Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі


Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістерінің



Pdf көрінісі
бет22/36
Дата26.05.2022
өлшемі0.9 Mb.
#458660
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Дәстүрлі және интерактивті оқыту әдістерінің 
салыстырмалы кестесі 
 
Салыстыру 
критерийлері 
Дәстҥрлі әдістер 
Интерактивті 
әдістер 
Ақпарат мӛлшері 
немесе 
игеретін 
мәлімет 
Қысқа уақыт ішінде 
ҥлкен 
ақпарат 
мӛлшерімен оқып, 
танысуға болады 
Аз ғана ақпарат 
мӛлшерін 
оқыту 
ҥлкен 
уақыт 
мӛлшерін алады 
Оқыту тереңдігі 
Білім мен тҥсінікке 
негізделген 
Білім, 
тҥсінік, 
қолдану, 
анализ, 
синтез, 
бағалау. 
Оқушылар 
танымның барлық 
деңгейін 
меңгере 
алады 
Игеру 
немесе 
меңгеру пайызы 
Әдетінше 
онша 
жоғары болмайды 
Жоғары болады 
Оқыту ҥрдісіндегі 
бақылау 
Оқытушы 
оқыту 
материалының 
мӛлшері 
мен 
тереңдігін, 
оған 
кететін 
уақытты 
бақылай алады 
Оқыту 
материалының 
мӛлшері 
мен 
тереңдігін оқытушы 
бақылай алмайды. 
Нәтижелері әр тҥрлі 
Оқытушының рӛлі Оқытушының жеке 
қасиеттері 
кӛлеңкеде 
қала 
береді де, ол тек 
қана «білім кӛзі» 
ретінде ғана қалады 
Оқытушы оқушылар 
арасында 
ӛзінің 
жеке және кәсіптік 
қасиеттерін 
аша 
алады 
және 
кӛрсетеді 
Оқушылар рӛлі 
Пассивті: 
оқыту 
ҥрдісінде маңызды 
шешімдерді 
ӛз 
бетінше 
қабылдай 
алмайды 
Белсенді: оқушылар 
маңызды шешімдер 
қабылдай алады, әрі 
ӛмірлік 
тәжірибелерін 
пайдалана алады 
Оқытудың 
мҥдделеу кӛзі 
Сыртқы 
(баға, 
педагог, 
ата-
Ішкі: оқушының ӛзі 
оқыту 
ҥрдісіне 


92 
ана,қоғам) 
қызығады 
Бағалау 
Қарапайым, 
5-
балдық жҥйе 
Кҥрделі, бағалауда 
жаңа 
критерийлердің 
енгізілуін қалайды 
«Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы және пікірталас
Жаңаша оқытудағы ерекше орын алып отырған әдістердің бірі – 
«сыни тҧрғыдан ойлау» стратегиясы. Қазақстан- СОРОС 
қорының сыни тҧрғыдан ойлау бағдарламасы бҥгінгі кҥні 
республика мҧғалімдеріне шет ел дидактиктерінің оқытудағы 
белсенді әдістерімен танысуларына мҥмкіндік жасап отыр.
Әрине Кеңес Одағы кезіндегі ғалымдар Л.С.Выготский, 
И.А.Зимняя тағы басқалары осы бағытты теория жҥзінде 
дамытқанын жоққа шығаруға болмайды. Алайда олардың 
еңбектерінде және практика жҥзінде тура әдістер мен нақты 
қҧралдар берілген жоқ. Ал «сын тҧрғысынан ойлау» 
бағдарламасы қазіргі кезде 60-тан астам нақты әдістерді, кейбір 
әдебиеттерде 130-ға жуық тҥрлерін ҧсынады. «Сыни тҧрғыдан 
ойлау стратегиясы» оқыту процесін ҥш сатыда ҧйымдастырады.
1. Қызығушылықты ояту (сҧрақтар қою) 
2. мағынаны ажырата білу (жауаптар іздеу, мәселені зерттеу) 
3. ой толғаныс немесе рефлексия (ойлау процесінің ең 
жоғарғы сатысында мәселені талқылау). 
Сын тҧрғысынан ойлаудың нақты әдістері «топтастыру», 
«кӛрнекілік», «әлемді шарлау», «ой қозғау», «болжау», 
«оқушыларды жетектейтін карта», «Т-кестесі», «семантикалық 
карта», «ДжикСо-1», «ДжикСо-2», «кубизм», «вен диаграммасы», 
«Блумның сҧрақ қою ӛлшемі», «бес жол ӛлең», «Білгеніңіз, 
білгіңіз келетіні, ҥйренгеніңіз», «тҥртіп алу әдісі», «пікір сайыс», 
«жҧптасып ойлау», «Синкуэй», «кең ауқымды лекция», «бақылау 
картасы» тағы басқалары. 
Бҧл әдістер жаңаша оқыту міндеттерін шешу қҧралы болып 
табылады. Оқушы бҧрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, 
ақыл-ой ӛрісін кеңейтеді, тақырыпқа сын тҧрғысынан қарайды. 
Оқушы ӛз алдына сҧрақтар қойып, жауап іздеуге мәселеге 
байланысты ӛз пікірін айтып, оны дәлелдей білуге, білімнің 
қайнар кӛзін ӛздері тауып, білімді меңгеру ҥшін қажет 
дағдыларды ӛз бетімен қолдануды ҥйренеді. Әдепті батыл 


93 
сӛйлеу, проблемаларды анықтай алу, топтың жалпы шешіміне 
ҥлес қосу, ӛз ойын тҧжырымдауға, ӛздерінің ҥйренгендеріне 
жауапты қарауға, әріптестерінің ой-пікірін қҧрметтеуге, 
тыңдауға, салыстыра зерттеуге ҥйретеді. Осы жаңаша әдістердің 
ішінен пікірсайыс пен дебат технологиясын бӛліп қарастыруға 
болады. Жаңа заман талабына сай білім беру бҥгінгі таңда
ӛзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол жан-жақты
дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология
ауадай қажет. Білм беру технологияларының басты мақсаты
білім беру сапасын арттыру,оқушылардың білім білік
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде пікір
сайыс технологиясы тиімді қҧралдың бірі. Бҧл бағдарлама
Қазақстанға 1996жылы”Сорос” қорының Карл Поппер форматы
бойынша ӛткізген бастапқы семинарларының арқасында
келген. Бағдарламаны ілгері дамыту және оның ауқымын
кеңейту мақсатында 1998жылы “”Ҧлттық пікір сайыс
орталығы” қоғамдық қоры қҧрылған. 
Бҥгінде “пікір сайыс” бағдарламасы оқытудың басқа
инновациялық әдістемелерімен қатар қанатын кең жайып,
Қазақстанның әрбір облысын қамтыды. 
Пікірталас - әлдебір сауал, сҧрақ немесе мәселені талдау, 
талқылау. Пікірталас, әдетте, адамдар әртҥрлі кӛзқараста болып, 
біріңғай пікірге келмеген кҥрделі мәселелерге арналады. 
Пікірталас басқа жҧмыстарға қарағанда ӛзінің қҧрылымы, 
оқушылар әрекетінің мазмҧны, ӛткізу әдісі және басқадай 
ерекшеліктерімен ерекшеленеді. 
Бҥгінде пікірсайысы жаңашыл педогогикалық технология 
ретінде оқыту мен тәрбиелеудің тҥрлері мен әдістері, оқыту 
моделі сипатында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қҧралдарда 
қаралып жҥр. Сондықтан біз пікірсайысын оқыту мен тәрбиелеу 
әдісі ретінде анағҧрлым кең дидактикалық санатқа, яғни 
педогогикалық 
технолгияға 
жатқызамыз. 
Ғылыми 
– 
педогогикалық әдебиеттерде «педогогикалықтехнология» ҧғымы 
кең қолданылады. Ол дидактикадағы бағытты, қағидаларды 
анықтау және тиімді жҥйелерді жасау, алдын ала сипатталған 
дидактикалық ҥрдістерді қҧрастыру бойынша ғылыми зерттеу 
саласын, сонан соң – технологиялық оқыту жҥйесін, әрі қарай – 
қандай да болсын бір мҧғалімнің әдістерінің жҥйесін, ақырында 


94 
барып – тәрбиелеудің әдістемесін және тәрбиелеудің жекелеген 
әдістерін білдіруі мҥмкін.
Қазіргі педогогикалық әдебиеттерде пікірсайысының тҥрлі 
кезеңдерін айырып атау дәстҥрге айналуда, оның ішінде 
негізгілері мына 3 тҥрден тҧрады: пікірталасқа дайындық кезеңі, 
пікірсайыстың ӛзі, пікірсайыстан кейінгі талдау. 
Пікірсайысы оқушыны тақырыпты зерттеуге бағыттаудан 
басталады. Алдымызға қойылған мәселе бойынша пікірсайыстың 
мақсаты анықталады. Сонан соң оқушылар тақырып бойынша 
бар білгендерін тиянақтап, кілт сӛздерді белгілеп, тақырыпты 
саралап, аталған мәселенің мәнін іздейді. Бҧл кезеңнің келесі 
қадамы тақырыпты талдау жоспарын қҧру болады.
Әрі қарай қҧрылған жоспарға сәйкес қажетті ақпарат 
жиналады. Ақпаратты талдау, растау мен теріске шығару желісін 
қҧру 
мақсатында 
ақпаратты 
шығармашылықпен 
тҥсіну, 
растайтын және теріске шығаратын кейстерді қҧрастыру алдын-
ала топтарға ӛткізілуі мҥмкін. Спикерлердің сӛзін дайындық 
(ҥлкен кӛлемді) деңгейіне байланысты пікірсайсшылар жеке 
ӛздері немесе топ болып қҧрастырады. 
Пікірсайысқа дайындық ҥлкен кӛлемді ақпаратты игеруді 
талап етеді және ақпараттың бҧл кӛлемі оқу бағдарламасы 
ҧсынатын минимумнан анағҧрлым кӛп. Пікірсайысы білім 
кӛлемін тек ҧлғайтып қана қоймай, қызметтің нақты нәтижесі – 
зерттелетін материалдың кҥделілігі мен тереңдігін ҧғынуға 
жетелейді.
Пікірсайысқа дайындық кезеңінде ӛз бетінше ізденістің 
оқыту нәтижесі жаңа білімді беріп қана қоймай, әрқайсысының 
қосымша ақпаратты табу есебінен ӛзара оқытуда, олардың 
бастапқы зерттеу дағдысын игеруде кӛрініс табады. Дайындық 
кезеңінің 
дамытушылық 
әсері 
балалардың 
танымдық 
қызығуында, білімге қҧмарлығында, ойлаудың зерттеулік 
әдістерін игеруінде айқын кӛрінеді. Оның ҥлкен диагностикалық 
мәні білімді терең игеру мен жеке тҧлғаның шығармашылық пен 
дамуының нақты және сӛзсіз кӛрсеткіші болып табылатын ӛз 
бетінше шығармашылық ізденудің оң нәтижесінде. 
Пікірсайысы 
қарама-қайшы 
кӛзқарастың 
қақтығысын 
қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жҥгізіледі. Әуелі 
қатысушыларға жеребе бойынша ҧстанымдар белгіленеді: растау 
немесе теріске шығару. Сонан соң пікірсайысы белгіленген 


95 
регламент бойынша ӛтеді. Әр топтың спикерлері бейтарап 
тӛрешіні ӛздерінің кӛзқарасының мейлінше дҧрыс екендігін 
сендіруге тырысады. Бҧл жерде олар тек сӛз сӛйлеп қана қоймай, 
басқа жақтың дәлелдерін таластырып, ӛз ҧстанымдарын 
қарсыластар кӛзқарасымен салыстырады. Раунд басында сӛз 
сӛйлеген спикерлерге қарама-қарсы сҧрақ-жауап ӛткізіледі. 
Қарама-қарсы сҧрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық негізу, 
олардың кейстеріндегі олқылықты анықтау, ӛз тобына терістеу 
дайындау т.б. мақсатта қойылады. Пікірсайысы кезеңі ойынды 
талдау және тӛрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты 
анықтаумен аяқталады.рефлексия кезеңі келесі процедуралардан 
тҧрады: ӛткен пікірсайысын сипаттау, қызметті талдау мен 
сындарлы сынау, оқушылардың жеке ӛзгерістерін белгілеу, 
оқушыларға оларда анықталған ӛзгерістерді ескере отырып 
ҧсыныстар жасау.
Рефлексияның дамытушылық әсері- оқушылардың сыни-
талдау ойлауының қарқынды қалыптасуында. Оқушылардың 
ӛзінің және жолдастарының қызметін талдауға жҥйелі тҥрде 
қатысуы турашылдық, сынаушылық, батылдық т.б. адамгершілік 
қасиеттерін тәрбиелейді, ӛз кӛзқарасын қоғауға талпыну, таласта 
табандылық таныту – мҧның бәрі жеке тҧлғаны қалыптастырады.
Оқушылардың азаматтық ҧстанымының қалыптасуының 
маңызды шарты меңгерілген білімді ӛмірде қолдана білу болып 
табылады, және пікірсайысы технологиясяеяң соңғы кезеңі - 
кейіінгі әрекет осы шарттың іске асырылуын кӛздейді. 
Оқушылардың ӛздерінің тілегі мен қажетсінуі «кейінгі әрекетті» 
жҥзеге асыруға тҥрткі болады.
Осы 
«Пікірсайысы» 
технологиясы 
оқытудағы 
жеке 
бағытталған ыңғайын іске асыру тәжірибесін ҧсына отырып, 
жоғары сынып оқушыларының азаматтық қасиеттерінің саналы 
деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Олар мыналар арқылы 
жҥзеге асырылады:
- ішкі 
мотивация негізінде ҧйымдастырылған оқыту-
танымдық ізденіс қызметіне оқушының ӛзінің белсенді қосылуы; 
- мҧғалім мен оқушының бірлескен қызметін, серіктік 
қатынасын ҧйымдастыру, оқыту ҥрдісіне оқушыны педогогтық 
мақсатқа лайықты тәрбиелік қатынасқа қосу; 
- жаңа білімді табу ҥрдісіне мҧғалім мен оқушы арасында, 
оқушылар арасында диологтік қатынасты қамтамасыз ету. 


96 
Демек, пікірсайысы технологиясы қҧқықтық мемлекеттің 
білім беру жҥйесінің басты міндетін – демократиялық қоғамның 
интелектуалды әлуетін білікті, жоғары мәдениетті, оралымды да 
ақылды, мақсатты, батыл да еркін азаматты даярлауды мақсат 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет