Жүргізу о қулық


Майсауыт — машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде  іргелес детальдардың үйкелетін беттеріне май беруге арналған құрылғы. Мамандық



Pdf көрінісі
бет121/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Майсауыт — машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде 
іргелес детальдардың үйкелетін беттеріне май беруге арналған құрылғы.
Мамандық — кәсіп аясындағы еңбек қызметінің нақты түрі.
Марка —орындаушыны (әзірлеушіні) машинада белгілеу.
Маркілеу — өнімге (бұйымға), оның бөлігіне, ыдысына, қаптамасына шартты 
суреттер мен сандық, әріптік-сандық, символдық белгілерді салу, олар әзірлеуші 
кәсіпорын атауын, оның орналасқан жерін, бұйым маркасын көрсетеді.
Материалтану — машинаны қолдану мен жөндеу үшін қажетті материалдың 
(металл, қосылыс, жанар-жағармай құрамы, эксплуатациялық сұйықтықтар) 
құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты зерттейтін ғылым.
Манжет — қозғалыс контактісін тығыздауға арналған, қозғалатын және 
қозғалмайтын детальдар арасына орнатылатын аралық серіппелі деталь.
Машина — машинистің физикалық күшін қолданбай жұмыс операцияларын 
орындауға арналған келісілген түрде жұмыс жасайтын құрамдас бөліктер
жиналмалы бірліктер мен детальдардың механикалық жүйесі.
Машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық 
үдерісі — өндірістік үдерістің немесе жұмыстың технологиялық операциялардан 
тұратын және машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз ету 
жөніндегі мақсатты белгілі реттегі әрекеттерді қамтитын бөлігі. 
Машина жөндеудің өндірістік үдерісі — эксплуатациялық базада немесе 
жөндеу кәсіпорнында машинаны ағымдық және күрделі жөндеудің белгілі 
технологиялық ретін орындауға қажетті барлық жұмыскер (персонал) мен еңбек 
құралының жиынтығы.
Машиналарды жөндеуді ұйымдастыру — жөндеу құжаттарын әзірлеу, 
жөндеу жұмыстарының орнын таңдау, технологиялық операцияларды орындау 
құралдарының жиынтығын қалыптастыру, орындаушыларды іріктеу, әрбір 
орындаушымен жасалатын технологиялық операциялардың ретін анықтау, жұмыс 
сапасын есептеу тәртібін орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет