Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет45/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

10
 
соның арқасында тарту ролигімен бірге ол орнатылған кронштейн де 
ауысады. Реттеу аяқталған соң бұрандама контргайкасын қайырып қою 
керек.
Двигательдердің жұмыс жасау қабілетіне ауа тазартқыштардың 
жағдайы едәуір әсер етеді. Олардың бітелуінен ауа қозғалысының 
цилиндрлерге түсіретін салмағы артады, нәтижесінде двигатель қуаты 
төмендейді. Ауа тазартқыш табандығындағы майдың аздығы немесе 
оның шаңға толып қалуы ауа тазартудың нашарлауына әкеледі. 
Ондағы абразивті бөлшектер двигатель цилиндрлеріне түсіп, 
айналшақты-бұлғақты және басқа да тетіктер тез ескіреді. 
Лас заттар цилиндрлерге ауа берудің герметикалығы бұзылған 
жағдайда да түседі. Ауа беру жүйесінің герметикалығын машинаға 
қызмет көрсетудің әр кезеңінде тексереді. Бұл үшін тазартқышты алып, 
двигательді қосады да, иінді біліктің орташа жиіліктегі айналымында 
ауа тазартқыштың ауа тартатын құбырын жабады. Егер двигатель сөніп 
қалса, жүйе – герметикалық деген сөз. Олай болмаса, жүйені қарап, ауа 
кіретін жерді жөндеу керек.
Дизельді двигательдерді іске қосу құрылғыларының қалыпты 
жұмыс жасауы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаумен 
байланысты, олардың ішіне мыналар кіреді:

бакті отынмен толтыру және оны мерзімді тазарту;

сүзгінің тұндырғышы мен ауа тазартқышты тазарту;

қалған жанармайды ағызу;

картерді маймен толтыру және оны ауыстыру;

коллектор және стартер щеткасының жағдайын тексеру мен оның
жетегін реттеу;

оталдыру құрылғысының дұрыстығын тексеру және магнето
үзгіштерінің контактілері арасындағы саңылауды реттеу;

шам электродтары арасындағы саңылауды реттеу, ілінісу және қосу
тетіктерін тексеру.


10
 
5.3.
 
ЖҮРІС ҚҰРЫЛҒЫСЫ МЕН 
ТРАНСМИССИЯҒА ТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
 
Дөңгелектер мен шиналардың, шынжыр таспалардың, беріліс 
қорабының, ілінісу муфтасының жұмысқа қабілеттілігін бақылау және 
қамтамасыз ету жүріс құрылғысы мен трансмиссияға техникалық 
қызмет көрсету технологиясының негізгі жұмыстары болып саналады.
Пневмодөңгелекті машиналардың дөңгелектері мен шиналарын 
күнде қарайды, шиналардағы ауа қысымын тексереді, дөңгелекті бекіту 
детальдарының тартылысын тексереді. Белгілі уақыттан кейін 
бірқалыпты тозуы үшін шиналардың орындарын ауыстырады. 
Дөңгелек күпшегінің мойынтіректерін жүйелі түрде тексеріп, қажет 
болса, реттейді.
Шынжыр табанды машинаның түзу жүрісі шынжыр тізбектерінің 
дұрыс тартылмауынан бұзылуы мүмкін. Шынжыр таспалардың дұрыс 
тартылғанын олардың созылу мөлшеріне қарай тексереді.
Техникалық қызмет көрсету кезінде шынжыр табанды біршөмішті 
экскаваторлардың шынжыр таспаларын тарту базалық шынжыр 
табанды тракторлардағы сияқты арнаулы тартатын тетік (5.1-сурет) 
арқылы мына ретпен жүргізіледі: машинаны қатты және тегіс алаңға 
қояды; шынжыр таспаның төменгі тармағын экскаваторды алға қозғап 
тартады; тиекті ине 18 үш айналымға бұралған уақытта 
гидроцилиндрге 1 майсауыт 19 арқылы шприцпен майлау материалын 
нығыздайды; шынжыр тартылғаннан кейін инені 18 соңына дейін 
бұрайды. Жүріс құрылғысы шынжыр таспасының созылуын тексеру 
үшін машинаны тегіс жерге орналастырып, айналмалы платформаны 
шынжыр жүріске көлденең бұрады, тексерілетін шынжыр табан жақтан 
шөмішті соңына дейін тіреп, шынжыр табанды жерге тимейтін 
биіктікке көтереді, шынжырдың қозғалысы арқылы үстіңгі тармақтағы 
саңылауларды таңдап, шынжыр табанның астыңғы тармағының 
созылып кетуін өлшейді.
Қатты жерлердегі жұмыс үшін тізбектің тегістеу жолынан орташа 
тіректік катканың ребордасына дейінгі өлшемі 70 ... 80 мм болуы және 
жұмсақ жерлердегі жұмыс үшін 100 ... 120 мм болуы тиіс. Шынжыр 
таспаның тартылысын босату үшін экскаваторды үш айналымға 
бұралған ине 18 мен бұрылған майсауыт 19 қалпында артқа қозғап, 
жүргізеді. Серіппелі біріктірулер айтарлықтай тозған және шынжыр 
таспаны тарту жүрісінің бәрін қолданған кезде бір тізбекті босатып 
алып, тарту құрылғысының бастапқы қалпынан тартуды жүргізеді. 


Беріліс қорабына техникалық қызмет көрсету май деңгейін 
тексеруден, бұрандалы біріктірулерді тартудан, ағып кетулер мен 
картерге шаң түсудің алдын алудан тұрады. Жұмыс кезінде беріліс 
қорабының қатты шуылдауы, берілісті ауыстырудың қиындығы
картердің шамадан тыс қызып кетуі тиісті реттегіш операциялар 
жүргізу, тістегершіктерді тазалау, төсемдер мен сальниктерді 
ауыстыру, машинаны пайдалану мерзіміне қарай май түрін таңдау 
арқылы ретке келтіріледі.
Дөңгелекті редукторлар мойынтіректеріндегі саңылауларды 
көтерілген дөңгелекті белдік осі бойымен тербелту кезінде тексереді. 
Конустық тістегершіктер тістері арасындағы қаптал саңылауларын 
тексеру үшін тістер арасынан қорғасын пластина жүргізуге болады. 
Пневмодөңгелекті машиналардағы рұқсат етілген саңылау - 0,2 ... 0,5 
мм. Берілістегі саңылау бұдан артық болса, роликті мойынтіректерді 
реттеу мен конустық тістегершіктерді тістерінің орнына қарай іліктіру 
жүргізіледі.
5.1-сурет. Біршөмішті экскаваторлар шынжырлы жүріс құрылғысының тарту 
тетігі бар бағыттаушы дөңгелегі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет