Жүргізу о қулық


Қалыпты ажыратылған тежегіш



Pdf көрінісі
бет119/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Қалыпты ажыратылған тежегіш — жылдамдықты азайту немесе тетікті 
тоқтату үшін қосылатын, тұрақты ажыратылып тұратын тежегіш.
Қалыпты бекітілген тежегіш — жұмыс жасап тұрған тетік кезінде 
ажыратылатын, тұрақты қосылып тұратын тежегіш.
Қалыпты өлшем  — жұмыс сызбаларына сәйкес келетін өлшем.
Қамыт — бұрандамамен бекітілген екі жарты цилиндрлік металл қаптамадан 
тұратын, иілгіш жеңді бекіту үшін қолданылатын құрал.
Қара металдар — шойын мен болат теміркөміртегінің қорытпасы. 
Қарсы салмақ  — көтеру-тасу машинасының (құбыр жүргізуші кран) жұмыс 
жүгінің және (немесе) жекелеген бөліктерінің салмағын теңестіру үшін қарсы 
салмақ консоліне немесе айналатын платформаға бекітілетін жүктер.
Қасиет — машинаның ерекшелігін құрайтын белгі.
Қасқалша  — айналыс дене түрімен жасалатын детальдағы тегіс қиық.
Қауіпсіз еңбек жағдайы — жұмыс жасаушыларға қауіпті және (немесе) 
зиянды өндірістік факторлары жоқ немесе факторлардың әсері бекітілген 
нормативтерден аспайтын еңбек жағдайы.
Қауіпті өндірістік фактор — әсері жұмыскерге зақым келтіруі немесе 
жұмыскер денсаулығының кенет нашарлатуы мүмкін өндірістік фактор.
ҚНжЕ (Құрылыс нормалары және ережелері) — ғылыми-зерттеу және 
сынақ-конструкторлық жұмыстар жетістігінің негізінде тиісті ғимараттар мен 
құрылымдарды жобалау мен салуға қатысты біртұтас нормативтер орнататын 
негізгі нормативтік құжат.
Қолара — жұмыс органын ауыстыруға болатын қол арасы.
Қормотосағатпен есептелетін, қолданысқа енгізілгеннен бастап шекті 
жағдайға жеткенге дейінгі машина жұмысының ұзақтығы.
Қоршаған орта — адамзаттың қоршаған ортасы мен өндірістік қызметі
адамды қоршаған табиғи және ол жасаған материалды әлем.
Қосалқы бөлшек — машинаның дұрыс жұмыс жасауын қолдау немесе 
қалпына келтіру мақсатында қолданыстағы машинаның дәл сондай бөлігін 
ауыстыруға арналған құрамдас бөлік (жиналмалы бірлік немесе деталь).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет