85
БЕКІТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ- БАҚЫЛАУЖҰМЫСТАРЫ
Күш қондырғысының дизельдік двигателі блогінің жанып кетуі,
газтаратушы тетіктің күйенте соққыштары
мен клапан өзектері
арасындағы саңылаулардың бұзылуы, сұйықпен салқындату жүйесі бар
дизельді
двигательдердің
жану
камерасына
салқындатқыш
сұйықтықтың ағып кетуі тартпалардың босаңсуының себебінен
болады, бұның бәрі машинаға техникалық қызмет көрсету кезінде
байқалады.
Барлық жиналмалы бірліктер мен құрамдас бөліктердің, бекітілген
бұйымдар тартпасының беріктігін машинаның АСҚ кезінде тексереді.
Жол және құрылыс машиналарында, негізінен, бұрандалы біріктірулер
қолданылады. Бұрандалы біріктірулердің
бастапқы тартпасы
машинаның жүктемесі мен құрамдас бөліктерінің қозғалысы әсерінен
босаңсып кетеді, сондықтан жұмыс ауысымы басталмас бұрын
бұрандалы біріктірулерді бастапқы дәреже
қалпына жеткенше тарту
керек, ол тарту уақытымен анықталады (4.2-кесте).
Бұрандалы біріктірулердің тарту дәрежесін әр машинамен бірге
берілетін динамометрикалық кілттермен тексереді. Тарту дәрежесінің
артықтығы да, кемдігі де машинаның
жиналмалы бірліктері мен
құрамдас бөліктері бұрандалы біріктірулері жұмысының бұзылуына
әкеледі. Бұрандалы біріктірулерді өздігінен тежелетін элементтермен
және тежегіш шайбалармен бекітеді.
Қолдану кезінде іргелес детальдардың ескіруі, материал сапасының
өзгеруі, жүктемелер және температурамен байланысты болатын іргелес
беттердің сәл ауысулары әсерінен
жиналмалы бірліктің жұмысын
қамтамасыз ететін екі іргелес детальдың геометриялық орналасуы
арасындағы тиісті арақатынас бұзылады. Машинаға техникалық
қызмет көрсету кезінде оның жиналмалы бірліктерін (ілінісу
муфтасының жетегін, тежегішті,
аспаптарды, жұмыс жабдығын
ауыстыру жүйесін, тегершіктердің ілінісін, гидрожабдық элементтерін,
конустық дөңгелекті мойынтіректерді) реттейді, екі іргелес детальдың
Достарыңызбен бөлісу: