86
геометриялық орналасуы арасындағы
тиісті арақатынасты қалпына
келтіреді. Басқыштың бос жүрісіне сәйкес келетін, сығу иінтіректері
мен қосу муфтасы арасындағы саңылау тұйықталған типтегі ілінісу
дұрыс реттелгендігінің басты көрсеткіші болып табылады, сондықтан
ілінісудің дұрыс реттелгендігін басқыштың бос жүрісін тексеруден
бастайды. Егер нақты мәнге сәйкес келмесе, сығу иінтіректері мен қосу
муфтасы арасындағы саңылауды тексеріп,
қажет болса, реттейді.
Басқыштың бос жүрісін сызғыштың немесе арнаулы құралдың
көмегімен тексереді. Сығу иінтіректері мен қосу муфтасы арасындағы
саңылауды щуппен тексеріп, керек болса, реттеуші гайка көмегімен
тартқыштың ұзындығын өзгертеді. Егер машинаның беріліс қорабы
ілінісу сөніп тұрған жағдайда түрлі беріліске қиын, ал ілінісу қосылып
тұрған жағдайда еркін ауысатын болса, блоктаушы тетіктің реттелуін
нәтижесін тексеру керек.
Толық айналатын экскаватор шынжыр жүрісінің
сақтандырғыш
клапандарын реттеу де қарастырылмаған. Оларды тек арнаулы
стенділерде ғана реттеуге болады. Жүрістің сақтандырғыш
клапандарын тексеру үшін орталық коллектордан диаметрі 10 мм
түтікті босатып алады. Түтікті бітейді, ал штуцерді ашық қалдырады.
Жүріс тұтқасын қосып, диагональ ретімен алға сол жаққа және артқа
оң жаққа қозғай отырып, манометрдің көрсеткіштерін бақылайды.
Қысым тиісті мөлшерден төмен болса, гидромотордың гидроаппаратын
стендіде реттеу қажет.
Толық айналатын экскаватор гидроцилиндрлері гидроаппаратының
сақтандырғыш клапандарын реттеу де қарастырылмаған. Оларды тек
арнаулы стенділерде реттеуге болады, ол үшін жебенің, тұтқаның және
шөміштің гидроцилиндрлерін кезек-кезек ең ақырғы қалыпқа дейін
қосады; осы кезде манометрдің көрсеткіштері
сорғы клапандарын
реттеу кезіндегіден кем болмауы тиіс. Бұл көрсеткіштердің бірі төмен
болса, гидроаппаратты қайтадан реттеу қажет. Толық айналатын
экскаватор гидроцилиндрлері гидроаппаратының сақтандырғыш
клапандарын реттеуге болмайды, себебі бұл гидроцилиндр
штоктарының майысуына әкелуі мүмкін.
Пневмодөңгелекті толық айналатын экскаваторлардың дөңгелекті
тежегіштерінде эксцентриктер арқылы тежегіш барабаны мен
қалыптардың жоғарғы бөлігі арасындағы саңылауды реттейді; төменгі
реттеуші құрылғы көмегімен барабан мен қалыптардың төменгі бөлігі
арасында саңылау орнатады. Бұл кезде операциялардың орындалу
кезегі сақталуы тиіс: дөңгелекті
негізден ажырағанша көтереді,
эксцентрик гайкасын босатып, айналдыру арқылы қалыпты тежегіш
барабанына дейін әкеледі, дөңгелекті қозғаған кезде барабанға тиюі
керек. Кейін эксцентрикті кері бағытқа, пневмодөңгелектің еркін
87
қозғалысына дейін бұрайды, эксцентрикті
кілтпен ұстап тұрып, оған
гайка бұрайды, барлық дөңгелектің реттеуден кейінгі тежелуі бір
мезгілде болуын тексереді.
Толық айналатын экскаваторлардың пневмодөңгелекті жүріс
құрылғысында орнатылған тежегіштерді мына кезекпен реттейді: бір
дөңгелекті сыналап тоқтатады, екінші дөңгелек алдына төсем төсеп,
оны жерден тимейтін қалыпқа дейін домкратпен көтереді, содан соң
белдік астына төсемдердің пакетін салып, пакеттің орнықтылығын
тексереді,
кейін домкратты алып тастап, машинаның орнықтылығын
тексереді. Гайка кілтімен бұрамдықтың осін пневмодөңгелектің еркін
айналуы біткенге дейін бұрайды. Осы операция аяқталған соң осьті
кері бағытқа қаптамалар мен тежегіш барабаны арасындағы саңылау
0,3 ...
0,8 мм болғанша бұрайды. Саңылаудың талап етілетін мәнге
сәйкестігін арнайы тесіктер арқылы немесе тежегіш камерасы
штогының жүрісі арқылы тексереді; 0,3 ... 0,8 мм саңылауға шток
жүрісінің 20 ... 30 мм сәйкес келетінін естен шығармау керек.
Пневмодөңгелектердің қабысушылығын
көлденең тартқышпен
реттейді, дөңгелектердің артқы (ішкі) жақтарының арақашықтығы
дөңгелектердің алдыңғы (төменгі) жақтарының арақашықтағынан 3 ...
5 мм аз болуы тиіс. Бұл жағдайда бойлық осі симметриясы бойындағы
буксир оқ ағашының қалпын сыртқы түтік және фиксатор арқылы
реттейді.
Гидрожетектің
сақтандырғыш
клапандарындағы
бақылау
серіппесін
осы
клапандардың
техникалық
төлқұжатында
көрсетілгендей, клапан нақты жүктемеден 10 %-дан артық жүктеме
кезінде іске қосылатындай етіп тартады. Клапандары сынақтан өтпеген
және реттелмеген машиналар жұмысқа жіберілмейді.
Біліктердің конустық мойынтіректерін реттеуді реттеуші
төсемдердің санын өзгерту арқылы жүргізеді. Тірек-айналма
құрылғысында машинаны қолдану бойынша басшылықта көрсетілген
нақты саңылауды орнатады.
Жанармай аппаратурасының, гидрожүйе мен электр жүйесі
элементтерінің күрделі бақылау-реттеу операцияларын қажетті білікті
мамандар, тиісті стенділер мен өлшеу аспаптары бар эксплуатациялық
база немесе сервис орталығында жүргізген дұрыс.
4.4.
МАШИНАНЫ МАЙЛАУ ЖӘНЕ ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ
Машинаның жиналмалы бірліктері мен детальдарын арнайы
таңдалған майлау материалдарын қолданып майлайды (4.1-сурет),
олардың басты міндеті – үйкелетін жақтарына майдан қабықша жасап,
88
сырты бір-біріне
тиетін детальдардың ескіруін, үйкеліске кететін
шығынды азайту, бір-біріне үйкелетін жерлерді коррозиядан сақтау,
детальдардың сыртын жақсылап майлау, олардан жылуды шығару,
тозу өнімдерін шығару, үйкелетін жақтардың қарысып қалуын
болдырмау.
Достарыңызбен бөлісу: