17
технологияларына, машиналардың жөндеу технологияларына және
оларға техникалық кызмет көрсету жайлылығына тікелей байланысты.
Машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесіне
орындалуға міндетті бірқатар талаптар қойылады. Олардың
орындалмауы адам денсаулығы мен өміріне зиян зардаптарға әкелуі
мүмкін.
Ресей Федерациясының Білім министрлігі 2012 жылдың 29
желтоқсан күні қабылдаған «Ресей Федерациясындағы білім туралы»
заңынын негізінде бекітілген «Жол-құрылыс машиналарының
машинисі», «Жол-құрылыс машиналары және тракторларының темір
ұстасы» мамандықтарына арналған бағдарлама бойынша оқытылған
және біліктілік комиссиясынан аттестациядан өткен адамға ғана жол
және құрылыс машиналарын жөндеуге және оларға техникалық қызмет
көрсетуге рұқсат етілген.
Жол және құрылыс машиналарын жөндеу және оларға техникалық
қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын машинаға қажетті
техникалық қызмет көрсету үшін жұмысшылар бригадасын, сонымен
қоса, жөнделіп не қызмет көрсетіліп жатқан машинаның машинисін
тағайындайды. Бригаданың әр мүшесі нормаға сай арнаулы жұмыс
киімімен және жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс істеу нұсқаулығымен
қамтамасыз етілуі керек.
Машиналарды жөндейтін және оларға техникалық қызмет
көрсететін кәсіпорын жұмыс аймағының қажетті құрал және
аспаптармен
жабдықталуына,
өндірістік
жұмыс
орнының
қолданыстағы нормаға сай жарықтандыруына, кезектің соңына дейін
машинаның жұмыс істеу қабілеттілігі қалпында сақталуына жауап
береді.
Жұмысшыға еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда немесе өте
қатты шаршаған кезде, ішімдік әсерінің кесірінен және назар мен
реакцияны әлсірететін дәрі-дәрмек пен есірткі текті заттардың әсерінде
болған жағдайда машинаны жөндеуге және оған техникалық қызмет
қызмет көрсетуге тыйым салынады. Жұмыс аймағына бөтен адамдарға
кіруге рұқсат етілмейді. Жұмыс аймағындағы қауіпсіз және жемісті
жұмыс жасау үшін машинаны жөндейтін не оған техникалық қызмет
көрсететін әр жұмысшының жұмыс аймағын алдын-ала дайындап
қойған дұрыс.
Жұмыс басталар алдында жұмысшы арнаулы жұмыс киімін,
сонымен қатар, арнаулы жұмыс аяқ киімін, бас киім (каска) және қажет
болған жағдайда көз қорғайтын сайманды киюуге міндетті. Арнаулы
жұмыс киімінің салбырап тұрған шеттері болмағаны жөн, шашты бас
киімнің астына жинау керек. Жұмысқа кіріспестен бұрын құрал-
жабдықтар мен аспаптардың, жабдықтардың және көтергіш
құрылғылардың жұмысқа жарамдығын тексереді.
|