Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен


- сұрақ. Әңгімедегі бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездескенін елестетіңіз. Бойжеткен ер адамға не дер еді?



бет6/11
Дата07.10.2024
өлшемі1.55 Mb.
#504411
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1446394 (1)

3- сұрақ. Әңгімедегі бойжеткен мен ер адам әңгіме аяқталған соң, бірнеше минуттан кейін қайтадан кездескенін елестетіңіз. Бойжеткен ер адамға не дер еді?

Оқушы бойжеткеннің сезімін, жасалатын іс-әрекетін болжап айтады, басқа ақпарат көздерінен алған білімін, өмірден алған тәжірибесін пайдалана отырып, мәтіннен алған ақпаратты солармен байланыстырады. Ақпаратқа болжам айтып, қорытынды жасап, тұжырымдайды.Сонда ғана жоғары нәтиже көрсете алу мүмкіндігі болады.
Оқушы төмендегідей жауап берсе:
1.Бірнеше минуттан кейін бойжеткен сол ер адаммен кездескен жағдайда, менің ойымша, өз ісіне ұялса да, өзінің басқа адам туралы жаман ойлағанына өкінгенін айтар еді деп ойлаймын.
2.Басқа адамға себепсіз ренжігеніне ұялып, кешірім сұрайды.
3.Ер адаммен танысып, ұстамдылығына риза болғанын айтады, себебі жігіт сөзге келместен соңғы тоқашымен де бөлісті ғой
.4.Қазіргі заманда осы жігіттей тәрбиелі, ұстамды, бойында ұлттық құндылығы бар адамдар саусақпен санарлық, сондықтан мен дос болуға ұсыныс жасар едім.
Мәтіннің мазмұны немесе формасы бойынша рефлексия жасау және мәтінді бағалау
Тұтас мәтін. Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық сұрақ
Мәтін Абайдың әңгімесі - Менің Әбдрахман деген балам бар еді. Оны ерте жасынан Семейдегі орыс мектебіне түсірдім. Оны бітірген соң, Петерборға жібердім. Қыс оқып, жазда демалысқа үйге келді. Баламның ғалымдығын сынап білейін деген оймен әңгіме үстінде: «Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?»- деп сұраған едім. Ол іркілместен: - Ақ зат асыл ғой,- деді. - Неге, қара зат асыл емес пе? Әбіш бетіме қарап күліп: - Қараны қалай асыл дейсіз?- деді. - Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе?- дедім мен.- Бірақ көздің ағы көрмейді. Ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Екіншіден, қағаз - ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиямен жазғаннан өнер - білім алады. Үшіншіден, жас шақта адамның сақал - шашы қара болады. Қартайғанда адамның шаш - сақалы ағарады. Ал, адамда, білім, қайрат та азаяды, сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын,- дедім, - Оның бәрін қалай білдіңіз? - Ақылмен білдім. - Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе? Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. Ал жарық ол да аққа ұқсамай ма?- деді Әбіш. Ұлымның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан сипадым. 1. «Қолжетімділік және үзінді» аспектісі бойынша Мәтінде не туралы айтылған? А. Баласы әкесін құрметтеуге лайық Ә. Әкесі баласын сынады Б. Баласы әкесінің махаббатына ие бола алмады. В. Баласы әкесін аяды. 2. «Біріктіру және түсіндіру» аспектісі бойынша А) Абай Әбдірахманды неліктен сынағысы келді? жауабыңызды дәлелдеп жазыңыз.
3. Қара зат адам өміріне зиян тигізеді. Осы пікірмен келісесіз бе? Пікіріңізді нақты фактілерге сүйене отырып жазыңыз. Келісемін, өйткені ______ Келіспеймін, себебі,_____
Сұрақ: Екі суретте бірдей кездесетін ұқсас ақпаратты анықтаңыз
А. Жедел жәрдемді шақыру
В. Күніне екі рет терезе ашу
С. Маска тағу
Д.Қолданылған майлықтарды себетке лақтыру
Оқушы назарына жарнама мәтіні бар екі сурет берілген. Біріншісінде тұмаудың алдын алу жолдары беріледі, екіншісінде жөтелу әдебі туралы ақпарат ұсынылған. Оқушылар екі суретте кездесетін бір мәліметті табу керек. Екі суретте медициналық масканы кию керектігі туралы айтылады. Бірінші суретте маска сөзінің орнына бетперде сөзі қолданылса да, бір мағынаны білдіреді. Жауабы маска тағу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет