Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет35/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 


82 
ЖУУ-ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ
 
Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық реті бойынша 
қызмет көрсетуді жуу-тазарту жұмыстарынан бастайды. Оларға 
мыналар жатады:

машинаның сыртқы бөліктерін жабысқан батпақ пен реагенттерден
тазарту, кейін жуу;

жұмыс жабдығын тазарту;

қыс мезгілінде қар мен мұздан тазарту;

машинист кабинасын жинау.
Машинаны тазарту алдында қоректендіру жүйесінің, майланатын
жерлердің, гидравликалық жетек элементтерінің герметикалығын 
тексереді. Таза машинадан ақаулықтар табу әлдеқайда тезірек, олай 
болса, техникалық қызметті де жылдам жүргізуге болады. 
Машинаны жуар алдында жанармай багі мен май құятын 
жерлерінің қақпақтары жабық екендігіне көз жеткізу керек. Жуу 
алаңына әкелінген машинаны алдымен сыртынан қарайды. Сыртында 
жабысқан топырақ болса, қырып, тазалайды. Шынжыр табанды 
экскаваторлардың шынжыр таспаларын батпақ пен қатқан топырақтан 
шынжырларын жұмыс органы көмегімен жерден көтеріп алып, кезек-
кезек 
бұрып, 
айналдыру 
арқылы 
тазартады. 
Бульдозер-
қопсытушылардың шынжыр таспаларын да, осылайша, бульдозер-
қопсытушы жабдықты көтеріп тазалайды. Шынжырлы жүріс 
құрылғысы, пневмодөңгелектер мен тегістеуіштердің таспаларынан 
батпақты қырғыштармен тазартады. Машинаның ластанған тез 
зақымданатын детальдарын бұрын қолданылған таза шүберекпен 
сүртеді. Кабина әйнектерін, шамдарды, қосымша шамдарды, кабина 
плафондарын тазарту үшін жұмсақ таза шүберек пайдаланылады.
Машина сыртындағы балшықты 15 ... 25 °С температурадағы 
ағынды сумен жуады. Майлы кірді 85 °С дейін қыздырылған бу және 
суды қысыммен ағызып жуады. Судың ағыны неғұрлым тиімді болуы 
үшін түрлі қондырмалар қолданады. Цилиндр шүмекті қондырма 
әмбебап болып саналады. Оның көмегімен күрделі кескіндегі 
орындарды, құрамдас бөліктердің қолжетуі қиын жерлерін тазартады. 
Конус шүмекті қондырмадан шыққан ағын су қатып қалған балшықты 
тез бұзып, металл үстін жылдам тазартады. Үлкен көлемдегі жерлерді 
тазарту үшін қуыс шүмекті қондырмалар қолданылады. Машинада
құрамдас бөліктерде, жиналмалы бірліктер мен детальдарда май 
шөгінділері немесе консервациялық майлағыштар болса, жанғыш емес 
техникалық жуу құралдары қолданылуы тиіс.
Машинаны жууды үстінен бастайды. Жүріс құрылғысы мен 
базалық машинаның асты мен үстін дұрыстап тазарту үшін 
жинақталған және шашыраңқы су ағынын қолданады. Машинаның 


83 
үстіңгі тегіс бөлшектерін іші қуыс тұтқаға орнатылған капрон 
щеткалармен жуады, щеткаға майысқақ түтік арқылы қысыммен су 
келіп тұрады. Арнаулы жуатын сұйықтықтар қолданылып жуылған 
жерлерді таза сумен шаю керек. Қыс кезінде жуу үшін ыстық су 
пайдаланылады. Машинадан жуылатын жанармай мен майлар және 
жуатын ерітінділер қоршаған ортаға зиянды әсер етеді, сондықтан 
машиналарды қолданылған ерітінділер мен лас суды жинайтын арнайы 
жабдықталған орындарда жуу керек. Мұндай айналмалы сумен 
жабдықтау жүйесі бар орындар эксплуатациялық базаның өндірістік 
корпусында немесе жеке орналасқан ғимаратта ұйымдастырылады. 
Машиналарды жуу үшін арнайы құралдар пайдаланған кезде 
қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс, себебі жуу құралдарының кейбірі, 
мысалы, еріткіш эмульсиялардың улы және өрт шығару қаупі бар. 
Гидрожүйенің жабық арналарын, отын және май бактарын, 
картерлер мен беріліс қорабының қуысын үнемі жаңартылып тұратын 
жуатын құрамы бар, жарылыс қаупі жоқ сұйықтықпен немесе 4:1 
қатынастағы дизель отыны мен дизель майы араласқан қоспамен 
айналдыра жуып, тазартады. Майлау жүйесін жуу кезінде кезең-
кезеңмен (әр 5 минут сайын) двигательдің иінді білігін стартермен, іске 
қосу қозғалтқышымен немесе қолмен бұрап отырады.
Двигательдің салқындату жүйесін сұйықтық-ауа қосындысымен 
тазарту әдісімен жуады. Радиаторды жуу кезінде төменгі келте құбырға 
су мен қысылған ауа беріледі. Су мен ауа қоспасы радиатор түтігі 
арқылы өтіп, радиатордың үстіңгі кішкене багінің келте құбырына 
кигізілген төменге ағатын шланг бойымен жуу орнының бетон 
алаңына, кейін тұндырғыш құдыққа құйылады.
Тегістелген детальдарды жуу кезінде зақым келтіруден сақ болу 
керек, жуып, кептіргеннен кейін майды жұқалап жағады. Резина 
детальдарды жылы сумен жуған дұрыс. Резина бұйымдарды сілті 
ертінділермен жууға болмайды.
Машинаны жөндеу кезінде оны көп кезеңді жуу-тазартудан 
өткізеді, оған машинаның өзін, құрамдас бөліктері мен детальдарын 
қоршаған ауаның температурасы 5 °С төмен емес кезде тазалау мен 
жуу кіреді (4.1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет