температурасының суы (20° С) бар сыйымдылық (Шелек); сыйымдылығы 0,5-1 л шөміш; жуу суларын жинауға арналған сыйымдылық (таз); стерильді қолғап; су өткізбейтін алжапқыш - 2 дана; көзілдірік немесе қалқанша - 1 дана; май немесе глицерин; роторасширитель; дезрастворы бар ыдыстар.
|
|
Процедураға дайындық
|
1.Науқаспен сенімді қатынас құру, емдік шараның жолын түсіндіру. Емдік шараға қарсы көрсеткіштер жоқ екеніне көз жеткізу
|
Процедураны орындау
|
2. Науқасты дұрыс қалыпқа келтіру:есі жоқ жағдайда – сол бүйірімен жатқызу;
-есі бар жағдайда – басын және денесін аздап алға еңкейтіп отырғызу
3. Науқасқа клеенкалы алжапқыш кигізу. Алжапқыштың етегін шараға түсіру. Қолғап кию. Енгізу үшін зонд ұзындығын өлшеу – мұрын ұшынан төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін + 10 см. Зондқа белгі қою.
4. Дәрігер науқастың сол және артқы жағына орналасады, зондты оң қолымен алады. Зондтың ұшын глицеринге батырып, мұрын немесе ауыз арқылы белгіге дейін енгізеді.
5. Воронканы төмен қаратып, зерттеуге пробирка немесе бөтелкеге асқазаннан шыққан суды жинау, қалған құрамын шараға төгу
6. Асқазан деңгейінде орналасқан воронкаға 200 мл көлемде су құйып және жоғары көтеру. Су воронканың тар жерінде жоқ болмау керек. Сосын воронканы қайттан төмен түсіріп асқазаннан шыққан судын шараға ағып кетуін қадағалау
7. Асқазаннан шыққан су таза болғанша 8 пункті бір неше рет қайталау. Жуу үшін су көлемі бала жасына 1 литр су есептеледі.
8. Соңғы асқазаннан шыққан суды зерттеу үшін пробиркаға немесе бөтелкеге жинау. Жасына сай мөлшерде зондқа карболен енгізу және зондты ақырын алу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |