9
ететін заттардың (ерте таңертең немесе тамақтан кейінгі уақыт) жиналуының тәуліктік
серпінін де ескереді. Дәрілік өсімдіктерді дайындау уақыты географиялық аймаққа және
олардың өсуінің климаттық жағдайларына, сондай-ақ экономикалық және экологиялық
факторларға байланысты. Өсімдіктердің сапалық және сандық құрамына, олардың нақты
орта жағдайларына бейімделуіне жауапты биологиялық белсенді қосылыстардың белгілі
бір топтарының басымдығына
өсу ортасы жауапты екенін түсіну қажет.
Қазақстан Республикасында тұздалған жерлердің үдемелі таралуына және
экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты
жыл сайын жер шөлейттенуге
ұшырауда. Шөлейттену процестеріне, әсіресе, Арал теңізі, солтүстік-шығыс Каспий маңы
мен Балқаш маңы аймақтары бейім және қазіргі уақытта жер деградациясы республика
аумағының 60% - дан астамын қамтиды. Бұл топырақтарда қыналар, солеростар, шөлді
өсімдіктер отырғызылады. Солеростарға немесе галофиттерге, мысалы, кермек
тұқымының өсімдіктері т.б жатады. Олар экстремальды
жағдайларда өзіне назар
аударады, сонымен қатар ертеде халық медицинасында кеңінен қолданылатын өсімдіктер
ретінде үлкен қызығушылық тудырады. Галофиттердің топырақтағы тұздардың жоғары
концентрациясына тұрақтылығы осы өсімдіктерге тұздың әсер ету кезінде әртүрлі
қосылыстарды жинақтауға, бірінші кезекте полифенолды табиғаттың қосылыстарын
жинауға қабілеттілігімен тығыз байланысты. Ең жоғары антиоксиданттық қасиеттерді
көрсететін және жоғары тиімді табиғи антиоксиданттар болып табылатын өсімдіктердің
полифенолдары оң мәнге ие, себебі олар өсімдіктердің ортаға бейімделу өзгергіштігінің
және экстремалды жағдайларына бейімделу факторларының бірі болып табылады.
Физиологиялық
концентрациялар
шегінде
фенолды
қосылыстар
жасушалық
мембраналарды тұрақтандырады, ал олардың жоғары
протекторлық белсенділігі
мембраналардың зақымдануға төзімділігін арттырады. Флавонолдардың гликозидтері
азоттың бастапқы ассимиляциясы ферменттерін белсендіреді және полифенолоксидаза
мен пероксидаза үшін субстраттар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Белгілі бір
концентрацияда полифенолды қосылыстар өсімдік жасушаларының мембраналарын
тұрақтандыруға қабілетті, сол арқылы негізгі жасушалық компоненттерді зақымдаушы
факторлардан және оларға әсер ететін заттардан қорғайды.
Дәрілік өсімдік шикізатын
жаңа күйінде де, кептірілген және ұсақталған өсімдіктерден жасалған ұнтақтар түрінде де
немесе оларға әсер ететін заттарды алу жолымен де қолданады. Оларды осы
қосылыстардың табиғи кешенінің
құрылымын сақтай отырып, әртүрлі әдістермен күрделі емес өңдеуге ұшыратады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік тізімімен рұқсат етілген дәрілік өсімдік шикізатының
жартысына жуығы медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды құрайды, олар
тұнбалар мен ерітінділер дайындау үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: