саңылаулар және тартылыспен анықталады.
Өзі жасау арқылы шынықтыру — детальдың (бұйым)
бір бөлігін суда
салқындатып кейін детальдың (бұйым) суға батырылмаған бөлігінің жылуы
арқылы шынықтыру.
Өлшем — таңдалған өлшем бірліктеріндегі сызықтық шаманың сандық мәні.
Өлшеу — тәжірибелі жолмен арнаулы техникалық құралдардың көмегімен
физикалық шаманың мәнін табу.
Өндірістегі қайғылы оқиға — жұмыс орындаушы өзінің қызметтік
міндеттерін немесе басшының тапсырмасын орындау кезінде оған әсер еткен
өндірістік фактор жағдайы.
Өндірістік қауіпсіздік — еңбек қызметі кезінде жұмыс аумағында
туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс
жасаушыларға тигізетін
әсерінің алдын алатын немесе азайтатын ұйымдық
іс-шаралар мен техникалық
құралдардың жүйесі.
Өндірістік санитария — еңбек қызметі кезінде жұмыс аумағында
туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың жұмыс жасаушыларға тигізетін
әсерінің алдын алатын немесе азайтатын ұйымдық іс-шаралар мен техникалық
құралдардың жүйесі.
Өндірістің технологиялық дайындығы — жөндеу
кәсіпорнының бекітілген
мерзімде, бекітілген шығару көлемі мен шығындарға сәйкес күрделі жөндеуден
өткізілген жол және құрылыс машиналарын шығаруға технологиялық дайындығын
қамтамасыз ететін, өзара байланысты үдерістер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: