Редуктор — тұрақты берілетін саны (қатысы) бар жабық механикалық күш
берілісі.
Рекуперация — гидрожетекті машинаның жұмысы кезінде гидрожүйедегі
жұмыс сұйықтығын қайтадан қолдану.
Реттеу — машинаның жиналмалы бірліктерін бөлшектеусіз қалыпты жұмыс
жасай алатын жағдайға келтіру үдерісі.
ROPS —
төңкеру кезінде сақтану құрылғысы.
Салмақ — материалдың инерттілігі мен гравитациялық қасиеттерінің өлшемін
білдіретін сипаттамасы, Халықаралық бірліктер жүйесіндегі салмақтың бірлігі —
килограмм (кг).
Сапун — май қызған кезде пайда болатын газдарды жоюға арналған редуктор
қақпағындағы клапан.
Сатудан кейінгі кепілдік сервисі (кепілдендірілген техникалық қызмет
көрсету) — әзірлеуші кәсіпорын (жөндеу кәсіпорны) өкілінің бұзылған машина
орналасқан жерге баруы, бұзылуларды жоюы, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз
етуі, ТҚ жүргізуге қатысуы.
Сенімділік — машинаның уақыт ішінде барлық көрсеткішінің бекітілген шекті
мәндерін сақтау қасиеті, ол берілген режим мен қолдану жағдайы, техникалық
қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау кезінде талап етілетін функцияларды
орындау қабілетін сипаттайды.
Серіппе — жүктеме астындағы серіппелі деформация есебінен энергияны
уақытша жинақтау үшін қызмет ететін деталь.
«С» категориялы автокөліктер — рұқсат етілген максималды салмағы
3 500
кг артық жүк автокөліктері.
Слесарьдың шебер үстелі — слесарьлық өңдеуге қажетті аспаптары бар
шебер үстелі.
Соққы — металды қысыммен өңдеу тәсілі, дайындаманы аспаппен қайта-
қайта соққылау нәтижесінде ол қажетті форма мен өлшемге келеді.
Сортамент — біртекті заттар (мысалы, прокаттың) әртүрлі типтерінің қиық
формасы, өлшемі, материалы туралы деректер.
Достарыңызбен бөлісу: |