16
Жұмысқа кіріспестен бұрын құбыр жүргізуші кран толық
техникалық куәландырудан өтуі тиіс. Жұмыстағы құбыр жүргізуші
кран да толық техникалық куәландыруға жатады:
■
ішінара — 12 айда бір реттен кем емес;
■
толық — 3 жылда бір реттен кем емес.
Техникалық куәландыру құбыр жүргізуші кранның. соның ішінде
қауіпсіздік құралдарының дұрыс жағдайын анықтау мақсатында
жүзеге асырылады.
Құбыр жүргізуші крандардың апатсыз жұмысын қамтамасыз ету
үшін келесі құралдар мен қауіпсіздік құрылғылары орнатылады:
■
жебе құлашы кезіндегі ең көп мөлшердегі жүккөтеру көрсеткіші
;
■
дабыл дыбысты құрылғы;
■
берілісі қосылған қозғалтқыштың оталуын жоққа шығаратын
кабинадағы құрылғы;
■
шығуы үшін жүккөтергіш көрсеткішін 10% көп массасы артатын
жүкті көтеру жағдайында осы жүкті көтеру және шығуын өзгерту
механизмін автоматты түрде өшіретін жүк көтергіш шектегіші.
Жүккөтергіштік шектегішінің әрекеті аяқталған соң жүктің төмен
түсірілуі немесе жүк көлемін азайтуға арналған басқа механизмдердің
қосылуы мүмкін.
Құбыр жүргізуші кранның ілгек және жебе құрсамасы арасында
100 мм саңылауға жол беретіндей ілгек құрсамасының шеткі
жағдайында автоматты түрде тоқтатылуы үшін шектегіштері бар.
Жебенің шеткі жағдайында тоқтатылуы үшін шектегіш болуы керек.
Техникалық тапсырмада көрсетілген тапсырыс берушінің арнайы
талабы бойынша құбыр жүргізуші кранда қауіпсіздіктің қосымша
құрылғыларын (жантаюын өлшеу құралы,
қауіпті кернеу
дабылдатқышы және басқа да құралдар мен құрылғылар) орнатуға
рұқсат етіледі.
8.8.2. Құбыр жүргізуші кранның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі машинистің міндеттері
Машинист құбыр жүргізуші кранды тексеріп шығуы қажет, ол үшін
оған тиісінше уақыт бөлінеді. Тапсырманы алған соң машинист
құрамдас бөліктер мен жүріс құрылғысының жағдайын тексереді,
механизмдерді, олардың бекітілуі мен тежегішті қарап шығады.
Қолжетімді жерлерде металлқұрылғыларын және жебе
секцияларының
бірігу жерлерін қарап шығу, ілмек асылғысын және оның
құрсамасында
бекітілуін тексеру, қауіпсіздік құралдары мен
|