26.10.2022 жылы 08:30-14:30 Қан тоқтататын бұрауды салу және қан кетуді тоқтатудың басқа әдістері
Көп қан кеткен жағдайда қан жоғалтқандығын ескерту қажет. Қанды тоқтатуды уақытша жән ақырғы деп бөледі. Уақытша (алдын ала)қан тоқтату мақсаты гемостаз төзімділігін қамтамасыз ететін заттар мен әдістерін қолданбастан бұрын қан жоғалтуды алдын ала ескерту болып табылады: қысып байланған таңғыш уақытша қан тоқтатудың қолжетімді және жеңіләдістерінің бірі.Тіндерге күш түскен соң нәтижесінде тамырлар оларменбірге жаралы аймаққа жақындайды. Бұлар зақымдалған тамырдың тромбозының болуына себептеседі. Тіндерге түскен таңғыш күші қан кеткен аймақ пен оған қатысты аймаққа тепетең болуы керек; стерилді материалдан жасалған тампон, жара қуысынан және сыртынан
ұстап тұрған таңғыштан немесе беткейінен тігілген тігістен ілгері тұрады, оны жиі, зақымдалған тамырлар табылмаған жағдайда немесе басқа әдістерді қолдана
алмаған жағдайда, терең жаралардағы қан кетуді тоқтатуға қолданады;
жгут – шеткі аймақтарға, құйрыққа және т.б аймақтарға операция
жасалғанда және кездейсоқ жараланғандағы уақытша қан тоқтоқтатудың сенімді әрі негізгі әдісі.Жгут жаз мезгілінде 2 сағатқа, қыс мезгілінде 2 есе аз салынады.
27.10.2022 жыл 08:30-14:30 Аяқ-қолдың зақымдарын иммобилизациялау және таңғыш тану
Иммобилизация — аяқ- қол немесе басқа ағзалардың қатты жарақаттануларында және оларды тыныштық жағдайда тасымалдау кезінде қозғалыссыздықты қамтамасыз етеді. Иммобилизацияның екі түрі бар: транспортық (уақытша) емдік (тұрақты). Емдік иммобилизацияны дәрігер, кейде фельдшер гипстік таңғыш түрінде орнатады. Транспорттық иммобилизация – алғашқы көмек көрсетуде аяқ-қол сынығында және басқа жарақаттарда қолданылады.
Транспорттық иммобилизацияны апат орнында орнатады, ол емдеу мекемесіне жеткізу кезінде сынған сүйек жарықшақтарының жарақаттанған жұсақ тіндерге енуіне кедергі болады, кейін уақытшаны тұрақты иммобилизацияға ауыстырады.
Ал қолда арнай құралдар болмағанда тақтайларды, таяқтарды, қатты жазық картондарды пайдаланамыз. Қолда ештене болмаса, сынған қолды денеге жапсырып таңамыз, ал сынған аяқты сау аяққа таңып байлаймыз. Дәке болмаса, бірнеше орамалдармен, жалпақ маталармен шиналарды таңамыз.
Транспорттық иммобилизация кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
1. Аяқ-қол жарақаты иммобилизациясы жарақат алғаннан кейін жедел жасалуы керек.
2. Шинаны жұмсақ мақтамен немесе матамен орап, науқасты шешіндірмей, ол жаңа жарақаттар салуы мүмкін, шинаны киімнің үстінен саламыз.
3. Егер шинаны жалаңаш денеге орнататын болсақ, ойықтардын алдын алу үшін жарақаттың үстіне жұмсақ мата нмесе дәке қойып орнатамыз.
4. Шинаны таңардың алдында, жарақатты асептикалық өңдеу жүргізіп, таңамыз.
5. Егер қан тоқтату үшін жгут салынса, шинамен оны жаппай, дәкемен орамау керек, дәптерге жгут салынған уақытты міндетті түрде көрсету керек.
6. Шина орнатқан жағдайда, ораған дәке жолақтарымен жарақатты қатты тартып, қан айналымына кедергі жасауға болмайды, егер науқас аяғының ұйығанын, көгеріп келе жатқанын және сезгіштігі төмендегеніне шағымданса, шинана босатамыз нмесе толығымен алып, қайтадан орнатамыз.
7. Шинаны суық кездерде орнатса, жылы орап тастау керек, және кәдімгі қателіктерге жол бермеу керек, ол қысқа шиналарды қолдану, шина салғанда жарақаттанған жерге жақын екі буынды қоса шиналау қажет, сонда ғана толық иммобилизция болды. Шинаны дұрыс орнатпаған жағдайда, ол орнынан тайып, қосымша жарақаттар келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |