Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен


Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша ақпаратты табу, іріктеу



бет5/11
Дата07.10.2024
өлшемі1.55 Mb.
#504411
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1446394 (1)

Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша ақпаратты табу, іріктеу
Тұтас мәтін. Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын жабық сұрақ
Тоқаш
Бір қыз орталық вокзалда пойыздың келуін күтіп отырды. Уақытты қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды.
Қораптағы печенье газет оқып отырған ер адам екеуінің ортасында тұрды. Ол бір печенье алған кезде ер адам да біреуін алды. Ер адамның бұл әрекетіне ол қатты таңырқады, бірақ ештеңе айтпастан кітап оқуын жалғастыра берді. Өзі іштей: «Сене алар емеспін! Мен батылдау адам болсам, міндетті түрде қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады.
Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз ер адам қандай әрекет жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан тең бөліп, жартысын қызға берді.
Қатты ашуланған қыз кітабын сөмкесіне тоғытты да, бұл жерден кеткенше асықты. Ашуын басу үшін ол залдың басқа бір жеріне барып отырды. Ашуы тарқағаннан кейін ол кітап алу үшін сөмкесін ашты. Сонда ғана ол сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.
2-сұрақ. Әңгіменің ортасында қыз: «Сене алар емеспін!» деп ойлады. Қыз неге сене алмайды?
Сұрақ мәтінде бар ақпаратты талап етеді. Берілген сұраққа мәтіннен ақпарат ала отырып және өз көзқарасын өмірлік тәжірибемен байланыстырып (осындай жағдай сіздің күнделікті өмірде де болуы мүмкін) жауап беріледі. Сіз осы жағдайда болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз, сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды жазуға болады. Автордың ойынан қорытынды шығарыңыз.
Ықтимал жауап: Бойжеткен жанындағы отырған жігіттің еш қысылмай, рұқсат сұрамастан, оның тамағын еркін жеп отырғанына сене алмады, бірақ оған айтуға батылы жетпеді.\ толық жауап қабылданады/ .Оқушы жауабы осыған ұқсас болуы мүмкін.
Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша интеграция және интерпретация
Тұтас мәтін. Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық сұрақ
Тоқаш
Бойжеткен орталық бекетте пойыз күтіп отырды. Ол уақыт өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Тоқаш салынған қорап бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта жатты. Қыз бір тоқашты алған кезде қасындағы ер адамның да бір тоқаш алғанын көрді. Ол іштей таңқалғанымен, ешнəрсе айта қойған жоқ, кітабын одан əрі оқи берді. Ішінен: «Сене алар емеспін! Егер мен батылдау болғанда, міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады. Бойжеткен əрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін осылай жалғаса берді. Бойжеткен ер адамның енді не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал ол соңғы тоқашты алып, екіге бөліп, қызға жартысын ұсынды. Таңқалған қыз кітабын сөмкесіне лақтырып жіберіп, орнынан тұра жүгірді. Өзін сабырға шақырып, залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, кітабын алайын деп сөмкесін ашты. Ол тек сонда ғана тоқаш салынған өзінің қорабы ашылмай, сөмкесінде жатқанын көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет