Жүргізу о қулық


Механикаландырылған құрал



Pdf көрінісі
бет124/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Механикаландырылған құрал — жұмыс органын жетектеуге арналған
кірістірілген қозғалтқышы бар қол машинасы.
Микрометр — сызықтық өлшемдерді өлшеуге арналған аспап.
Микропроцессор — жиналмалы бірлікке кіріктірілген, жұмыс жабдығын 
немесе толықтай машинаны басқару жүйесінде қолданылатын микропроцессор 
(интегралды сызба).
Модификация — базалық үлгімен бірдей орындалған, бірақ құрамдас 
бөліктері мен жиналмалы бірліктерінде шектеулі өзгерістері бар, базалық үлгіден 
қолданыс саласы бойынша ажыратылатын машина.
Мойынтірек — білік (немесе ось) тіреуінің бөлігі, одан жүктемені 
қабылдайды және оның айналуын қамтамасыз етеді.
Монтаж —жинау, жобалық қалыпта орнату, құрылымдардың, технологиялық 
жабдықтарды, машинаны тұрақты бекіту.
Муфта — трансмиссия біліктерін біріктіруге және айналыс кезеңін беруге 
арналған құрылғы.
Надфиль — үстіңгі беттерді тазарту мен ұсақ нәзік детальдарды өңдеуге 
арналған, ұсақ кертіктері бар егеу.
Нақты мән — техникалық құжаттамада оның қызметтік тағайындалуымен 
анықталатын және ауытқуларды есептеуге бастама болатын көрсеткіш мәні.
Нарық — өндірілетін бұйымдарды сату-сатып алу және оларды әзірлеушіден 
тұтынушы мен сервистік орталықтарға жылжытуға мүмкіндік беретін 
үдерістерімен байланысты өзара тиімді тауар қатынастары пайда болатын және 
жүзеге асатын әлемдік шаруашылықтың бәсекелестік ортасы.
Норма — жөндеу операциясының орындалу уақытын реттейтін, бір нәрсенің 
бекітілген мөлшері.
Норматив — нормалар (техникалық, экономикалық) көрсеткіші, олармен 
сәйкес жұмыс жүргізіледі.
Нормативтік-техникалық құжат  — стандарттау нысандарына қойылатын 
талаптарды бекітетін, орындалуы, мысалы, машинаға техникалық қызмет пен 
жөндеу жүргізу кезінде, міндетті құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет