Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет41/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

10
 
4.5-
кестенің соңы
 
Машинаға жанармай құю жабық түрде стационарлық, жылжымалы 
және контейнерлік автокөлікке жанармай құю стансаларында 
жүргізіледі. Жанармай құятын стационарлық стансалар машиналардың 
нысанға бара жатқан жолында, ұйымдар мен шаруашылықтардың 
эксплуатациялық базаларында орналасады. Жанармай құятын 
жылжымалы стансалар машиналар шоғырланған жерлерде, ірі 
құрылыс алаңдарында және жанармай құятын стационарлық стансалар 
істен шыққан басқа жерлерде де орнастырылады. Жанармай құятын 
контейнерлік стансалар шашыраңқы орналасқан құрылыс және жол 
жөндейтін нысандарда қойылады. 
Машиналарға ауысым сайын жанармай құю (толтыру) жабық 
тәсілмен, жанар-жағармай құйғыштар (машина қолданылатын жерде) 
немесе жанар-жағармай таратушы колонкалар (эксплуатациялық 
базалардың жанар-жағармай құю нүстелерінде) көмегімен жүргізіледі. 
Жанармай құю жұмыс ауысымының соңында таза, тұнған дизель 
отынын құю түрінде өтеді, бұл бактегі су буының конденсатын 
болдырмау үшін жасалады. Отын бактерінің қақпағын ашпас бұрын 
шаңнан тазарту керек. Отын мөлшерін жанар-жағармай таратушы 
колонкаларда немесе жанар-жағармай құйғыштарда болатын есептеу 
құралдарымен есептейді. Жанар-жағармай құйғыштарда есептеу 
құралы болмаса, машинаның отын құятын багіне қоса берілетін өлшеу 
сызғыштарымен өлшейді. Бұл жағдайда отын құю алдында қалған 
жанармайды сызғышпен өлшейді, ал құйылған отын мөлшерін бактің 
толуы мен өлшенген қалдық арасындағы айырмашылыққа сәйкес 
есептейді.
Дизельді қоректендіру жүйесінің ТҚ-1 кезінде бактер мен 
сүзгіштердегі қалдықты кран немесе тығынмен жабылатын ағызу 
тесіктері арқылы арнаулы ыдыстарға құйып алады. Отынды (2-3 л) 
жұмыс ауысымының басында ыдысқа құйып алған дұрыс, себебі түнде 
отын тұнып үлгереді; қалдықты сүзгіштерден ашық, таза отын 
шыққанға дейін құйып алады.
Көрсеткіш атауы
Маркаға арналған мән
Л
Е
З
А
15 °C 
кезіндегі тығыздық, кг/м
3
,
863,4
863,4
843,4
833,5
артық емес
Сүзгіштіктің шекті температурасы,
— 5
-15
-25

°С, артық емес


-35
-45




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет