2- Мәтін
Ескертпе
-Халықтың әртүрлі тобының саны мыңдап көрсетілген.
-15-65 жас аралығындағы адамдарды еңбекке жарамды халыққа жатқызады.
-Жұмысты белсенді іздемейтіндер және (немесе) жұмыс таба алмай жүргендер жұмыс күшінің құрамына кірмейді.
Кестенің сол жағында (2-мәтін) көрсетілген адамдарды сызбада (1-мәтін) көрсетілген популяцияның қай тобына жатқызуға болады?
Кестенің сәйкес ұяшығынан мүмкін/мүмкін емес таңдаңыз.
Оқушы екі мәтіннің құрамымен танысады, екі мәтінді салыстырып, негізгі түйінді түсініп, дұрыс жауап таңдайды. Екінші мәтіндегі ақпаратты дұрыс белгілесе, жоғары балл ала алады.
Жауап толық қабылданады
Код 2: 5 дұрыс жауап беру.
1. Кәсіпкер 43 жаста, 60 сағат жұмыс істейді, жұмыс күшінің құрамына кіреді.
2. Күгдізгі бөлімде оқитын студент, 21 жаста. Жұмыс күшінің құрамына кірмейді.
3. Жақында дүкенін сатып, жұмыс іздеп жүрген 28 жастағы адам. Жұмыс күшінің құрамына кіреді, жұмыссыздар тобы.
4. Әйел, 55 жаста. Ешқашан жұмыс істеген емес және жұмыс істегісі келмейді. Жұмыс күшінің құрамына кірмейді.
5. 80 жастағы әже. Ешқандай санатқа жатқызуға болмайды, өйткені ол жасына байланысты жұмыс күшінің құрамына кіре алмайды.
Жауап жартылай қабылданады
Код 1: 4 немесе 3 дұрыс жауап беру.
Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша ақпаратты интеграция және интерпретациялау
Тұтас емес мәтін. Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық сұрақ
ГРАФФИТИ
Төменде екі хат берілген. Олар интернет арқылы келген және екеуі де граффити туралы. Граффити – қабырғаларда немесе басқа да орындарда арнайы рұқсатсыз салынған суреттер мен жазулар. Хатты төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыз.
Мен өте қатты ашулымын, себебі төртінші рет мектеп қабырғасын граффитиден тазарту үшін бояп жатыр. Шығармашылық – керемет нәрсе, бірақ неге осы шығармашылықты көрсету үшін қоғамға зиянын келтірмейтін тәсілді ойлап табуға болмайды?
Тыйым салынған жерлердің қабырғаларына сурет салу арқылы неге жас ұрпақтың беделін түсіру керек? Кәсіби суретшілер өз туындыларын көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Мұның орнына олар қаржы тауып, арнайы көрмелерге қойып, мәртебеге ие болады.
Менің түсінігім бойынша, ғимарат, шарбақ, саябақтағы орындықтардың өзі - өнер туындылары. Бұл әдіс ауадағы озон қабатын ластайтынын айтпағанның өзінде, архитектураларды бұзудың өзі аянышты емес пе? Жалған суретшілердің «көркем суреттерін» қайта-қайта өшіріп тастаған кезде неге сонша ашуланатындықтарын түсіне алмаймын.
Хельга
Адамдардың талғамы әртүрлі. Қоғам жарнамалар мен ақпараттарға толы. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Осылар тиімді ме? Негізінен, иә, тиімді. Ал, граффитилер тиімді ме? Кейбіреулері иә дейді, кейбіреулері жоқ дейді.
Граффитилер үшін кім ақша төлейді? Ал, ақыр соңында жарнама үшін кім ақша төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Жарнама тақтайшасын іліп жатқандар сіздің рұқсатыңызды сұрады ма? Жоқ. Онда қабырғаға сурет салатын адамдар рұқсат неге сұрау керек? Бұл жай қарым-қатынас түрі емес пе, мысалы, сіздің атыңыз, партияның аты немесе көшедегі үлкен өнер туындысы деген секілді?
Бірнеше жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ және торлы киімдерді еске түсіріңіз. Шаңғы костюмін де еске түсіріңіз. Олардың модельдері мен түсі бетон қабырғаларға салынған суреттерден көшірілген болатын. Қазіргі қоғамның осы модельдер мен түстерді қызығып қабылдап жатқаны, ал осы стильдегі граффитиді масқара деп санайтындары өте қызық.
Иә, өнер үшін қиын кезең басталды.
Софья
Достарыңызбен бөлісу: |