Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет122/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Машиналар паркі — машиналар тиесілі ұйым машиналарының сандық
типтік-өлшемдік және үлгілік құрамы.
Машинаны басқару — машинаға тікелей әсер ету үдерісі, оның қызметін 
ұйымдастыру және мақсатқа сай қолдану үшін жүргізіледі.
Машинаны есептен шығару — бекітілген қызмет мерзімін өткерген және 


өзінің техникалық жағдайына байланысты тиімді қолдануға жарамсыз машиналар, 
сондай-ақ, апат, табиғи апат және басқа да себептерге байланысты жұмысқа 
қабілеттілігін жоғалтқан, қалыпқа келтіру тиімсіз машиналар.
Машинаны күрделі жөндеудің техникалық талаптары — тазарту, 
ақаулықта жою, жинау, реттеу, шынықтырып жүргізу, сынау технологиясына 
қойылатын талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат.
Машинаны қолдану — машинаны қолданысқа енгізу, оны мақсатқа сай 
пайдалану, тасымалдау, монтаждау мен демонтаж жасау, техникалық қызмет 
көрсету, жөндеу мен сақтау жөніндегі үдерістердің жиынтығы.
Машинаның габариттері — көліктік жағдайдағы машинаның жұмыс 
құрылғысымен бірге алғандағы ені, биіктігі мен ұзындығының шекті өлшемдері.
Машинаның жарамды жағдайы — машинаның нормативтік-техникалық 
және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін 
жағдайы.
Машинаның жиынтығы — технологиялық кешендер, жұмыстар, үдерістер 
мен операцияларды кешенді-механикаландырылған орындауға арналған 
механизация құралдарының жиынтығы.
Машинаның жұмыс жабдығы — құрылыс алаңында жұмыстар мен 
операциялардың белгілі түрлерін орындау үшін машиналар жарақтандырылатын 
негізгі және ауысымды жұмыс органдары, жетекші құрылымдар мен құрал-
саймандар.
Машинаның иесі — балансында жол немесе құрылыс машинасы бар жеке 
тұлға немесе кәсіпорын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет