Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата26.05.2022
өлшемі0.9 Mb.
#458660
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Дәстүрлі емес сабақтар 
Қоғамымызда болып жатқан ӛзгерістер тарихшы мҧғалімдер 
жҧмысына биік талаптар қояды. Мҧғалім мектепте оқушыға білім 
беріп қана қоймай, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу керек. 
Бҧл істі жҥзеге асыру ҥшін әр оқушының жеке басының 
инициативасын дамыта білу шарт. Оқушының кҥнделікті сабаққа 
белсенділігін арттыру ҥшін сабақты ҥнемі тҥрлендіріп отыру 
мҧғалім жҧмыстарының жетістігі. Бір типтегі сабақ оқушының 
ынтасын, қызығушылығын тӛмендетеді. Ол ҥшін сабақтың 
тақырыбына, мақсатына сай тҥрлерін таңдап алу керек. Әрбір 
сабақ оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан ол оқытуды 
жетілдіру, қажетті технологиялық тҥрлендірулер мен мақсатты 
нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары 
шеберлікті ҥнемі қажет ететін, дамудың керектігін талап ететін, 
сапалы оқуды іздестіретін процесс. Қазіргі кезеңде жалпы білім 
беретін мектептерде сабақ берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіруге 
кӛп кӛңіл бӛлінуде. Сондықтан да қазіргі кезде мектеп 
тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстҥрлі тҥрімен басқа 
дәстҥрлі емес тҥрлері де қолданылады. Олар әрине қоғамның 
жаңару,жетілдіру жағдайында білім беру сапасын жаналаумен 
тығыз байланысты іске асуда. Оқыту жҧмысын ҧйымдастырудың 
мҧндай дәстҥрлі емес тҥрлері кӛбінесе оның жеке әдістеріне 
енгізіп қҧрылуда. Ондағы мақсат-әрбір сабақтың оқу тәрбиелік 
мҥмкіндіктерінің мол екенін кӛрсете отырып,оны жаңа сапалық 
сатыға кӛтеру. Олардың қатарына дәріс,конференция,пікірталас, 
компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Ал сабақта 
қолданылатын дәстҥрлі емес және тәсіл амалдарға жататын: 
жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, саяхат, ойын-сабақтарды 
қҧраушылары деп қарау керек. 
И.П.Подласый «Педагогика» атты оқулығында «Дәстҥрлі 
емес сабақ-дәстҥрлі қҧрылымы жоқ,ойдан шығарылған оқу 
жҧмысы» деп бағалайды. 
Педагогтардың дәстҥрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде 
қарама-қайшылықтар: біреулері педагогикалық ойлауда прогесс


55 
мектептерді демократияландыру бағытында дҧрыс қадам деп 
қараса; басқалары, керісінше мҧндай сабақтар педагогикалық 
қағидаларды қауіпті жағдайда бҧзу, мыңдап еңбек ету қолынан 
келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың 
қысымымен педагогтар амалсыз кейін шегінуі-деп осы мәселе 
жайында ӛз кӛзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартады. 
Әрине, дәстҥрлі емес сабақтар қатаң қҧрылымы және 
қалыптасқан жҧмыс кестесі бар кҥнделікті оқу жҧмыстарына 
қарағанда әдеттегідей емес ой, ҧйымдастыру, ӛткізу тәсілдері 
оқушыларға ӛте ҧнайды. Ол мҧғалімдерге оқыту жҧмысында 
осындай тәсілдері кӛптеп сабақтар жҥйесінде пайдалануға кеңес 
береді. Дәстҥрлі емес сабақтар қалыптан тыс,кҥнделікті сабақтан 
ӛзгеше сабақтың жаңартылған тҥрлері. 
Дәстҥрлі емес сабаққа қойылатын талаптар. Оқушылардың 
оқу жҧмысының кӛптеген тҥрлері бар. Олар сабақ кеңес, сынақ, 
семинар және конференция, оқу саяхаттары болып бӛлінеді. 
Мемлекеттік мектептерде оқытудың негізгі тҥрі-сынып-сабақ деп 
аталады. Бҧл жердегі сынып-бірыңғай базалық білім алатын
жастары шамалас, қҧрамы тҧрақты оқушылар сыны. Ал сабақ 
сынып оқушыларыың 40-45 минуттан тҧратын оқуы. Бҧндай 
оқудың сынып мектептің оқу жоспары, ал мазмҧнын мемлекеттік 
стандарт пен оқу бағдарламасын айқындайды.практикада 
тарихты оқыту ортақ, ҧқсас белгілері кӛп сабақтар арқылы 
жҥргізіледі соған сәйкес ғалымдар сабақ типтерін олардың негізгі 
мазмҧнына, дидактикалық мақсаттарына, ӛткізу тәсілдеріне 
оқыту процесінің буындарына қарай топтастырады. Кӛрнекі 
әдістер А.А.Вагиннің пікірінше оқыту процесінде оның негізгі 
бӛлімдері, қысқартуы немесе кеңеюі, бір немесе бірнеше сабақта 
іске асуы мҥмкін.Осы жағдайлар прaктикада ескеріліп, сабақтар 
барлық қҧрамды бӛлімдері сақталып немесе белгілі бір бӛлігі 
басым болып жҥргізілуі мҥмкін. 
Дәстҥрлі емес сабақтарға мынадай талаптар қойылады. 
1.Оқушыға қойылатын сҧрақтың нақты болуы 
2.Білімді тексерместен оқушыларды жҧмысқа жҧмылдырып 
кӛңілін аудару 
3.Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі керек 
4.Ӛткен сабақпен жаңа сабақтың арасында байланыс жҥзеге 
асырылуы керек 
5.Тексерістің кезенің нақтылау 


56 
Қазіргі педагогика ғылымында дәстҥрлі емес сабақтардың
70-тен астам тҥрлері белгілі болды.Дәстҥрлі емес сабақтардың 
ӛтілу нҧсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бӛлуге 
болады:ой қорыту сабағы ,ойын сабағы ,жарыс сабақтары. 
1. Ой қорыту сабақтары 
-дәріс 
-семинар 
-конференция 
-баспасӛз конференциясы 
-сынақ 
-21ғасыр кӛшбасшысы 
-қоғамдық білім байқауы 
-іліктестірілген сабақ 
-телекӛпір 
-модулдік сабақ 
2. Ойын сабақтары 
-саяхат 
-театр 
-концерт 
-тренинг 
-ғажайыптар алаңы 
-ойлан,тап 
-аукцион 
-бақытты сәт 
3. Жарыс сабақтары. 
-сайыс 
-Не? қайда? қашан? 
-КТК (кӛңілді тапқырлар клубы). 
Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты, тҧжырым, 
қорытындыларды ой-тҥйіндерді талап ететін дәстҥрлі емес 
сабақтардың тҥрлері. 
Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, конференция, 
баспасӛз 
конференциясы 
сынақ 
сабақтары, 
21 
ғасыр 
кӛшбасшысы, сабағы, телекӛпір, іліктірілген сабақ қосар сабақ, 
модульдік сабақтарды жатқызу, а болады. 
ДӘРІС – ой қорыту сабағының ӛзегі. Ҧйымдастыру, ӛткізу, 
әдісі мҧғалімдер ҥшін қиын болғанымен мектеп дәрісі 
дидактикалық блоктың негізгі ӛзегі болып табылады. Дәріс 
негізінен ауызша баяндаудан ғана емес,сонымен қатар басқа да 


57 
оқыту әдістерімен тҧрады. Дәрістен кейінгі сабақтар онда 
қойылған проблемаларды шешу жолына арналады, сҧрақтардың 
блоктық схемасы қҧрастырылады. 
Схемалар кӛбінесе оқыған дәріс тақырыбына байланысты 
негізгі ӛзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық 
ойлау 
қабілеттерін 
дамыту 
ӛзіндік 
шығармашылық 
белсенділіктерін шыңдау мақсаттарын кӛздейді. Тақырып 
сҧрақтарына сай пікір алмасу, ӛз кӛзқарастарын дәлелдеу, 
мҧғалімдерге оқушылардың қаншщалықты оқу материалын 
меңгергенін, 
соған 
орай 
сенімдері 
мен 
тҥсініктерінің 
қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар 
беріп отыруға мҥмкіндік туғызады.Семинар сабағына әзірлеу 
кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып,қосымща 
әдебиеттерді пайдаланады. Ҧсынып отырған сҧрақтарға 
қатысты,ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект қҧрады. 
Міне, осындай жҧмыстардың нәтижесінде семинар сабағын 
оқытуды ҧйымдастыруда тиімді екнін кӛрсетуде.Семинар 
сабағын ӛткізу барысында мҧғалім проблемалық жағдай 
туғызып,талқылап 
отырған 
сҧрақтарға 
оқушылардың 
қызығушылығн оятады,олармен ақылдаса отырып,оны талдаудың 
жоспарын қҧрады және ҧжымдық ізденушілік әрекеттеріне 
қолайлы жағдай туғызады. Конференция ретінде ӛткізілетін сабақ 
тҥрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту,оның ғылыми 
дәрежесін кӛтеру мақсатын кӛздейді.Сол ҥшін де семинар 
сабақтарына қарағанда,конференция тҥрінде ӛткізілетін оқу 
жҧмысы ҧсынылған әдебиеттер мен қосымша қҧралдардың 
кӛлемі кеңірек болады. Оны дайындау және ӛткізу тәртібі 
семинар сабағына ҧқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында 
баяндамашылар мен сӛйлеушілердің саны кӛбірек болуы қажет. 
Сондықтан, оған бірнеше қатар сыныптардың оқушыларын 
қатыстыруға болады. 
Сынақ 
сабағы. 
Сынақ 
сабақтарын 
жоғары 
сынып 
оқушыларына енгізудегі мақсаты-бағдарламадағы теориялық 
білімдерді кҥшейту, бекіту, оқыту ҥрдісінде оқушылардың 
жоғары 
белсенділіктерін, 
жауапкершілігін, 
дербестігін 
орнықтыру. Сынақ сабақтары ӛзінің ҧйымдастыру ерекшелігіне 
сай, оқу жҧмысынан тыс оқушылардың ӛздігімен білім алуын 
жалғастыруға ықпал етеді. Сынақ сабағы ереже бойынша 
бағдарламаның негізгі бӛлімін тарауын оқып болғаннан кейін 


58 
жҥргізіледі. Мҧғалім оның ӛткізу мерзімін, тақырыптары мен 
талқыланатын сҧрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. 
Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді 
оқу тапсырылады және қосымша сабақ ӛткізіледі. Сынақты 
ҧйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары,бақылау және 
топтың практикалық зертханалық жҧмыстары, тақырып бойынша 
шығарма және баяндама жазу тҥрәнде жҥргізіледі.
Баспасӛз 
конференциясы-конференциялық 
сабақтын 
ӛзгертілген тҥрі. Баспасӛз конференциясының ерекшелігі – бҧл 
сабаққа әр тҥрлі баспасӛз – ақпарат қҧралдары ӛкілдері мен 
атақты ғалымдар және мамандардың шақырылуымен ӛткізіледі, 
бірақ мҧнда оқушылар аталмыш ақпарат –баспасӛз ӛкілдері мен 
атақты ғалымдар, мамандар болып сӛз алып, қарастырылып 
отырған мәселені жан-жақты «маман кӛзімен» қарауға ҥйретеді. 
Қоғамдық білім байқауы – ой қорыту сабақтарының 
маңыздысы. Қоғамдық білім байқауына оқушылардың білімін 
тексеру ҥшін қоғамдық ҥкім ӛкілдері келіп қатысып оң бағасын 
береді. Мәселен бҧндай сабақтарға мектеп әкімшілігін,ата-аналар 
комитетін пәнге, тақырыпқа байланысты қҧқық қорғау, 
денсаулық 
сақтау 
ҧйымдары 
мекемелерінін, 
жоғ.оқу 
орындарының ғалымдарын шақырып, оқушылар білімін жан-
жақты сараптаудан ӛткізуге болады. Осындай қоғамдық білім 
байқауын ҥлкен тарауларды, тақырыптарды ӛткенде ӛткізген 
орынды. 
Телекӛпір-дәстҥрлі емес сабақтың ен кӛп тараған тҥрлерінін 
бірі. Телекӛпір екі немесе одан да кӛп мектеп оқушыларынын 
телебайланыс арқылы сабақ теледидардан берілетін хабарларды 
сабақ барысында талдау нәтижесін шығару бағытында жҥргізіліп 
келеді. Мысалы, сабақта теледидардың макеті жасалынып, онда 
хабарлар беріледі. 
Кіріктірілген (ҥлестірілген) сабақ деп - бір сабақта ӛтілетін 
тақырыптың басқа пәндермен ӛзара байланысы қарастырылып, 
екі немесе одан да кӛп пәндердің бір тақырыпта ӛзара 
байланысын ашып беруін айтады. 
Қосар сабақ-іліктестірілген сабақтың бір тҥрі, мҧнда бір 
тақырыпты ӛзара байланыста қарап, екі мҧғалім береді.
Модулдік сабақ –сабақтын тиімділігін арттырудын коптеген 
әдіс-тәсілдері бар. (жекелеген немесе топтармен жҧмыстар, 
млшерленген ҥй тапсырмалары, қалыпты емес сабақтар т.с.с). 


59 
Қалыпты емес сабақтын бір тҥрі модулдік сабақ. Модулдік сабақ 
бірнеше артылықшылықтарымен ерекшеленеді. 
Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы ӛз ісін не істеу 
керектігі, яғни сабақтың сонында ӛзініңнені ішкі біліп шығуы 
керектігі жӛнінде толық мағлҧмат алады. 
Екіншіден, топ юолып жҧмыс істеу дағдылыры қалыптасады. 
Ҥшіншіден, ӛзінін жеке басынын мҥмкіндіктері мен қабілетін 
ескере отырып, ҥлкен кӛлемдегі жазбаша жҧмыстары ӛз бетінше 
орындауға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. 
Тӛртіншіден, әр оқушынын білім деңгейіне қарай 
тапсырмаларды әр тҥрлі деңгейде алуға болады. 
Ойын сабақтары-дәстҥрлі емес сабақтардың ең кӛп тараған 
тҥрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі-оқу тәрбие ҥрдісінде 
балаларға таныс ойын ҥзінділерін білім алуға пайдалану. Ойын 
оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы 
басты қҧрал. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, 
достыққа ҥйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік 
қатынастарды дамытып, шығармашылықтарының артуына 
себебін тигізеді. Ойын сабақтары, саяхат, театр, концерт, 
треминг, жҧлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан тап, аукцион, 
бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады. 
Театр сабағы-сабақтағы-ӛтілетін материалдарды ролдерге 
бӛліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт кӛзге қарағанда 
оңай болып кӛрінуі мҥмкін. Ал іс жҥзінде бала ҥшін ойынға 
қатысты басқалармен тіл табысып,ӛзінін ойлаган ойын іске асыру 
онай емес. 
Тренинг сабақ - белгілі бір тақырыпқа ӛткізілетін ойын 
сабақтарынын бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі - тренингке 
қатысып отырған окушылар ӛз ойларын айтып, ӛз еркімен 
белсене қатысуы керек. 
Саяхат сабағы-белгілі бір мақсатқа жету ҥшін, бекеттерге 
тоқтап, кӛздеген жерге серуендеп бару негізіне қҧрылган сабақ. 
Мысалы «Ертегілер еліне», «Ғарыш әлеміне» және т.б. 
сабақтарды алуға болады. 


60 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет