Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет33/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

79 
4.1.
 
4-
тарау
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
 
ЖҰМЫС
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ТҮРІНІҢ
ТІЗБЕСІ,
ҚҰРАМЫ
ЖӘНЕ
НЕГІЗДЕРІ
 
Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету – 
орындалатын операциялардың күрделілігі тұрғысынан осы сынды 
жоғары 
технологиялық 
жинақтаушы 
бұйымдар 
жасау 
операцияларынан кем түспейтін, кейде, тіпті, олардан асып түсетін 
жауапты да мұқият орындалатын жұмыс.
«
Технология» сөзі гректің techne — «өнер», «шеберлік», «машық» 
және logos — «ұғым», «ілім» деген екі сөзінен құралған. Білім беру 
бағдарламасы бойынша оқыту кезінде осы есепке алынады
нәтижесінде кәсіби біліктілік деңгейі мен жол және құрылыс 
машиналарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізудің 
заманауи технологияларының сәтті үйлесіміне қол жеткізіледі.
Жұмыс түрінің тізбесін жасау жол және құрылыс машиналарына 
техникалық қызмет көрсетудің негізі болып табылады. Жұмыстың 
тізбесі сенімді машина жасаудың тиісті дәрежесін қамтамасыз ету үшін 
құрылады. Тізбеге енгізілген әр жұмыс жол және құрылыс 
машиналары жекелеген детальдарының, жиналмалы бірліктерінің 
немесе құрамдас бөліктері жиынтығының мүлтіксіздігін және 
төзімділігін қамтамасыз етеді.
Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсетуді 
ұйымдастырудың 
мақсаты 
мынадай: 
жол-эксплуатациялық 
шаруашылықтардағы осы техниканың ақаусыздығын және жұмысқа 
қабілеттілігін қамтамасыз ету. Осы жұмыстарды орындауы тиіс 
ұйымның техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін жылжымалы ТҚ 


80 
құралдары, 
жанар-жағармай 
материалдары 
мен 
арнаулы 
сұйықтықтары, ТҚ жүргізу жөніндегі нұсқаулықтары, мамандардан, 
диагносттардан, жөндеушілерден, үйретілген машинистерден құралған 
орындаушылар тобы, машинаға жанармай құю орындары
машиналарды ауысымаралық сақтауға арналған жабдықталған 
алаңдары (немесе ангар) болуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету құрамына кіретін барлық жұмыс түрі 
орындалуының технологиялық ретіне қарай машина тазарту, бекіту, 
бақылау-реттеу, жанармай құю-майлау жұмыстарына бөлінеді. 
Машинаға ауысым сайын қызмет көрсету (АСҚ) операциялары әр 
жұмыс түрінің бастапқы жұмысы болып саналады, оған мыналар 
кіреді: 
■ 
машина сыртын жабысып қалған батпақ пен реагенттерден тазарту;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет