16
құрылғыларының дұрыстығына көз жеткізуі керек. Құбыр жүргізуші
крандардың элементтерін сұрыптаудың шекті нормалары және
элементтерінің шекті жағдай белгілері Машинаны қолдану жөніндегі
нұсқаулықта көрсетілген.
Құбыр жүргізуші крандарды қарау мен тексеру нәтижелерін
машинистер вахта журналына жазады.
Кейін жүк ілдірушімен бірге ілмелі жүкұстау бұйымдарының
жүктің массасы мен түріне сәйкестілігін тексеру, жүкұстау
бұйымдарының дұрыстылығына және жүккөтеру мөлшері мен
тәжірибе өткізілген күн көрсетілген таңбашаның бар болуына көз
жеткізуі қажет. Жүкті тек жүк ілдірушінің белгісі бойынша
тасымалдауға болады. Жүк ілдіруші мен машинист арасындағы
белгілермен алмасу тәртібін ұсынылған таңбалылық дабыл беру
негізінде қолдану ұйымымен бірлесе отырып
құбыр жүргізуші кран
иесі тағайындайды.
Құбыр жүргізуші кран
машинисінің жұмыс тәртібі оның келесі
әрекеттерін қамтиды: машинаны кабинадан қоспастан бұрын, қозғалыс
кезінде, жебе пен қарсы салмақтың шығуы өзгеретіндей жүкті көтеру
мен түсіру. Жүкті көтеру мен түсіру және жебенің құлашы
өзгеретіндей операцияларының біріктірілуін орындау кезінде
біліктілікті көрсеткен жөн. Әсіресе қайтажүктеу кезіндегі жүк көтеру
шектегішінің дабыл белгісі қосылғандағы және
құбыр жүргізуші кран
қозғалтқышы саптан шыққан кездегі жүктемеден босатылу қажеттілігі
туындаған кездегі машинистің әрекеттері қатесіз болуы тиіс
.
8.8.3. Құбыр жүргізуші кранды мақсатқа сай
қолданудың қауіпсіздік технологиясы
Жұмыс құбыр жүргізуші кранның болжамды қозғалысы мен әрекет
ету аймағының
трассасын
қараудан басталады. Жердің еңісімен,
траншея құламасының шетімен,
жақындағы құрылыс габариттерімен
танысу жүргізіледі. Қар жауыны, дауыл, жаңбыр немесе тұман кезінде,
сондай-ақ, машинист тасымалданатын жүкті ажырата алмаса құбыр
жүргізуші кран қолданысы тоқтатылуы тиіс.
Жұмыс өндірісінің қауіпсіздік талаптарының анықталған
бұзушылықтары жойылуы тиіс, бұл туралы машинист қауіпсіз жұмыс
өндірісі үшін жауапты тұлғаға хабарлайды.
Электртасымалдау желісіне жақын жерде жұмыс жасау үшін құбыр
жүргізуші кранды ерікті түрде орнатуға машиниске рұқсат етілмейді.
Толығымен алғанда, машина иесі мен жұмысты орындап жатқан ұйым
қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Адамдары бар жүкті көтеруге тыйым салынады. Жұмыс жасап
|