Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет46/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

I — 
гидроцилиндр; 2 — шток; 3 — манжета; 4, 16 — қорғаныс сақинасы; 5, 15 — сақиналар; 
6 — 
қаптама; 7 — бағыттаушы дөңгелек; 8 — қақпақ; 9 — бұрандама; 10 — шайба;
II — 
киіз сақина; 12 — бұрама; 13 — гайка; 14 — қырғыш; 17 — жалғастырғыш тетік; 18 — 
ине; 19 — майсауыт


ГИДРОЖҮЙЕ МЕН ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫНА 
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
 
Гидрожүйеге техникалық қызмет көрсету жөніндегі басты 
жұмыстарға мыналар жатады:

сүзгіш элементтерді тазарту;

сақтандырғыш клапандарды баптау;

гидрожабдықты жуу;

жұмыс сұйықтығын ауыстыру;

гидрожабдықтың герметикалығын тексеру;

бекіткіштерді тарту.
Төгу жолындағы манометрмен өлшенген қысым нақты қысымнан
төмен болса, гидрожүйенің сүзгіш элементтерін тазартады, сүзгіш 
корпустарын шаңнан тазалайды, сүзгіш элементтерді дизель 
отынының ваннасына салады, мұқият жуады, кейін арнаулы ұштық 
арқылы компрессордан берілетін қысылған ауамен үрлейді.
Сақтандырғыш клапандарды баптау кезінде технологиялық 
операцияларды орындаудың келесі кезегі сақталуы тиіс:

басқару тұтқасын бейтарап (ажыратылған) қалыпқа қояды;

60 МПа қысымға есептелген манометрді жоғарыдағы қысым
секциясында орналасқан қысымды құбыр желісіне қосады;

дизельді двигательді қосып, иінді білік айналымы санын нақты
мәнге дейін жеткізеді;

бірінші және екінші сақтандырғыш клапандардың реттегіш
бұрамасын соңына дейін бұрайды;

қалған сақтандырғыш клапандарының реттегіш бұрамаларын
босатады;

жұмыс жабдығының, мысалы, экскаватордың толық құлашымен
шөміш тістерін топыраққа тереңдетеді немесе шөмішті айналмалы
платформа қозғала алмайтындай етіп тіреуіштер арасына орнатады;

платформаны біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа кезек-кезек
айналдыру арқылы тиісті сақтандырғыш клапандарды (20+
2
) Мпа
қысымына баптайды;

шөміш тістерін топыраққа кіргізіп, екінші берілісті қосады, тежегіш
педалін басып, педальді ұстап тұрады;

алға, кейін артқа жүріп, тиісті сақтандырғыш клапандарды (20+
2
)
Мпа қысымына баптайды;



қысым секциясының астында орналасқан қысымды құбыр желісіне
манометрді ауыстырады;

жебені соңына дейін көтеріп, кейін түсіруді қосқан кезде жебені
көтеру мен түсірудің сақтандырғыш клапандарын (32+
3
) МПа
қысымына баптайды;

оңға және солға қарай соңына дейін тұтқаны бұруды қосып, тиісті
сақтандырғыш клапандарын (32
+3
) МПа қысымына баптайды;

шөмішті кезек-кезек оңға және солға бұруды қосу кезінде шөмішті
бұрудың сақтандырғыш клапандарын (32
+3
) МПа қысымына
баптайды;

шөмішті кез келген жаққа соңына дейін бұрып, кезегімен бірінші
және екінші сақтандырғыш клапандарын (28+
3
) МПа қысымына
баптайды.
Сақтандырғыш клапандарын баптау кезінде реттегіш бұраманы
алдымен айналдырып, екі-үш айналымнан кейін баптауды жүргізу 
керектігін ұмытпау керек.
Жол және құрылыс машиналары гидрожабдығына техникалық 
қызмет көрсетуді эксплуатациялық базаның стационарлық бекетінде 
немесе жылжымалы стансаларда жүргізеді. Гидрожүйеге қызмет 
көрсететін бекетте жұмыс сұйықтығын тазарту мен оның тазалығын 
бақылауға арналған құралдар, гидрожүйенің техникалық жағдайын 
диагностикалау құралдары, қызмет көрсетілетін машинаға арналған 
орынжай болуы тиіс.
Электр жабдығына техникалық қызмет көрсету электрмен 
қоректендіру көздерін, жарықтандыру мен сигнал беру желілерін және 
оларға кіретін аспаптарды (стартерді, магнетоны, шамдарды тексеру) 
сыртқы қараудан тұрады. Электр жабдығына техникалық қызмет 
көрсету үшін электриктің құралдарын пайдаланады.
Аккумулятор батареяларына қызмет көрсету бойынша жұмыстарға 
мыналар кіреді:

оларды шаңнан тазарту;

батарея бекітулерін және шығатын қадалар сымдарының ұшын
тексеру;

олардың аспаптар бойынша жұмысын бақылау;

элементтердің желдеткіш тесіктерін тазарту;

электролит деңгейі мен тығыздығын және элементтердің қуатталу
дәрежесін тексеру;

электролит тығыздығын батареяны қолдану мерзіміне сәйкес
түзету;

оларды күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысында жылыту және
көктемгі-жазғы мерзімге ауысу кезінде жылытуды тоқтату.


5.3-
кесте. Климаттық жағдайлар мен аккумулятор батареялары қуатының біту 
дәрежесіне қарай электролит тығыздығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет