Жүргізу о қулық


Машиналар ақаулықтарының алдын-алуға жұмыс  жағдайының тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет24/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

3.1.3. Машиналар ақаулықтарының алдын-алуға жұмыс 
жағдайының тигізетін әсері
 
Жол және құрылыс машиналарын мақсатқа сай қолдану кезінде 
олар техникалық жағдайын өзгертетін түрлі әрекеттерге ұшырайды. 
Бұл машинаның мына көрсеткіштерін төмендетеді:
■ 
жанар-жағармай материалдарының шығыны артады;
■ 
машина қуаты төмендейді, тарту күші азаяды, тіреуіштер әлсірейді;
■ 
жиналмалы бірліктердің детальдары ескіреді.
Машинаның қысқы уақыттағы жағдайы өзгереді: үйкелетін үстіңгі 
беттерге қою май шығады. Жазғы уақытта қозғалтқыш пен жұмыс 
сұйықтығы қызып кетеді. Жұмыс ортасының ауасы машинада 
ақаулықтар пайда болуына әсер етеді. Ауаның ластануы машинаның 
құрамдас бөліктеріне абразив бөлшектердің ену ықтималдығын 
арттырады. Машинаның бұзылмауына оған техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеудің сапасы да әсер етеді. Бұл жұмыстардың 
уақытылы және толық көлемде орындалмауы ақаулықтардың пайда 
болуына, құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктер қорының 
қысқаруына алып келеді. 
Машинаны жұмыс жағдайында қолданудың бекітілген тәртібін 
сақтау оның ақаулықтарының алдын-алуға әсер етеді. Машинаға 
жанармай құю ережелерін ұстану шаң-тозаң түсуден сақтайды. Реттеу 
жағдайын сақтау жұмыс жасау сенімділігін арттырып, бұзылу санын 
азайтады. Машинаның ақаулықтары оның құрамдас бөліктері мен 
жиналмалы бірліктеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 
жүргізу технологиясының бұзылуымен байланысты болады.
Техникалық қызмет көрсету, диагностикалау, детальдарды қалпына 
келтіру, машина бөлшектерінің ағымдық және күрделі жөндеуі 
нормативтік-құқықтық құжаттарға сай болуы тиіс. 


5
 
3.2.
 
МАШИНАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА 
ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
 
Машиналарды диагностикалаудың екі тәсілі бар:
1) 
мамандардың сыртынан қарауы;
2) 
арнаулы жабдықтар және аспаптар арқылы құрал-саймандармен 
диагностикалау.
Сыртынан қарау жиналмалы бірліктерде болуы мүмкін 
ақаулықтарды тексеруден басталады (3.1, 3.2-кесте). Сыртынан қарай 
жүріп, майдың, жұмыс және салқындатқыш сұйықтықтардың, 
жанармайдың ағып кетуін табады, тығыздауыштар мен бекіткіштердің 
жағдайына, жұмыс жабдығының негізгі металл құрастырылымының 
көзге көрінетін ақаулықтарына назар аударады.
Машинистің 
ескертулерін 
негізге 
ала 
отырып, 
күш 
құрылғысындағы шуды, тарсылды, түтін шығуды, гидрожүйе мен 
трансмиссия элементтерінің қызып кетуін анықтайды. Құрал-
саймандармен диагностикалаудың негізі — жиналмалы бірліктер 
техникалық жағдайының көрсеткіштерін анықтау, оларды өлшеп, 
машинаны жасаудың нормативтік құжаттарында бекітілген көрсеткіш 
мәндерімен салыстыру.
Жол және құрылыс машиналарын диагностикалау үдерісі олардың 
өмірлік циклінің рет-ретімен орындалатын үш кезеңінен құралады:
1) 
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктердің техникалық 
жағдайын талдау;
2) 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жөніндегі 
жұмыстардың белгілі түрі және көлемі;
3) 
осы жұмыстарды орындау үшін машиналарды тиісті жұмыс 
аймақтарына жіберу.
Әрбір жиналмалы бірлік пен деталь үшін олардың техникалық 
жағдайын неғұрлым дәл және толық анықтауға мүмкіндік беретін 
диагностикалау тәсілдері, құралдары және шарттары әзірленеді. 
Техникалық диагностикалау кезінде диагностикалау нәтижелері, 
машинаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу жөніндегі 
жұмыстардың тиісті көлемі мен мазмұны туралы қорытындылар 
жазылатын арнаулы карта құрылады.


3.1-кесте. Жол және құрылыс машиналарының дизельді двигательдерін диагностикалау кезіндегі ақаулықтардың 
белгілері, пайда болу себептері және оларды жою әдістері 
Ақаулықтың белгісі
Ақаулықтың пайда болу себебі
Ақаулықты жою әдісі
Двигатель іске қосылады, 
бірақ кейін тоқтап қалады
Жанармай багінде отын аз
Жанармай багіндегі отын деңгейін тексеру
Отын жүйесінде ауа бар
Отын жүйесінен ауаны шығару
Отын айдайтын сорғы зақымданған
Отын айдайтын сорғыны жаңаға ауыстыру
Двигатель бірқалыпты 
жұмыс жасамайды және 
дірілдейді
Клапан серіппелері зақымданған
Клапан серіппелерін ауыстыру
Клапандар қажалған
Цилиндр блогінің басын жөндеу
Форсункалар бұзылған
Форсункаларды жаңаға ауыстыру
Цилиндрдегі компрессия төмен
Двигательді жөндеу
Айналымды реттеуші зақымданған
Айналымды реттегішті жаңаға ауыстыру
Двигатель қатты 
дірілдейді
Қозғалтқыштың бекіткіштері зақымданған
Двигательдің бекіткіштерін ауыстыру
Сермер дұрыс орнатылмаған
Двигательдің сермерін ауыстыру
Двигательде тарсыл бар
Жанармай маркасы дұрыс емес
Жанармайды төгіп тастап, отынның жаңа түрімен 
ауыстыру
Клапан саңылаулары дұрыс емес
Клапан саңылауларын реттеу
Клапандар қажалған
Цилиндр блогінің басын жөндеу
Поршен сақиналары ескірген немесе қажалған
Поршен сақиналарын жаңаға ауыстыру
Поршенде тарсыл пайда болған
Двигательді жөндеу


 3.1-
кестенің соңы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет