17
Балғаның бастарында қылау мен жырықтар болмауы керек, оның
үсті сәл дөңес және тегіс болып жасалады. Балғаның сабы сыналанған,
тегіс, ешқандай жырықсыз, қылаусыз және бұтанақсыз болуы қажет.
Кескіштің, крецмейселдің, тескіштің соғатын бетінде қылаудың,
тесіктің, жырықтын болмағаны жөн. Жұмыс беті сойыр, ұшталған
жұмыр егеу, қырғыш, қол ара тағыда сондай секілді құралдардың сабы
шентемір таспамен жабдықталады. Саңылауы гайканың өлшеміне
жетпейтін кілттерді пайдалануға тыйым салынады. Гайканы бұрайтын
кілтті басқа кілт арқылы ұлғайтуға не ұзартуға, кілт пен гайка арасына
аралық салуға, гайканы бұрап шығару үшін кескіш пен балғаны
пайдалануға болмайды.
Алынғыштардың ақаусыз табаншалары, винттері, тәждері,
таяныштары болуы керек. Алынғышты орнату барысында күштік
бұранданың және алынатын бөлшектің осьтілігін қамтамасыз ету керек
және бөлік табаншалармен берік тұруы қажет. Спиралды серіппелері
бар құрамдас бөліктің монтажы және демонтажы кезінде арнайы
алынғыштарды қолданған дұрыс, себебі осылайша серіппелердің
шығып кету ықтималдығын алдын алуға болады. Жинап жатқан
бөлшек тесіктерінің қиылысуын саусақпен емес тескішпен тексереді.
Пневматикалық не электрикалық гайка бұрағышты тек оны гайка
немесе бұрандаманың басына орнтақаннан кейін қосқан дұрыс.
Қайрағыш станокта қорғаныс экранысыз немесе қорғаныш
көзілдірігінсіз жұмыс істеуге тыйым салынады. Тірек пен қажақтастың
арасындағы арақашықтық 3 мм көп болмауы керек. Бөлшек бүлінбес
үшін, оны өңдеу кезінде қажақтасқа қатты басудың қажеті жоқ.
Қажақтасты алмастыру кезінде шеңбер мен қыспа фланецтері арасына
қалындығы 1 мм кем емес арнайы майысқақ аралықты төсеу керек.
Шеңберді бекіту гайкаларын біркелкі және берік бұрайды. Қараңғы
кезде және қараңғыланған жерлерде машиналарды жөндеу және оларға
техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын тасымалданатын
шамдар 36 В артық емес кернеумен зарядталуы керек. Қолмен
пайдаланатын электрофицирленген құралмен жұмыс бастар алдында
сөндіргіштің, жерлендіретін сымның және қуат беруші сымның
дұрыстығына көз жеткізу керек. Кернеудің барын қолмен тексеруге
кесімді түрде тыйым салынады. Ол үшін бақылау шамы не вольтметрді
пайдалану қажет. Электрқұрылғыны резина қолғап киіп, резина
кілемшенің үстінде тұрып қосу керек. Құрылғыны пайдаланар алдында
ол тексеріліп, шаңнан тазартылып, ал сырты суланған жағдайда
кептірілгені дұрыс.
Электрқұралды пайдаланар алдында оны бос жүріс кезінде тексеріп
алу керек. Жұмыс барысында тоқ өткізгіш сымның кездейсоқ
зақымданып қалуынан қорғанып тұруын қадағалау қажет. Сымның
ыстық, ылғал, майлы бұйым және заттармен жанасуына тыйым
салынған. Электрқуатының берілуінің тоқтауы салдарынан кенеттен
электрқұралдың жұмысының тоқтауы кезінде, сонымен қатар жұмыс
уақытындағы үзіліс кезінде электрқұрылғыны электр желісінен
ажыратып қою керек. Электржелісіне қосылған құралды бір орыннан
екінші орынға ауыстыруға болмайды. Электрқұралдың бұрылғысын,
кілтінің бастиегін тек қана құралды пайдалану тоқтатылғаннан кейін
ауыстыруға рұқсат берілген.
Электрқұралмен жұмыс аяқталғаннан кейін оны электржелісінен
ажыратып қойған дұрыс. Құралды сөндірілген қалпында электржеліге
қосып қалдыруға болмайды.
Верстакты жоңқа, кесінді және жаңғышақтан щетка, сыпырғыш
немесе сүртетін материалмен уақытылы тазартып тұрған жөн. Еденге
төгілген майдың немесе жанармайдың үстіне құм не жоңқа сеуіп, кейін
жинап тастау керек.
Машинаға техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу үшін
орнататын алаң тегіс, құрғақ, бөгде заттармен үйілмеген,
мүмкіндігінше жел мен шаңнан қорғайтын, жалындау көзі мен қуат
беру жолынан алыс жерде орналасқаны жөн.
Экспулатация базасында машинаны кедергісіз жақындауға
болатындай және машинадан құрамдас бөліктер мен механизмдерді
алу үшін жүккөтергіш жабдықтарды пайдалануға ыңғайлы болуын
қамтамасыз ететіндей орнату қажет
Газы бар баллондарды қолмен немесе иыққа көтеріп тасымалдауға
тыйым салынады. Бұндай мақсаттарда зембіл мен арбашаларды
пайдалану керек.
Жасы 18 жастан төмен тұлғалар үшін ауыр жүкті көтеру және
жылжыту кезінде беруге болатын ең көп жүк салмағы 9.1. кестесінде
келтірілген.
Ауырлық күші мен серіппе тартылысының салдарынан қимылдауы
мүмкін машинаның құрамдас бөліктерін жұмыстың қауіпсіз өндірісін
қамтамасыз ететіндей қалыпта бекітеді .
Е с к е р т у л е р . 1. Жүк көтеру және жылжыту атқарып жатқан кәсіби тұрақты жұмыспен байланысты болған жағдайда
көрсетілген норма шамасында ауырлықты көтеруге және жылжытуға рұқсат берілген.
2.
Көтерілетін және жылжытылатын жүк салмағына ыдыс пен буманың салмағы кірген жағдайда.
3.
Жүкті арбашалар немесе контейнерлермен жылжытқан кезде салынатын күш келесідегідей кг аспауы керек: бозбалалар үшін
14 жас— 12 кг, 15 жас — 15 кг, 16 жас — 20 кг, 17 жас — 24 кг; қыздар үшін 14 жас — 4 кг, 15 жас — 5 кг, 16 жас — 7 кг, 17 жас —
8 кг.
Жұмыс түрі, еңбек ауырлығының көрсеткіштері
Бозбалалар
Қыздар
14 жас
15 жас
16
жас
17
жас
14 жас
15 жас
16 жас
17 жас
Жұмыс кезегі кезінде әрдайым қолмен жүкті көтеру
және жылжыту
3
3
4
4
2
2
3
3
Жұмыс кезегінің 1/3 бөлігінен артық емес уақытта
жүкті қолмен көтеру және жылжыту:
әрдайым (сағатына 2 реттен көп)
6
7
11
13
3
4
5
6
Басқа жұмыспен кезектестіріп (сағатына 2 ретке
дейін)
12
15
20
24
4
5
7
8
Кезек бойы жылжытылатын жүктің жиынтық
салмағы:
Жұмыс бетінен көтеру
400
500
1000
1500
180
200
400
500
Еденнен көтеру
200
250
500
700
90
100
200
250
9.1-кесте. Жасы 18 жастан төмен тұлғалар үшін ауырлықты қолмен көтеру және жылжыту кезінде беруге
болатын ең көп жүк салмағы, кг (Еңбек және әлеуметтік даму Министрлігімен бекітілген. 1999 жыл, 7 сәуір - №
7]
Машинаны жуу барысында жуатын ерітінді немесе будың ағынын
бүркінді арқылы машинаның кірі шашырап, жұмысшыға зақым
келтірмейтіндей бағыттау керек. Машина бөлшектерін техникалық
мақсатқа арналған керосинмен, еріткішпен және осындай секілді басқа
да жуғыш ерітінділермен жуу алдында қолды сақтандырғыш пастамен
майлау қажет. Мұнай өнімдері мен органикалық ерітінділердің
әсерінен қорғану үшін метилцеллюлозаның негізінде жасалған
«биологиялық қолғаптар» пайдаланылады.
Бөлшектерді этилдендірілген бензинде жууға тыйым салынады.
Кездейсоқ төгілген этилдендірілген бензиннің үстіне дихлорамин
немесе хлорлы әк ерітіндісі (1 бөлік әк және 3 …5 бөлік су) төгіледі.
Этилдендірілген бензинмен ластанған машина бөліктері керосинмен не
сілтілі ерітіндімен жуылады.
Жуу және тазарту жұмыстары ағынды-сорғылы желдетумен
жабдықталған ғимараттарда жүргізіледі.
Салмағы 20 кг аспайтын контейнерлерге салынған тазаланған
бөлшектердің жүктелуі, жүктен жеңілденуі және тасымалдануы
жүккөтергіш саймандардың көмегімен жүзеге асады.
Жол-экспулатациялық кәсіпорынның өндірістік үрдісінде бөлінетін
зиянды заттардың қайнар көзі 9.2-кестесінде келтірілген
мәліметтермен сипатталады.
Көтерілген пневмодөңгелекті машинаның құлап кетуін болдырмау
үшін, оны көтерер алдында домкраттың орнықтылығын тексереді,
көтерілген тұстағы дөңгелектер бұғатталады. Домкрат орналасқан
тұстар машинаның тіректі-жүріс тұсында «ДК» деп белгіленуі керек.
Пневмодөңгелекті машиналар үшін пайдаланылатын сүйеуіштер берік
және орнықты болғаны дұрыс. Машинаны домкратпен көтерген кезде
қозғалтқыш сөнулі болуы керек. Жұмыс жүргізілу үшін машина берік
сүйенішке орналасуы қажет. Шынжыр табанды машиналар сүйенішке
тіреп тұрған шынжырлы бөлікпен тұтас орналастырылуы керек.
Жұмыс жабдығымен (қайырма, қопсытушы, шөміш) немесе
жүкұстайтын алабұйымның матауымен көтеріліп тұрған машинаның
астында жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Машинаны бөлшектеп жатқан кезде машинаның қаңқа тіреуімен
катоктың білігін ажырату кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын
қамтамасыз ету керек. Себебі, біліктер мен дөңгелектер раманы
көтергеннен кейін өз бетімен домалап шығып кетуі және рамадан
босатылған айырлар машина массасы мен кіндік темірдің салмағының
әсерінен жайылып, құлауы мүмкін.
187
9.2-кесте.
Жол-эксплуатациялық кәсіпорынның өндіріс процесінде бөлінетін зиянды заттардың қайнар көздері
Өндіріс телімі
(бөлімшесі)
Өндірістік үдеріс
Қолданылатын құрал-сайман
Бөлініп шығатын зиянды
заттар
Жуу бөлімі
Машинаның бетін жуатын жер
Қысым астында ағынмен шланг арқылы жуу
Шаң, жабысу, реагенттер,
фенолдар
Диагностика бөлімі
Техникалық қызметті жүзеге
асыру
Жерасты құрылғылар, қарау жырасы,
тартқыш желдету жүйесі
Күйе, шаң, майлы тұман
Аккумулятор бөлімі
Қуаттау жұмыстары
Пісіру жабдығы,бөлшектерді жуып шаюға
арналған ванналар
Шайма езінділері,
электролит, сілтелі
аэрозольдер
Дәнекерлеу бөлімі
Электрдоғалы және газды
пісіру
Электрдоғалы пісіруге арналған жабдық,
ацетиленді генератор
Шаң пісіру аэрозолдері
Шиномонтаж және
шина жөндеу бөлімі
Шиналарды бөлшектеу,
жинау, жөндеу
Шиналарды бөлшектеу және жинау үшін
арналған стенділер, теңдестіру жабдығы
Минералды және резеңке
шаңы, жанармай буы
Өндіріс бөлімі
Өндірістік үдеріс
Қолданыстағы жабдық
Бөлінетін зиянды заттар
Лактау және бояу
жүргізілетін бөлім
Ескі
бояуды
кетіру
жабындарды майсыздандыру,
лак және бояумен қаптау
Ауасыз шаңдатуға арналған жабдық, тартқыш
желдету жүйесі
Шаң, еріткіштердің буы және
бояулардың аэрозольдері
Отын-майлау
материалдар қоймасы
Отын-майлау материалдарын
қабылдау, сақтау және тарату
Сақтау үшін арналған ыдыс пен бактер,
салмағы үлкен жабдықтар
Булар, отын мен майды сұйық
бөліп құю
Гальваникалық бөлім
Металдық бүркем салу
Электролиттік ванна, тартқыш желдету
жүйесі
Тұз және күкірт қышқылдары,
никель, мыс
|