Жүргізу о қулық


МАШИНАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ  ДИАГНОСТИКАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет32/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
МАШИНАЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ 
ДИАГНОСТИКАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ
 
Жол және құрылыс машиналарын диагностикалау құралдары 
былайша бөлінеді:
■ 
сыртқы құралдар, олар диагностикаланатын нысанға тек 
диагностика жүргізу үшін ғана қосылады;
■ 
кіріктірілген құралдар, олар машинамен біртұтас орнатылып, 
диагностика жүргізілетін машина туралы үздіксіз ақпарат алуға 
мүмкіндік береді.
Техникалық 
диагностикалаудың 
сыртқы 
құралдары 
тасымалданатын, жылжымалы және стенд түрінде стационарлы 
болады. Олар жылжымалы диагностикалық станцияда және (немесе) 
жол-эксплуатациялық шаруашылық эксплуатациялық базасының 
стационарлық бөлімшесінде орнатылады. Диагностикалаудың сыртқы 
құралы ретінде пайдаланылатын тасымалданатын диагностикалық 
жиынтыққа микрометр, сүңгіш, индикатор, саңылауөлшеуіш,
қалыңдық өлшеуіш, штангенциркуль, калибр, тісті дөңгелектің 
диаметрін өлшеуіш, штангентереңдік өлшеуіш, ұзындық өлшеуіш, тісті 
дөңгелектің осьаралық қашықтығын өлшеу аспабы, дозиметр кіреді. 
ГОСНИТИ құрастырған КИ типті двигатель қуатын өлшеуге, май 
сорғылары мен сүзгілерді сынауға, жанармай аппаратын реттеуге, 
гидрожабдықты сынауға, электр жабдығын, картер газдарының 
шығынын сынауға және реттеуге, шатун басындағы саңылауларды 
анықтауға, газтарату фазаларын тексеруге арналған диагностикалық 
құралдар неғұрлым күрделі және сенімді болып саналады. 
Машинаға кіріктірілген диагностикалық құралдарға датчиктер, 
аспаптар, индикаторлар жатады. Диагностикалау құралдары машина 
жұмысының барлық режимінде жылытылатын жерлерде қолданылады: 
алдымен гидрожабдық пен электр жабдығын диагностикалауды 
орындайды, кейін машинаның двигатель, трансмиссия, басқару 
құрылғысынан бастап тежегішке дейінгі жиналмалы бірліктерін 
диагностикалау жүргізіледі. 
Диагностикалау 
құралдары 
жылытылатын 
кеңістіктерде 
қолданылатындығын ескеру қажет, олардың көмегімен алдымен 
гидрожабдықты, кейін электр жабдығын диагностикалау жүргізіледі. 
Двигательдер, трансмиссия, басқару құрылғысы мен тежегіш кіретін 
машинаның басты жиналмалы бірліктері диагностикалаудан өтуі тиіс.


Диагностика жүргізілетін жерге стендісі бар стационарлық бөлімше 
орнатылады, осында тікелей эксплуатациялық база аумағында 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өтетін машиналар 
диагностикаланады. 
Бөлімшелерде 
көрсеткіштерді 
өлшеудің 
диагностикалық құралдарын тексерудің құжаттары сақталуы тиіс. 
Диагностикалау бойынша жұмыстарға машинаны диагностика 
бөлімшесіне қоятын, механикке жиналмалы бірліктердің бұзылуы мен 
ақаулықтары туралы хабарлайтын, диагностикалау кезінде машинаны 
басқаратын, диагностикалау операциялары аяқталған соң машинаны 
түсіріп, техникалық қызмет көрсету аумағына апарып қоятын
машинист қатысады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. Машинаның ақаулығы деп нені айтамыз?
2. Қандай себептерге байланысты машинада ақаулықтар пайда болады?
3. Техника жұмысы жағдайының нашарлауына неліктен жол беруге болмайды?
4. Диагностикалау операцияларының ұсынылатын құрамы қандай құжатта 
жазылған?
5. Машиналарды диагностикалау бойынша бригада құрамына қандай мамандар 
кіреді? Диагностикалау бойынша жұмыстардағы машинистің рөлі қандай?
6. Машиналарды диагностикалау кезінде сырттан қарау операцияларының ретін 
атаңыз.
7. Техниканы диагностикалау кезінде қандай аспаптық құралдар қолданылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет