Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет44/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

10
 
5.1.
 
5.2.
 
5-
тарау
МАШИНАЛАРҒА
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
КЕЗІНДЕ
ҚАЙТАЛАНАТЫН
ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮРГІЗУ
 
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУДІҢ
ЖАЛПЫ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
 
Машинаның әрбір түрінде кездесетін бірдей операцияларды 
қайталап түсіндіріп жатпас үшін түраралық (типтік) құрамдас бөліктер 
мен жиналмалы бірліктерге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру 
бойынша бірыңғай деректерді бір ақпараттық блокта орналастыру 
керек.
Әңгіме типтік двигательдердегі, жүріс құрылғыларындағы, 
трансмиссиядағы, басқару жүйесіндегі, тежегіштердегі жалпы ТҚ 
операциялары туралы болып отыр.
МАШИНА ДВИГАТЕЛЬДЕРІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
 
Жол және құрылыс машиналарына орнатылатын іштен жанатын 
двигательдерге техникалық қызмет көрсету технологиясы машинамен 
бірге берілетін Эксплуатация жөніндегі басшылықта (ЭБ) көрсетілген.
Айналшақты-бұлғақты және үлестіруші тетіктер, қоректендіру, 
салқындату жүйесі, майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсетіледі. 
Двигательге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының ішіндегі 
ең күрделілері – үлестіруші және декомпрессиялық тетіктерді реттеу, 
желдеткіш белдіктерін тарту, форсункалардың жанармайды бүрку 
қысымын бақылау, отын берудің озу бұрышын тексеру, салқындату 
жүйесіндегі қақты алу, қоректендіру мен майлау жүйелерінің 
сүзгілеуші элементтерін тазарту.
Двигательдің айналшақты-бұлғақты тетігіне қызмет көрсету 
бойынша жұмыстардың негізгі түрі – оның техникалық жағдайын 
тексеру ол машинаның ТҚ-3 кезінде жүргізіледі. Тетіктің ақаулығы бар 


10
 
екендігін двигательдегі тарсыл мен шу арқылы байқайды, оны 
автостетоскоп көмегімен бағалайды. 
Цилиндрлі-поршенді топтың жалпы жағдайын күш қондырғысы 
двигателінің картеріне өтіп кететін газ көлемімен анықтайды. 
Двигательдің салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету 
жөніндегі жұмыстардың құрамына жүйенің температурасын және 
салқындатқыш сұйықтық деңгейі мен герметикалығын бақылау, 
радиаторды тазарту, су сорғысының тығыздық жағдайын тексеру, 
оның мойынтіректерін майлау, жүйені қақтан тазарту, термостат пен 
термометр қызметінің дұрыстығын тексеру кіреді. 
Машинаның қалыпты жүктемесі кезінде жүйедегі салқындатқыш 
сұйықтықтың температурасы 80 ... 95 °С тең қалыпта ұсталады. 
Температура мәні нақты мәннен жоғары болса, жүйедегі 
салқындатқыш сұйықтық жеткілікті ме, ағып тұрған жоқ па, радиатор 
құбырлары бітеліп қалған жоқ па, желдеткіш жетегінің белдігі босап 
кеткен жоқ па, радиатордың пердесі немесе жалюзиі ашық па екендігін 
тексеру қажет.
Ауамен салқындату жүйесі бар двигательдерде қаптаманың 
бекітілуін тексереді, керек болса, оны тартады, цилиндр қырларын, 
бастарын кірден тазартады, желдеткіш белдіктері дұрыс 
тартылғандығын тексереді. 
Радиатордағы салқындатқыш сұйықтықтың деңгейі құю мойнынан 
80 мм-ден төмен болмауы тиіс. Қызып тұрған двигательге суық 
сұйықтық, ал салқын двигательге ыстық сұйықтық құюға болмайды, 
цилиндр блогі мен басында жарықшақ пайда болады. Радиаторда 
сұйықтық деңгейі төмендесе, оны толтырады. Желдеткіш белдіктері 
мен су сорғысының дұрыс тартылғанын белдікті қолмен басып 
тексереді. Белдіктің иілу дәрежесіне қарай дұрыс тартылғандығын 
бағалайды.
Жер қазушы-тасушы машиналарда орнатылған Д-65, СМД-14 және 
Д-240 двигательдеріндегі желдеткіш белдігін тарту үшін генератордың 
кронштейнге бекітілуін босату керек, генераторды планкаға бекіту 
гайкасын сәл бұрап, генераторды қолмен бұрау арқылы белдікті 
қажетінше тарту қажет, кейін генераторды бір қолмен ұстап тұрып, 
екінші қолмен оны бекітеді.
Көбіне құбыр тартқыш крандарда орнатылатын А-01М (А-02М) 
двигательдерді желдеткішінің белдігін тартуды ролик осін бекіту 
гайкасы мен реттегіш бұрандаманың контргайкасын босата отырып, 
реттегіш бұрандаманың тарту ролигін ауыстыру арқылы жүзеге 
асырады. 
Жол және құрылыс машиналары двигательдерінің кейбірінде 
желдеткіш белдігін реттегіш бұрамасын айналдыру арқылы тартады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет