Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет49/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

11
 
6.1.
 
6-
тарау
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА 
ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУ 
ЖӨНДЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ
 
2.2-
тараушада жол және құрылыс машиналарын ағымдық және 
күрделі жөндеу ұғымдарына түсінік берілген болатын. Еске сала 
кетейік, ағымдық жөндеу дегеніміз – тозған (немесе зақымданған) 
детальдарды, құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктерді ауыстыру 
(немесе жөндеу).
Күрделі жөндеу машинаның базалық жиналмалы бірліктері мен 
детальдары шектік жағдайға жеткен кезде жүргізіледі. 
Бұйымның (тұтас машинаның, оның жиналмалы бірліктерінің, 
құрамдас бөліктерінің, детальдарының) шекті жағдайы осы бұйымның 
қоры сарқылған кездегі өлшемдермен анықталады. Ол күрделі жөндеу 
жүргізу қажеттілігін тудырады. Бұдан басқа, қолданыстағы машина 
базалық құрамдас бөліктерінің шекті жағдайы кенеттен пайда болған 
кезде, бұрын жүргізілген күрделі жөндеу орындалмаған немесе ішінара 
орындалған уақытта жоспарланғаннан тыс күрделі жөндеуге жіберілуі 
мүмкін. 
Бұйымның, оның жиналмалы бірліктерінің, құрамдас бөліктерінің, 
детальдарының шекті жағдайы қосымша өлшемдермен анықталады, 
осы кезде бұйымның қоры сарқылды деп саналады да, тағы да бір 
жөндеу жүргізу талап етіледі. 
Дилер немесе машинаны әзірлеуші алатын заманауи қосалқы 
бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді қолдана отырып жөндеу 
жүргізуді өндірістік бәсекеге қабілетті технология ретінде тануға 
болады. Әзірлеуші кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өндіріске 
теңестірілген жөндеу жұмыстарын қайталама машинажасау деп 
атайды, бұл жұмыстар әлемдік шаруашылық дәрежесіне жетіп отыр.


11
 
МАШИНАЛАРҒА
АҒЫМДЫҚ
ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ
ҮШІН
ЖИНАЛМАЛЫ
БІРЛІКТЕР
МЕН
ДЕТАЛЬДАРДЫҢ
АҚАУЛЫҚТАРЫН
ЖОЮ
 
Ақаулықты жою машинаны жөндеудің технологиялық үдерісінің 
операцияларын қамтиды, оларды орындау қолданыста болған 
жиналмалы бірліктер және олардың детальдарының жөнделетін 
техникаға пайдалануға жарамдылығы дәрежесін анықтауға мүмкіндік 
береді. Жиналмалы бірліктер және олардың детальдарында 
қолданылатын материалдардың тозуы, коррозия, шаршауы, сондай-ақ 
жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсетудің 
бекітілген ережелерінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын 
ақаулықтар анықталса, ақаулықты жоюды жүргізу қажеттілігі 
туындайды.
Детальдар мен жиналмалы бірліктердің қолданыс кезінде қатты 
ескіруінен одан әрі пайдалануға жол берілмейтіндерінен басқаларының 
барлығы ақаулықты жоюдан өткізіледі. Әңгіме құлыпты және 
серіппелі шайбалар, шплинттер, сальниктер, резеңке манжеттер
төсемдер туралы болып отыр. Оларды жаңа, қосалқы бөлшектер 
қоймасында сақталатын детальдарға ауыстырады. Ауыстырылған 
детальды брактайды, кейін жойып, қалдық ретінде құртады. 
Ақаулықты жоюды жол шаруашылығының эксплуатациялық 
базасында, жуу бөлімшесінің жанында орналасқан және детальдарды 
ақаулықтан арылтуға арналған үстел, тексеру плиталары, детальдар 
мен жиналмалы бірліктерді қысылған ауамен үрлеуге арналған ұшты 
шланг және т.б. сияқты құралдары бар арнайы бөлінген жерде 
жүргізеді. 
Ақаулықты жоюшы маман өз жұмысын орындау үшін қолданатын 
бақылау 
мен 
өлшеу 
құралдарына 
жиналмалы 
лупа, 
штангенциркульдер, микрометрлер, индикаторлық нутромерлер, 
щуптер, сызғыш, дефектоскоп, калибрлер мен шаблондар жиынтығы 
және т.б. жатады.
Көлемі ірі жиналмалы бірліктер мен детальдардың ақаулықтарын 
жою жөнделетін машинаны бөлшектейтін жұмыс орындарында 
жүргізіледі. 
Ақаулықты жоюға дайындық машинаны тазарту мен жуу (4.1-
кесте), оның техникалық жағдайын тексеру, ақаулық ведомосін 
толтырудан басталады. Жөнделетін машина жуылғаннан кейін 
жинақтау жұмыстары кезінде одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет