Жүргізу о қулық


Көрсеткіш — белгі (немесе белгілердің жиынтығы), оның негізінде нысандар  мен құбылыстар бағаланады, салыстырылады, жіктеледі. Крецмейсель



Pdf көрінісі
бет118/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Көрсеткіш — белгі (немесе белгілердің жиынтығы), оның негізінде нысандар 
мен құбылыстар бағаланады, салыстырылады, жіктеледі.
Крецмейсель — детальдағы жыраларды, шпондық саңылауларды қиюға 
арналған жіңішке тіс.
Кронштейн — машинаның шығып тұратын бөліктерін тік жақта бекітуге 
арналған тірек деталь.
Кронциркуль — аяқтары арасындағы бұрыш микрометрлік бұрамамен 
бекітілетін және тұрақтандырылатын циркуль.
Күпшек — дөңгелекті оське немесе білікке орнатуға арналған тесіктері бар 
дөңгелектің орталықтағы, әдетте, жуандатылған бөлігі.
Күш құрылғысы — жұмыс тетіктерінің әрекеті үшін энергия көзі ретіндегі 
іштен жанатын қозғалтқыш, генератор немесе гидросорғының жиынтығы.
Кілттің шапқысы  — гайка кілтінің ашық аузы бар жұмыс бөлігі.
Қабылдау сынағы — сынақтағы немесе жөнделген машина үлгілерін өндіріске 
қою немесе қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілетін бақылау 
сынақтары.
Қажама  —үйкелетін беттердегі жапырылу, бұжырлық немесе ойық түріндегі 
ақаулық.
Қалайылау — қышқылданған қабатты жою мақсатында жұқы дәнекер 
қабатын жағу арқылы үстіңгі бетті дәнекерлеуге дайындау.
Қалақ — балшықты жағу, бояуды араластыру, ескі бояудан тазарту үшін 
қолданылатын шағын қалақ.
Қалдық қор — машинаның (жаналмалы бірліктің) мақсатқа сай қолданысының 
қарастырылып отырған кезеңінен қызмет ету мерзімі толық аяқталғанға дейінгі 
қоры.
Қалдықсыз технология — өндірістік кәсіпорынның жоғары тиімділік кезінде 
табиғи ресурстарды аз жұмсауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын 
экологиялық стратегиясы.
Қалдықтар — өндіріс пен жөндеу кезінде пайда болатын және өзінің 
тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан шикізат, материал, техника қалдықтары.


Қалтқысыздық — машинаның белгілі уақыт аралығында немесе біраз жұмыс 
атқарғаннан кейін жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз сақтау қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет